Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет81/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   112
academ-sayasat

бес күннен
кешіктірілмей ҚАК-қа 
мынадай құжаттар ұсынылады: 
1)
диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе 
«қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі; 
2)
диплом жұмысын қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі және бағалар 
көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті білім беру бағдарламасы 
бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін немесе біліктілігін беру туралы 
рецензия. 
ҚАК-қа, сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың ғылыми және іс-
тәжірибелік құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес 
пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша іс-тәжірибелік қызметті 
жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нәтижелерін 
енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, минералдар үлгісі, гербарий және 
тағы басқа сол сияқты материалдарда ұсынылады. 
15.1.14 Дипломдық жұмыстарды плагиаттық мәніне қатысты тексеру келісім 
шарт негізінде тиісті мекемелермен жүргізіледі. 
15.1.15 Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс 
бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом 
жұмысын қорғауға шыға алады. 
Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды 
берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты қорғай алмайды. 
Білім алушы, рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы 
болған жағдайда да дипломдық жұмысты қорғауға жіберіледі. 
15.1.16 Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын 
жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге 
асырылады. 
15.1.17 Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі университет 
басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр студентке 
дербес бекітіледі. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 122-беті 
Дипломдық 
жұмыстардың 
рецензенттері 
университет 
ректорының 
бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі, білім беру бағдарламалары 
бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы 
бойынша базалық білімі көрсетіліп бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы 
бойынша жалпы тізіммен бекітіледі. 
15.1.18 Кешенді емтихандар (бейінді пәндер немесе білім беру бағдарламалары 
бойынша) ауызша, жазбаша, олардың кәсіптік оқу бағдарламаларының көлемі 
бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі. 
15.1.19 Білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтиханға енгізілген 
пәндердің оқу бағдарламалары негізінде университеттің әзірлеген бағдарламалары 
бойынша өткізіледі. 
Білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан бағдарламасы 
университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. 
15.1.20 
Бейіндік пәндер бойынша кешенді емтихандар үлгілік оқу 
бағдарламалары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі. 
15.1.21 Университет кешенді емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын 
және олардың (ашық, жабық, біріктірілген) тест түрлерін, тестілеуді өткізу 
технологиясын өзі дербес әзірлейді және бекітеді. 
15.1.22 Диплом жұмысын қорғау ҚАК-тың ашық отырысында оның 
мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады. 
Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір 
студентке 50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға ҚАК алдында дипломдық 
жұмысы туралы баяндама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі. 
15.1.23 Кешенді емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың 
нәтижелері бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі 
бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және іс-
тәжірибелік дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері 
назарға алынады. 
15.1.24 Кешенді емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың 
нәтижелері олар өткізілген күні ҚАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң 
жарияланады. 
15.1.25 ҚАК-тың барлық отырыстары хаттамамен рәсімделеді. ҚАК 
отырысының хаттамалары ҚАК жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке 
кітапшада нөмірленіп, бумаланады және оқу-әдістемелік басқарманың мөрімен 
бекітіледі. ҚАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 123-беті 
Кешенді емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан 
ведомосы негіз болады. 
Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына 
бекітілген ҚАК хатшысы толтырады. 
Хаттамаға кешенді емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда 
анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен ҚАК 
мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер ҚАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның 
қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға 
жазады және өзі қол қояды. 
Хаттамада «бакалавр» дәрежесін немесе біліктілік беру, сондай-ақ студентке 
қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі. 
15.1.26 Диплом жұмысын (жобасын) қорғау кешенді емтихан бағалары туралы, 
сондай-ақ, дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе/және мемлекеттік үлгідегі 
(үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім ҚАК мүшелерінің отырысына 
қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы 
қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда ҚАК төрағасының дауысы 
шешуші болып табылады. 
15.1.27 Хаттамаға ҚАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол 
қояды. 
15.1.28 Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар 
туралы» заңына сәйкес ҚАК-тың хаттамалары Университеттің мұрағатында 
сақталады. 
15.1.29 Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен 
келмеген студент ҚАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті 
растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсырады немесе 
дипломдық жұмысты (жобаны) ҚАК-тың басқа отырысы болған күні қорғайды. 
15.1.30 Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, 
аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне 
болады. 
Апелляция өткізу үшін университет басшысының бұйрығымен біліктілігі 
аталған білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін тәжірибелі 
оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады. 
Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда ҚАК мәжілісінің хаттамасы 
қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға 
___________ №_________ хаттамамен қайта қаралды _______бет» деген жазумен 
өзгертіледі және оған ҚАК мүшелерінің бәрі қол қояды. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 124-беті 
15.1.31 
Денсаулық 
жағдайы 
туралы 
ҚАК-ға 
ұсынылған 
құжаттар 
қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін қарастырылмайды. 
15.1.32 Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға 
және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді. 
15.1.33 «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға кешенді 
емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын қайта қорғауға, 
қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді. 
15.1.34 Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп 
есептелген жағдайда, ҚАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен 
қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді. 
ҚАК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады. 
15.1.35 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, 
қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау