«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 118-беті
14.14.7.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік
емтихан тапсыру оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес ауызша, жазбаша және тест
түрінде жүзеге асырылады.
14.14.8.Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі университеттің Ғылыми кеңесінің
шешімімен анықталады.
14.14.9.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік
емтиханды қабылдау үшін факультет деканының ұсынысы бойынша құрамында
төрағасы мен мүшелері бар МЕК күнтізбелік жылға құрылады.
14.14.10.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша МЕК төрағасы,
ағымдағы оқу жылының МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан университет
ректорының бұйрығымен бекітіледі.
14.14.11.МЕК отырыстарының кестесін ТО құрады және оны ОжОӘЖ
жөніндегі проректор мемлекеттік емтиханның басталуына
дейін екі аптадан
кешіктірмей бекітеді.
14.14.12.МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы
тиіс.
14.14.13.МЕК отырыстары әр білім алушы бойынша жеке хаттамамен осы
Ереженің 7-қосымшасындағы нысанға сәйкес ресімделеді және оған комиссия
төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелер қол қояды.
14.14.14.МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін
кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы
жүргізеді.
14.14.15.МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік
емтихан басталмастан
бұрын А4 форматында түптеліп, нөмірленіп, бумаланады және ТО-ның мөрімен
бекітіледі.
14.14.16.Егер білім алушы МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның
фамилиясының тұсына «келмеді» деген жазу жазылады.
14.14.17.Апелляция қанағаттанарлық болған
жағдайда МЕК мәжілісінің
хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды
«Баға ________№__________хаттамамен кайта қаралды ____бет» деген жазумен
өзгертіледі және оған қатысқан МЕК мүшелерінің бәрі қол қояды.
14.14.18.Мемлекеттік емтихан нәтижелері Білім алушылардың білімін балдық-
рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады
14.14.19.«Қазақстанның
қазіргі заман тарихы» пәнінен тапсырылған
мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша білім алушыларға жіберілу рейтингі
бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып,
қорытынды баға
қойылады. Жіберілу рейтингісінің бағасы мемлекеттік емтихан бағасы пән бойынша
қорытынды бағаның кемінде 30%-ын құрайды
14.14.20. Білім алушы "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша
мемлекеттік емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, ол ақылы түрде
келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге қайта жазылып оның
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 119-беті
барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап,
мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.
14.14.21. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік
емтиханнан алған оң бағаны көтеру мақсатында
қайта тапсыру осы Ереженің
3.14.22-тармағына сәйкес ұқсас рәсім бойынша жүзеге асырылады.
14.14.22.Білім алушы мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе,
емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей МЕК апелляция беруіне
болады.
14.14.25.Апелляция өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен аталған
пән бойынша тәжірибелі оқытушылардан «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні
бойынша апелляциялық комиссия құрылады.
14.14.26.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік
емтиханды тапсырудың нәтижелері оны тапсыру
қаралған сол емтихандық
сессияның қорытындысын шығару кезінде есепке алынады.
14.14.27. Мемлекеттік емтихан аяқталған соң МЕК төрағасы МЕК-тың жұмысы
туралы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланады және
бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: