Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет77/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   112
academ-sayasat

14.13 ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ 
 
14.13.1. Білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын 
немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру 
ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға және кредиттерді меңгеруге, өзі оқитын жоғары 
және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде 
қайта сынақ тапсыруға, орташа үлгерім балын көтеруге (GPA), аралас немесе 
қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде екі дипломдық білім беру 
шеңберіндегі білім беру бағдарламасын игеруге деген қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр ұйымдастырылады. 
Оның 5 аптасы – теориялық оқу, 1 аптасы – қорытынды бақылау (емтихан 
сессиясы). Жазғы семестрге білім алушының оқу бағдарламасын игермеген пәндері, 
сондай-ақ басқа мамандықтар мен басқа Университеттердің студенттеріне арналған 
пәндер енгізіледі. 
14.13.2.Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі өту 
балын жинай алмаған білім алушы үшін оның үлгерімінің орташа балын (GPA) 
көтеру мақсатында жазғы семестрде жекелеген пәндерді ақылы негізде қайтадан 
оқуға және қайтадан емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі 
14.13.3. Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы негізде жүргізіледі. 
14.13.4. Жазғы семестрде оқыту тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Жазғы 
семестр білім алушыға пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз F бағаны жоюға, оқу 
жоспарындағы пән айырмасын тапсыруға, пререквизиттерді өз уақытында оқыту 
есебінен жеке жоспарға түзетулер енгізуге, үлгерімнің орташа балын (GPA) 
көтеруге мүмкіндік береді. Жазғы семестр кезінде талап етілетін кредиттерді игеру 
үшін білім алушының кредиті 18 кредиттен аспауы тиіс және ол жазғы семестр 
басталмастан бір апта бұрын тіркелуі қажет. 
14.13.5. Емтиханды қайта тапсырып, оң нәтиже көрсеткен жағдайда қорытынды 
баға қайтадан есептеліп, емтихан ведомосына, сынақ кітапшасына және транскрипт 
құжатына қойылады. Үлгерімнің орташа балын есептеу барысында оқу пәні 
бойынша соңғы бағалар қойылады. 
14.13.6. Белгілі бір пәнге тіркелген білім алушылар тобына арнайы сабақ 
кестесі түзіледі, ал егерде топтағы білім алушылардың саны 5-тен кем болған 
жағдайда сабақ жеке кесте бойынша жүргізіледі. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 117-беті 
14.13.7. Өту балының ең төменгі көлемін жинаған білім алушылар факультет 
деканының (жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі директорының,) ұсынысы 
негізінде университет басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. 
14.13.8. Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға 
қалдырылады. 
14.13.8. Қайта тапсырылған емтиханнан оң нәтиже алған жағдайда емтихан 
тізімдемесі мен транскриптке жазылатын қорытынды баға қайта есептеледі. 
Орташа үлгерім балын есептеу барысында оқу пәні бойынша соңғы бағалар 
есепке алынады. 
14.13.9. Транскрипте білім алушы игерген барлық оқу пәндері және (немесе) 
қорытынды бақылау (емтихан) бойынша барлық алынған бағалар, оның ішінде 
«қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағалары міндетті түрде 
жазылады. 
14.13.10. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған 
жеке оқу жоспары немесе қайта құрастырылған жеке оқу жоспары бойынша білім 
ала алады. 
14.13.11. Емтихандар қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша 
ұсыныстар емтихандық сессия аяқталғаннан кейін университеттің Ғылыми кеңесінің 
отырысында талқыланады. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау