Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)



жүктеу 26,45 Mb.
бет108/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136
490-бап. Салық кезеңі

Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

491-бап. Салық есептілігі

1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етеді.

2. Төлемақы төлеушілер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей декларация табыс етеді.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

4. Декларациялар салық органына табыс етілгенге дейін cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

 

 

71-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ



 

492-бап. Жалпы ережелер

1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - рұқсат құжатын беретін орган) беретін экологиялық рұқсат (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде жүзеге асырылады.

3. Белгіленген тәртіппен ресімделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, орналастырудың нақты кезеңі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады.

 

493-бап. Төлемақы төлеушілер



1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссия бойынша - бірыңғай жер салығын төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 494-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



494-бап. Салық салу объектісі

Қоршаған ортаға эмиссиялардың:

1) ластаушы заттар шығарындыларының;

2) ластаушы заттар төгінділерінің;

3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;

4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірттің белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

 

495-бап. Төлемақы мөлшерлемелері



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Төлемақы мөлшерлемелері осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.

2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 


Рет



Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

10

 

2.

Азот тотықтары

10

 

3.

Шаң және күл

5

 

4.

Қорғасын және оның қосындылары

1993

 

5.

Күкіртсутек

62

 

6.

Фенолдар

166

 

7.

Көмірсутектер

0,16

 

8.

Формальдегид

166

 

9.

Көміртегі тотықтары

0,16

 

10.

Метан

0,01

 

11.

Күйе

12

 

12.

Темір тотықтары

15

 

13.

Аммиак

12

 

14.

Алты валентті хром

399

 

15.

Мыс тотықтары

299

 

16.

Бенз(а)пирен

 

498,3

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 




р/с

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азот диоксиды

200

6.

Күл

240

7.

Күкіртті сутегі

1240

8.

Меркаптан

199320

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 


Рет



Отын түрлері

Пайдаланылған отынның

1 тоннасы үшін мөлшерлеме

(АЕК)


1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,24

 

5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 


Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері

(АЕК)


1

2

3

1.

Нитриттар

670

2.

Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

0,4

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

0,1

13.

Алюминий

27

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 


Р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:

 

 

1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,19

 

1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:

 

 

1.2.1.

«қызыл» тізім

7

 

1.2.2.

«жақұт» тізім

4

 

1.2.3.

«жасыл» тізім

1

 

1.2.4.

сыныпталмағандар

0,45

 

1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:

 

 

1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):

 

 

1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,002

 

1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,013

 

1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,01

 

1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,019

 

1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,019

 

1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,33

 

1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,001

 

2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):

 

 

2.1.

Трансуранды

 

0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті

 

0,19

2.3.

Бета-радиоактивті

 

0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер

 

0,19

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау