КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім білім бөлімі басшысы беру орталығы директорының м.у.а.
_____________Л.Ш.Утеулиева ___________С.Е.Сейтказиева
15.01.2016 жыл 15.01.2016 жыл
«Көшбасшы мектебі» клубы
Негізгі ережелер
«Көшбасшы мектебі» клубының тұжырымдамасы оқушылардың зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту аясындағы мектеп саясатының міндеттерін, негізгі бағыттарын, басымдылықтары мен жалпы стратегиясын белгілейтін құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасы Конституциясы;
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі»;
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі»;
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Діни сенім еркіндігі және діни бірлестіктері туралы» Заңы;
Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсанындағы № 410 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы;
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 85, 87, 89 қадамдары;
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген «Тәрбие тұжырымдамасы».
Тұжырымдама «Көшбасшы мектебі» клубы қызметінің миссиясын, мақсатын, міндеттерін, ұстанымдарын белгілейді.
«Көшбасшы мектебі» клубы қызметін ұйымдастыру барысында қажетті құжаттар тұжырымдама негізінде жасалынады.
«Көшбасшы мектебі» клубының мақсаты, міндеттері, миссиясы
«Көшбасшы мектебі» клубы - көшбасшылық қасиеттерін дамыту, жеке тұлғалық және іскерлік нәтижелілігін көтеру мақсатында жаңа интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы оқыту жобасы. Клуб мүшелері – еліміздің ғылым мен инновациялық экономика саласындағы сұранысы бар менеджерлер, болашақ жас мамандар.
Біздің қоғамдағы сапалы түбегейлі өзгертулер олардың жеке тұлғалық қабілеттері мен бағыттылығына байланысты. Мектептің жұмысына қатысуы көшбасшы ретінде сезінуіне және белсенді азаматтық көзқарасын іске асыруға мүмкіндік береді. Жасөспірімнің басқарушылық қызметті орындауға деген талпынысы, оның әр түрлі жағдайда топты нәтижелі басқару және де жеке тұлғаның өсуіне негіз болатын арнайы білім мен біліктіліктерді меңгеру қажеттілігін тудырады.
Бұл міндеттер «Көшбасшы мектебі» тәжірибеде көшбасшылық көзқарасты қалыптастыру мен танытуға, әрбір мүшенің көшбасшылық қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған балалар мен ересектердің қауымдастығы.
«Көшбасшы мектебі» клубы миссиясы
Азаматтық және гуманистік бағыттылығында жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Көшбасшы мектебі» міндеттері
Мектеп жұмысының бағытына қарай мүшелерін қатыстыру арқылы олардың көшбасшылық көзқарасын қалыптастыру және өз бетінше жетілуге деген қажеттілігіне жағдай жасау.
Жастардың балалар мен жасөспірімдер ұйымдары мен одақтарының көшбасшылары ретінде шығармашылық пен интеллектуалды әлеуетін дамыту.
Көшбасшыларды, заманауи жағдайларында өзіне-өзі көмек көрсету әдістеріне адамдарға ықпал ету, қарым-қатынас жасаудың психологиялық мәдениеттің технологияларын үйрету.
Мектеп қызметінің мазмұны және бағыты, негізгі ұстанымдары
Мектептің қызметінің негізгі ұстанымдары:
-Тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің жоғары даралығы (оқыту мен тәрбиелеу ұзақтығын, жылдамдығын, әдіс-тәсілдерін таңдау мүмкіндігі)
- Оқушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыру
- Өзін-өзі басқаруға, шығармашылық тұрғыда өзін танытуға, мүмкіндік тұғызу
- Интерактивті оқыту
- Ұжымдық сезімдерін тәрбиелеу
- Жайлы жағдай жасау,
- Еркін қарым-қатынас жасауына жағдай туғызу
- Адами бағыттылығы
- Еріктік
- Шығармашылық
Мектеп кеңістігін үш кеңістікте жүргізеді:
- Оқу көшбасшылық басқару, өз бетінше ұйымдастыру мәселелеріне арналған оқу-тәжірибелік сабақтарының негізінде құралады.
- Қызметтік- алынған білім мен біліктіліктерінің негізінде нақты әлеуметтік жобаларды іске асыру болып табылады.
- Рефлексивтік-талдау мен рефлекция технологияларын меңгеру, өзінің тәжірибесіне талдау жасау
Оқу блогының мазмұны көшбасшылықты топтық өмірдің құбылысы (көрінісі) ретінде қарастырады.
Оқу блогына келесі бөлімдер кіреді:
Көшбасшылық топтың өмірдің құбылысы (көрінісі);
Көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру және диагностикалау;
Көшбасшылық топтың құрылымдағы рөлі.
Мектептің оқу бағдарламасын негізгі қызметке зиян келтірмейтіндей етіп меңгеруіне негізделген.
Мектеп жұмысының бағдарламасы табысты көшбасшылармен кездесуді ұйымдастыруды жоспарлаған:
Көшбасшыларға қойылатын бес дәстүрлі сұрақтар (мектеп қонақтары)
1.Көшбасшының бойындағы негізгі қасиеттер:
2.Көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін өздігінен жетілудің негізгі жолдары
3.Көшбасшы болып туыла ма, жоқ жүре пайда бола ма?
4.Көшбасшы үшін жағымсыз қасиеттер
5.Көшбасшы болған қандай?
Көшбасшы мектебінің қызметі мектеп оқушыларының ішінен осы бағытта өздігінен жетілуге ниеті бар оқушылардың санын көбейтуге негізделген.
«Көшбасшы мектебі» клубы құрылымы
Мектеп – жасөспірімдердің шығармашылық (ептестіргіш-свободное), ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу үшін құрылған еркін шығармашылық бірлестігі.
-
«Көшбасшы мектебі» клубы кеңесі
|
-
Жобаны іске асырушы – мектеп қызметкерлері және «Көшбасшы мектебі» клубының мүшелері
|
Мектептің өз ұраны, өз эмблемасы, ережесі, мектеп мүшелерінің құқығы мен міндеттері туралы Декларациясы, заңдары, жұмыс жоспары бар.
Күтілетін нәтиже:
- Бәсекелестікке қабілеттілігінің жоғарылауы;
- Табысқа жетуге бейімделуі;
- Жеке тұлғаның табыстылығының өсуі, жеке тұлғаның өсуі;
- Еркіндік алуы, тосқауылдың алынуы;
- Өзіндік реттеу техникасын меңгеру, басқару технологиясын меңгеру;
- Экономикалық барлау технологиясын меңгеру;
- Әлеуметтік шынайлылықты ұғыну;
- Іскерліктің шынайылығын ұғыну;
- Ақшаның табиғатын ұғыну;
- Өзін-өзі анықтау (байқау), өзін-өзі тану, табысты әлеуметтену.
Ескерту:
«Көшбасшы мектебі» клубының құрамы:
1.Оқушылар саны: 10-15 (3-10 сынып оқушылары);
2.Мектеп директоры;
3.Вариативті сағаты бар, «Мәңгілік Ел», «Көшбасшы мектебі» бағдарламасымен жұмыс жасайтын мұғалімдер;
4.Тарих пәні мұғалімі;
5.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
6.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ескерту. 2016 жылға арналған «Көшбасшы мектебі» клубының бұйрығы 21.01.2016ж дейін «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығына өткізілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |