СалықТЫҢ есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері


Салық есебін дұрыс ұйымдастырудың әдістемесін әзірлеп ұсыну



жүктеу 1,39 Mb.
бет11/18
Дата21.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#34022
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
диплом салык

3.2 Салық есебін дұрыс ұйымдастырудың әдістемесін әзірлеп ұсыну
Əдістемелік нұсқауларда Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес əзірленген салық есептілігі нысандарын толтыруға (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы «8» қарашадағы № 1310 Қаулысымен бекітілген салық есептілігін (декларацияны) жасау ережелері) қатысты маңызды мəселелер қарастырылуы керек.

Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қаржылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағымдағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін алдағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет.

Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытталуы тиіс.

Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұрақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады.

Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақсатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акцияларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жұмысы бірінші кезекте қаржылық қорларды дамыту үшін бағытталады, осыдан кәсіпорынның қаржылық жағдайын арттыру, яғни инвестицияларды тарту және рентабельділікті көтеру мақсаты көзделеді.

Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жолдарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Лизингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құралдарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды іске асыру мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады [25].

Меншікті капиталдың жетіспеушілігін азайтудың бір жолы ол – оның айналымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.

Меншікті қаржы ресурстарынының көлемін арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарының бірі өндіріс табыстылығын арттыратын ішкі резервтерді іздеу болып табылады.

Оған өндіріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемді пайдалану жатады [24].


Салық төлеуші (салық агенті) ҚР СК 56 бабының 4 тармағына сəйкес салық есебі саясатын өздігінен əзірлейді жəне бекітеді. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде салық есебінің ұйымдастырушылық, техникалық жəне əдістемелік аспектілері белгіленген жəне негізделген болу керек (сурет 5).
Сурет 5 - Салық есебі саясатының аспектілер құрылымы

Ескерту - Автормен арнайы əдебиет негізінде құрастырылған [121]


Бухгалтерлік есеп саясатының, əрі салық есебі саясатының қалыптасу принципі біреу – есептің əдістемелік жəне ұйымдастырушылық- техникалық тəсілдерін анықтау (сəйкесінше бухгалтерлік жəне салық).

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш мәселе кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы міндеттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелерді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпорынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді.

Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі мәселенің (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мерзімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты.

Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға көмектеседі.

Қаржылық есеп беру экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде пайдаланушыларға қажет болатын кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы мен қызметінің нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы ақпараттың құрылымдылық ұсынуы. Сонымен қатар қаржылық есеп кәсіпорынның ресурстарын басқару бойынша басшылықтың қызметінің нәтижесін көрсетеді. Сілтемеде көрсетілген ақпаратпен бірге берілген ақпараттар қаржылық есептілікті пайдаланушыларға кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысын болжауға, ақшалай ағымдардың пайда болу уақытын және анықтамалық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Қаржылық есеп кәсіпорыннның келесі көрсеткіштері туралы ақпарат береді: активтері, міндеттемелері, өзіндік капитал, табыс және шығыс, ақша қаражаттарының қозғалысы.

Салық есебі тіркеліміндегі қателікті түзету негізделген жəне түзету енгізген тұлғаның қолы қойылған, енгізілген түзету күні мен негіздемесі көрсетілген болу керек. Есеп Салық Кодексімен белгіленген тəртіпке сəйкес салық базасының өлшемінің өзгеруіне əкелетін немесе əкеле алатын шаруашылық қызмет фактілерін хронологиялық тəртіпте үздіксіз көрсетуді қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылады.

Ұйым мүліктерінің қалыптасу көздеріне меншікті капитал (жарғылық қор, резервтік қор, пайда және зиян), қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер жатады.

Жарғылық қор кәсіпорын құрған кезде оның мүлкіне қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық қорды белгілеу және қалыптастыру тәртібі ұйымның құқықтық нысанына байланысты болады.

Жарғылық қорды аудиттеу кезінде бірінші кезекте келесі жағдайлар қарастырылады:

- жарғылық қор көлемінің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуы;

- жарғылық қор көлемінің өзгеру ықтималдылығы;

- қаржылық есепте жарғылық қордың көлеміне ықпал ететін операцияларды көрсетудің және бухгалтерлік жазулардың дұрыстығы.

Жарғылық қорды аудиттеу кезінде тексеру төмендегідей тәртіппен, яғни бағдарламамен жүргізілуі тиіс:

- баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру;

- жарғылық қор қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру;

- жарғылық қорды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру;

- құрылтайшылардың жарнасын кіріске алудың толықтылығы мен мерзімділігін тексеру;

- жарғылық қор өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру;

- кәсіпорынның жарғылық қорға жарна ретінде салынған мүліктері мен басқа да мүліктік құқықтарын тексеру;

- қолданыстағы заңнамамен салыстырғандағы жарғылық қор есебінде нықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды дайындау және негіздеу.

Ұйым мүліктерінің қалыптасу көздерін тексеру кезінде резервтік қордың жасақталу заңдылығын да аудиттеу өте маңызды болып саналады.

Резервтік қор – іс жүзінде заңмен құрылтайшы құжаттарға сәйкес жоспарланбаған зияндар мен шығындардың орнын жабу үшін жасақталған қор көзі болып саналады. Басқаша айтқанда резервтік қор ұйымның үздіксіз қызмет жасауына кепіл бола алатын, мүдделі жақтардың қызығушылығын сақтауға негіз болатын каптиталдың жинақталуы (қорлануы) болып табылады.

Резервтік қорды аудиттеу кезінде оның қалыптасу көздерінің заңдылығы және оның заңдарға сәйкес қалыптастыру мөлшерлемесі, оның жұмсалу бағыты және баланстағы сомасы қатаң тексеруге алынады.



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау