3.4 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша мерзімінде төленбейтін салықтарды азайту
Бюджетке төленетін төлемдер бойынша мерзімінде төленбеген салықтар да бар, оның ішінде заңды тұлғалар бойынша, жеке кәсіпкерлер бойынша және жеке тұлғалар. Бұл үшін мерзімінде төленбеген салықтарды төмендету бойынша болжамдық көрсеткіштердің орындалмауынан да байқалады.
Сәтбаев қаласы бойынша жалпы мерзімінде төленбеген салықтарды құрайтындар: 49 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындар болып отыр. Оның ішінде 19 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтары 11,2 % құрады; жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мерзімінде төленбеген салықтары немесе 42,3 %. 19 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтарын қайтару қиынға соғады, оның ішінде 5 ірі іс-әрекет етпеуші кәсіпорындар бойынша мерзімінде төленбеген салықтары, яғни іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтары сомасынан 70,8%-ті құрайды. Олар мыналар болып табылады.
«Реставрация» ЖШС; «Қаз-экспорт» ЖШС; «Ақ-қайын» ЖШС; «Ақмола» ӨК; «Кеңестік-прафилактикалық кешен».
49 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтарының ішінде 1 кәсіпорынның мерзімінде төленбеген салықтарын қайтару мүмкін емес. Бұл кәсіпорын КМҚК «СУПТ» деп аталады. Сондай-ақ, 1 іс-әрекет етпеуші кәсіпорынның мерзімінде төленбеген салықтары күмәнді болып табылады, бұл кәсіпорын «Еврофактор Сауда Үйі» деп аталады.
Мерзімінде төленбеген салықтар құрамында басым үлес салмақты құрайтындар:
корпоративті табыс салығы - 11,7%;
әлеуметтік салық – 7,5%;
төлем көзінен ұсталатын табыс салығы – 6,1%;
қосымша құн салығы – 56,0%;
Корпоративті табыс салығы
Аса ірі салықты мерзімінде төлемеуші кәспорындар:
«Реставрация» ӨК - (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, төлем қабілетсіз, өткен жылдардың алынбаулары);
«Қаз-экспорт» ЖШС – (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, өткен жылдардағы мерзімінде төленбеген салықтар):
КМҚК «СУПТ» - (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар, қайтарылуы күмәнді, тексеріс актісі бойынша аударылған);
«Еврофактор Сауда Үйі» ЖШС – (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар, қайтарылуы күмәнді).
Әлеуметтік салық
Аса ірі салықты мерзімінде төлемеуші кәспорындар:
ЖШС «Спирт зауыты» - (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар);
«Кеңестік-прафилактикалық кешен» - (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, өткен жылдардағы мерзімінде төленбеген салықтар).
Қосымша құн салығы
Салықты мезгілінде төлмеуші ең ірі кәсіпорындар:
«Реставрация» - (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, өткен жылдардағы мерзімінде төленбеген салықтар);
«Еврофактор Сауда Үйі» ЖШС - (өткен жылдардағы және ағымдағы кезеңдегі мерзімінде төленбеген салықтар);
«Евротехсервис» ЖШС – (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар).
Енді осы аталып өткен салықты мерзімінде төлемейтін ірі кәсіпорындардың салықты төлету әдістері жайында айтып кететін болсақ, онда төлеттіру әдістерімыналар болып табылады:
1) Банктік шоттар бойынша шығыстық операцияларды уақытша тоқтату:
Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциясын тоқтату салық төлеушіге қатысты жүзеге асырылады, оның ішінде мерзімінде төленбеген салықтарды жабуға байланысты шығыс операциялары бір-екі кәсіпорында қайта жандандырылуға болады, мәселен алатын болсақ:
Жеке кәсіпкер Гайдаров С.;
Жеке кәсіпкер Храмов Н.
2) Мүлікті қолдануға шектеу жасау бойынша шешімдер қабылдау:
Мүлікті қолдануға шек қою бойынша шешім қабылдау:
Жеке кәсіпкер Гайдаров С.;
Жеке кәсіпкер Хахонаидзе Г.М. «Сәтбай-су» ЖШС-тің құрылтайшысы ЖК Хахонаидзе Г.М. болып табылатын негізгі құралдары банкке салынғандықтан оның мүлкі тәркіленбіген;
КСК «Қайназар». Бұл КСК иелігіндегі тұрғылықты үйлер коммуналдық меншікте болғандақтан оның мүлкі тәркіленбеген;
ЖК Фреер З.Н. Міндеттемелерді жабу шотына мүлкі тәркіленген оның жалпы сомасы 301,3 мың теңге;
3) Қайтару (төлеттіру) тәсілдері
Жыл басынан бастап салық төлеушілердің есептік шоттарына инкассалық өкімдер қою қажет. 2009 жылдан бастап «Сымбат» КП банкрот деп танылды, оның өтелмеген салығының сомасы 676,1 мың теңгені құрады, сондай-ақ, осы сияқты ЖШС «Эффект-1» - 345,8 мың теңге, ЖК Юсенко Е. – 104,4 мың теңге, КСК «Қайназар» 573,0 мың теңге. Егер де бұлар қарыздарын өтемейтін болса, онда банкротқа ұшырауы мүмкін.
Қарағандылық мамандандырылған экономикалық сотқа мерзімінде төлемейтін салықтар бойынша іс-әрекет етпеуші кәсіпорындарды жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |