Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет38/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   112
academ-sayasat

Басты мәзір: 
-
Оқу аудиториясы - оқу үдерісінің негізгі бөлімі. Оқытушылар мен білім алушылар 
арасында байланысты жүзеге асырады. Білім алушы мамандықтың оқу-әдістемелік 
кешенін (МОӘК), пәндердің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК, лекциялар жинағын, 
практикалық (семинар), зертханалық жұмыстарды, бейне материалдарды, кейстерді, 
т.б.) таба алады. Сондай-ақ тестілеу де осы интерфейсте жүргізіледі. 
-
Журнал, білім алушылар үлгерімі қарастырылған; 
-
Жеке оқу жоспары– пәнге тіркелу: 
а) міндетті пәндер; 
ә) элективті пәндер тізімі; 
б) диплом және курстық жұмыстардың тақырыбы 
в) білім алушы өтетін пәндерінің тізімін көре алады, әдіскердің көмегі арқылы 
өзінің жеке оқу жоспарын құрады: 
-
академиялық күнтізбе; 
-
транскрипт; 
-
аппеляция; 
-
сауалнама; 
-
хабарламалар – білім алушымен оқытушы-тьютор арасындағы байланыс, 
жеке хабарламалар: 
а) хаттар; 
ә) тапсырмалар; 
б) хабарландырулар топтамасында: анықтама-таныстырғыш; студенттің 
«PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс жасауға арналған 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 60-беті 
нұсқаулық, онлайн-консультация, файлдармен алмасу, жазғы семестр туралы 
ақпарат, емтихан сессиясының кестесі қарастырылған

8.2.3 Университетте ҚБТ бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда ғы талаптар: 
-
телекоммуникациялық желіге шығу мүмкіндігі бар жабдықтық (Интернет); 
-
оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған мультимедиалық 
сыныптар мен электрондық оқу залдары; 
-
оқу контенті (ПОӘК электронды және қағаз жүзінде); 
-
желілік оқу медиа контенті (жекеменшік немесе сатып алынған) 
-
жекеменшік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа 
зертханалар; 
-
тестілеу кешені; 
-
оқытуды басқарудың желілік жүйесі (Learning Management System - LMS). 
8.2.4 Кейс және желілік технологияда пәннің электрондық оқу-әдістемелік 
кешені міндетті және қосымша жиынтықтардан тұрады. 
Міндетті жиынтық: 
1)
пәннің мазмұнын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, ұсынылатын 
әдебиеттер (негізігі және қосымша) тізімін, пәнді модульдерге бөлінетін 
силлабусты; 
2)
дәрістің электрондық конспектісін; 
3)
практикалық және семинар сабақтарының материалдарын; 
4)
студенттің өзіндік жұмыс (СӨЖ) мен оқытушының жетекшілігімен 
орындалатын өзіндік жұмыс (ОСӨЖ) тапсырмаларын; 
5)
аралық бақылауды ұйымдастыру материалдарын (бақылау жұмыстары, 
тестілеу тапсырмалары, жеке тапсырмалар); 
6)
қорытынды бақылау ұйымдастыру материалдарын (тест тапсырмалары, 
емтихан сұрақтары, билеттер, т.б.). 
7)
қашықтықтан консультациялар жүргізу кестесін қамтиды. 
Қосымша жиынтық: 
1)
курстық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауын; 
2)
комьютерлік оқыту бағдарламаларын: репетиторлық, анықтамалық-
әдістемелік материалдар мен электронды оқулықтарды қамтиды. 
Электронды оқу-әдістемелік кешендерді оқытушы жеке жүктемесінде 
бекітілген пәндер бойынша дайындайды

8.2.5 ҚБТ білім алушылардың мынадай санаттарына қолданылады: 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтың 2020 
жылғы 14 наурыздағы №108 бұйрығына сәйкес «Сырдария» университетінің 
күндізгі бөлімде оқитын 2174 студенті, (оның ішінде 441 бітруші іс-тәжірибеде) 
қашықтықтан оқыту әдісіне ауыстырылды. 
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру 
базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары және MBA (ЕМВА) және 
DBA бағдарламалары бойынша білім алушыларға; 
2) ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға, оның ішінде мүгедек балаларға, 
бала кезінен мүгедектерге, I және II топтағы мүгедектерге барлық білім беру 
деңгейлеріндегі топтарға; 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 61-беті 
3)
жоғары және (немесе) жоғары білім беруден кейінгі білім бағдарламалары 
бойынша білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс 
жерлерге шыққан, "Болашақ" стипендиаттарынан бөлек білім алушыларға; 
4)
жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді 
шетелдік іссапардағы (2 айдан астам уақыт) білім алушыларға; 
5)
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша 
академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларға; 
6)
мекемелердегі тиісті техникалық жағдайларға байланысты минималды 
қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты. 
7) ҚБТ формальды емес, қосымша білім беру, қайта даярлау және біліктілігін 
арттыру, оның ішінде шет тілдеріне қатысты пайдаланылады. 
8.2.6 «Сырдария» университетінде қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша 
оқу үдерісін ұйымдастыруда келесі принциптер сақталуы тиіс: 
- оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметтерінің бірлігі; ұжымдық 
немесе жекеленген оқыту түрін қолданып, оларды біріктіруі; 
- оқытудағы дәйектілік пен жүйелілігі; - білім беру қорларының қолайлылығы; 
- гуманитарлық сипаттағы және оқыту мен білім беру процесінің жеке тұлғаға 
бағытталуы; 
- білім алушылардың жекеленген шығармашылығын көрсетуі және дамытуы, 
білімді меңгеріп алуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауы; 
- оқыту жүйесінің барлық кешендеріне: оқыту құралдары, оқытудың ұйымдық 
түрлері мен әдістері, мазмұны, мақсатына әсер ететін, жаңа ақпараттық 
технологияларды қолданудың мақсаттылығы; 
- қиянатшылдық пен оқытуды бұрмалау және т.б. шығарып тастау, жалған 
ақпараттардың таралуын, құпия ақпараттардың сақталуына қатысты, шаралардың 
кең спектрін қоса алғандағы, қауіпсіздік. 
8.2.7 ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін университеттің 
функциясы: 
1)
оқытушыларды, тьюторларды қашықтықтан білім беру технологияларын іске 
асыру бойынша оқытуды ұйымдастырады; 
2)
білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін педагогикалық 
қызметкерлерге, профессорлық-оқытушылық құрамға жағдай жасайды; 
3)
білім алушыларға оқу материалын ақпараттық технологиялар немесе қағаз 
тасымалдағыштар арқылы жеткізеді; 
4)
«on-line» режимінде кеңес беруді ұйымдастырады және өткізеді; 
5)
«off-line» режимінде білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады; 
6)
«on-line», «off-line» режимінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін 
бақылайды; 
7)
аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың тұлғасын сәйкестендіреді. 
8.2.8 ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушы «Сырдария» 
университетінің ректорының атына оқу үдерсінде ҚБТ-ын пайдалану мүмкіндігі 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 62-беті 
туралы уәждемелі негіздемелері келтірілген және растаушы құжаттарды ұсына 
отырып өтініш жазады: 
-
мамандығы бойынша жұмыс істейтін тұлғалар үшін жұмыс орнынан 
анықтама; 
-
мүгедек 
балалар 
үшін 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультация ұсынымы. 
8.2.9 Өтінішті білім беру ұйымының басшысы бес жұмыс күні ішінде 
қарастырады. «Сырдария» университетінің ректорының бұйрығы білім алушы 
қолданатын ҚБТ-ын көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде шығарылады. 
8.2.10 Бұйрыққа: 
1) білім алушының өтініші; 
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарлары; 
3) әрбір білім алушының оқу қызметін ұйымдастыратын жеке кестені; 
4) мүгедек балалардың ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы 
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы; 
Қашықтықтан оқыту факультеті үш жұмыс күні ішінде білім алушыларды 
оқытуда ҚБТ-ын қолданылатын оқу үдерісінің жоспарымен және кестесімен 
таныстырады. 
8.2.11 Оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады және академиялық 
күнтізбеге сәйкес аяқталады. 
8.2.12 Қашықтықтан оқыту факультеті: 
-
оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, ҚБТ-ға байланысты 
құжаттаманы жүргізеді; 
-
барлық бақылау құжаттарын жинақтайды (бақылау және курс жұмысы, эссе, 
рефераттар және т.б.); 
-
білімді бақылаудың тестілеу жүйесіне және басқа да құралдарға әкімшілік 
етеді, қашықтықтан білім беру технологиялары үшін ақпараттық ресурстарды 
пайдалану әдістемесін әзірлейді; 
-
білім алушыларға қазіргі заманғы қолжетімді барлық телекоммуникациялық 
құралдарды пайдалана отырып, оқу процесіне қатысушылардың өзара әрекет етуі 
арқылы әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді. 
8.2.13 
Оқу-әдістемелік басқарма ҚБТ-ның электрондық оқулықтарды
мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдары мен басқа бақылау түрлерін 
әзірлеуге, алу мен игеруге консультативтік көмек көрсетеді. 
8.2.14 Компьютер орталығы Қашықтықтан оқыту факультетімен бірге 
қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын 
әзірлеуге, игеруге және қолдауға белсене қатысады. 
Әдіскер - оператор қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша: 
-
білім алушылардың білім траекториясын қалыптастыруға көмектеседі; 
-
білім алушының үлгерімін жүйелі түрде бақылап отырады; 
-
топқа немесе жеке білім алушыға кеңес береді; 
8.2.15 Білім беру қызметінің барлық түрлері: 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 63-беті 
1)
педагогикалық қызметкердің немесе тьютордың білім алушылармен 
телекоммуникациялық құралдары немесе университеттегі тікелей байланысы 
негізінде орнатқан педагогикалық қатынасы (білім алушының бастамасы бойынша); 
2)
білім алушының оқыту құралдарымен орындаған өзіндік жұмысы (ОӘК, 
қосымша әдебиет) арқылы жүзеге асырылады. 
Кейстік технологияда Интернетке шығу мүмкіншілігі жоқ білім алушыларға 
пән бойынша кейс әзірленеді. Кейстер ақпараттық технологиялар немесе қағаз 
тасымалдағыштарға жазылады. Кейске ПОӘК-нің міндетті және қосымша 
жиынтықтары кіреді. 
8.2.16 Оқытудың желілік технологиясы бойынша оқыту «оn-line», «off-line» 
режимінде оқу үдерісінің жеке кестесіне сәйкес өткізуге негізделген. 
Жеке кестеде - «оn-line» кеңес уақыты көрсетеледі, яғни, «Оn-line» режимінде 
оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудын өзара іс-әрекеті процесін 
қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон 
аппараты арқылы келіссөздер). 
«Оff-line» режимінде оқытушы оқу материалдарын меңгеру және орындау 
уақытын анықтайды, яғни, «Оff-line» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім 
алушы арасындағы асинхронды жұмысы (электрондық пошта, кейіннен аралық 
және қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім 
алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады. 
Оn-line 
және 
off-line 
оқу 
сабақтарын 
ұйымдастыруда 
«Moodle» 
автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде көрсетілген хабарландырулар, хаттар, 
тапсырмалар, чат, оқу аудиториясы туралы мәліметтер қолданылады. 
8.2.17 Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау 
оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес 
жүзеге асырылады. 
8.2.18 Үлгерімді ағымдық бақылауды және аралық аттестаттауды өткізуге 
рұқсат мынадай жағдайларда беріледі: 
1)
телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен қоса оn-line режимінде 
білім алушы мен оқытушының тікелей қатынасы орнатылса; 
2)
автоматтандырылған тестілеу кешендері бар болса; 
3)
жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру (кейстік технология) жүргізілсе. 
Білім алушының үлгерімінің ағымдық бақылауының нәтижесі off-line 
режимінде орындаған білім алушының практикалық (семинар), зертханалық, өзіндік 
және басқа жұмыстарына оқытушының қойған бағасы болып табылады. 
Оқытушыларға жұмыстарды жеткізу: 
-
желілік технология бойынша білім алушы «Platonus» автоматтандырылған 
ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы Хабарламалар сілтемесі арқылы > 
Хаттар; 
Теориялық курсты аяқтаған соң емтихан кестесіне сәйкес аралық аттестаттауды 
«Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде «Оn-line» режимінде немесе 
білім алушының тікелей қатысуымен «Сырдария» университетінде өткізіледі. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 64-беті 
Қорытынды аттестаттау (диплом жұмысын қорғау, мемлекеттік емтиханды 
тапсыру) білім алушының тікелей қатысуымен «Сырдария» университетінде өтеді. 
8.2.19 Университет білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау мен аралық 
аттестациялауды электрондық әдістерді қолдану арқылы жүйеге рұқсатсыз кіру мен 
бұрмалаудан қорғалған, кіру шектелген және тәуелсіз бағалайтын ақпараттық жүйе 
негізінде ұйымдастырады. 
8.2.20 Аралық аттестаттау академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі. Білім 
алушы пән бойынша аралық аттестаттауға: 
- оқу жұмысы бағдарламасы белгілеген барлық бақылау іс-шараларын 
орындағаннан және тапсырғаннан кейін; 
-
әрбір межелік бақылауда (М1,М2) ең жоғары балдың кемінде 50%-н алған 
жағдайда; 
-
білім беру қызметін көрсетуге арналған келісімшарт сәйкес төлем ақысын 
төлеген жағдайда жіберіледі. 
Ағымдық бақылау нәтижесі бойынша белгіленген рейтингтік балды жинай 
алмаған немесе курстық жұмысты (жобаны) орындамаған білім алушы сол 
модульден (пәннен) емтихан тапсыруға жіберілмейді. 
Білім алушылардың оқудағы жетістіктері 100 балдық шек (балдық-рейтингтік 
жүйемен) және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік 
жүйемен 
бағаланады 
(оң 
бағалар 
А-дан 
D-ға 
дейін 
азаю 
арқылы, 
«қанағаттанарлықсыз» - F) (қосымша 1). 
ҚБТ бойынша мемлекеттік емтихандар, курс жұмысын және диплом жұмысын 
(жоба) қорғау университетте білім алушының тікелей қатысуымен (көпшілік 
алдында) өткізіледі. 
8.2.21 Кәсіптік іс-тәжірибе академиялық күнтізбеге сәйкес университет 
дайындайтын мамандықтардың ерекшелігіне қарай жүргізеді. 
Білім алушы мамандық бойынша жұмыс істесе (жалпы орта білім беру 
мектептерінде, колледждерде, мекемелерде) іс-тәжірибеден босатылады, сонымен 
бірге, университетке жұмыс орнынан кәсіби қызметі көрсетілген анықтама мен 
мінездеме тапсырады. 
Кәсіптік практиканың мазмұнын «Сырдария» университеті әзірлеген «Кәсіптік 
практиканы ұйымдастыру және өткізу»УЕ-05-19 университет ережесі анықтайды. 
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау 
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізу» 
УЕ-08-19 университет ережесіне сай жүзеге асырылады. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау