Салалық кәсіподақтың халықаралық ынтымақтастықты
дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы туралы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы жаһандану жағдайында халықаралық кәсіподақ қозғалысындағы өз бағыттары мен байланыстарын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Сала кәсіподағы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Халықаралық бірлестігінің (ХКБ), әлемдегі 170 елдің 300-ден астам ұлттық ұйымын 30 млн шамасында кәсіподақ мүшелері қатарымен біріктіретін білім Интернационалының білім кәсіподағы Еуропалық комитетінің (БИ) мүшесі болып табылады.
Тіл, мәдени және басқа да құндылықтар ортақтығын ескере отырып Қазақстанның, Түркияның, Қырғызстан және Әзірбайжан білім кәсіподақтарының бастамасымен 2005 жылы білім кәсіподақтарының Халықаралық Еуразиялық бірлестігі құрылды.
Ұйымдар және бірлестіктермен ынтымақтастық пен іскерлік байланыстар түрлі акциялар, кампаниялар, семинарлар, делегациялар кездесулері мен алмасулар сияқты бірлескен іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Сала кәсіподағы 2002 жылдан 2014 жылға дейін Білім Интернационалының Азия-Тынық мұхит аймағының құрамына кірді. Осы кезеңде сала Кәсіподағы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, кәсіподақ белсенділері халықаралық кәсіподақ қозғалысының тәжірибесін үйрену мақсатында және БИ басшылығының шақыруымен аталған аймақтың кәсіподақтарында болды.
2014 жылы Салалық кәсіподақ білім кәсіподақтарының Еуропалық Комитетіне мүше болып қабылданды. Сол кезден бастап республиканың кәсіподақ қозғалысының лидерлері мен белсенділері Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге, Болгарияға, Түркияға, Израильге, Румынияға, Канадаға, Бельгияға, Сингапурге және Малайзияға барды.
Салалық кәсіподақ төрайымы М.Т.Амантаева 2015 жылдың 18-19 наурызында Брюссель қаласында өткен білім кәсіподағының Еуропалық Комитетінің мәжілісіне қатысты. Комитет мәжілісінде білім ұйымдарын жекешелендіру және коммерциялау мәселелеріндегі кәсіподақ қызметінің стратегиясы ұсынылып талқыланды, жас зерттеушілерді мектепті басқару бойынша да қолдауға декларациялар қабылданып, БКЕК-ке мүше- елдердің әлеуметтік сұхбатын нығайту жөнінде бірлескен бағыттар жасалды.
20015 жылдың 12-17 мамыр аралығында Болгарияның астанасы София қаласында «Подкрепа» Болгария мұғалімдер кәсіподағының есеп беру-сайлау конференциясы өткізіліп, оған кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаров қатысты. «Подкрепа» кәсіподағының басшыларымен кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасау жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізілді.
2015 жылдың 9-14 маусым аралығында Қазақстанға достық сапармен Түркия білім кәсіподағының делегациясы келді. Олар Алматы, Шымкент, Көкшетау және Астана қалаларында болып, Қазақстандық салалық білім кәсіподағы құрылымдық бөлімшелерінің белсенділерімен кездесті.
Өткен жылдың шілде айында құрамында Ақмола, Алматы және Шымкент облыстық кәсіподақ ұйымдарының басшылары бар Қазақстандық салалық кәсіподақ делегациясы жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында Түркия білім кәсіподағында болды.
2015 жылдың шілде айында Канаданың астанасы Отто қаласында «Білім үшін бірігейік: үздік әлем жасауға сапалы білім» ұранымен білім Интернационалының VII Дүниежүзілік Конгресі өткізіліп, оған 1700 делегат пен бақылаушы қатысты. Осы Конгрестің жұмыс мерзімінде алдағы төрт жылға БИ қызметінің басымды бағыттары анықталды, олар: сапалы білімді ілгері жылжыту және қоғамдық білімді қорғау, барлық деңгейдегі әлеуметтік сұхбатты дамыту, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық дүниежүзілік білім кәсіподақтарының бірігуі, әділ және демократиялық қоғамды қалыптастыру. Конгресс жұмысына кәсіподақ төрайымының орынбасары А.М.Мұқашева және халықаралық жұмыс жөніндегі бас маман А.А.Абиева қатысты.
2015 жылдың қыркүйек айында Ош (Қырғызстан) қаласында білім кәсіподақтары Еуразиялық халықаралық бірлестігінің 10-шы мерейтойлық Форумы өтті. Форумға қатысушылар білім кәсіподақтарының қызметінде аса маңызды орынды білім қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың екбек ақыларын көбейту, педагогтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау арқылы мұғалімнің мәртебесін арттыру, сондай-ақ студент жастарды кәсіподақ қозғалысына тарту екенін атап өтті. Форум жұмысына сала кәсіподағының атынан кәсіподақ төрайымы М.Т.Амантаева, кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының басшылары Г.Р.Орынбаева, А.К.Шалқар, К.К.Қайненов қатысты.
2015 жылдың қазан айында Румынияда білім кәсіподағы Еуропалық комитетінің Орта және Шығыс Еуропа елдерінің Дөңгелек үстелі өткізіліп, оның мәжілісіне салалық кәсіподақтың құрамында Кәсіподақ төрайымы М.Т.Амантаева және Батыс-Қазақстан (М.О.Даупаев), Маңғыстау (Т.А.Баимбетова) және Ақтөбе (Р.С.Серікова) облыстық ұйымдарының басшылары бар делегация қатысты. 3 күндік кездесу барысында Орта және Шығыс Еуропа елдерінің кәсіподақ лидерлері білім сапасын арттыру жолдары мен тиімді дамыту мүмкіндіктерін, жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау мәселелерін талқылады.
Желтоқсан айында төрайым орынбасары В.Ф.Беженаров «Білім және ғылым» ХКБ мәжілісіне және Жалпыресейлік білім кәсіподағы Орталық Кеңесінің мерейтойлық мәжілісіне қатысты.
2015 жылдың ішінде республиканың білім Кәсіподағының өкілдері ҚРКФ желісі бойынша халықаралық конференциялар мен кездесулерде болды: сәуір айында төрайым орынбасары В.Ф.Беженаров Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен «Азаматтардың лайықты еңбек жағдайларына кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың рөлі: Өзбекстанның тәжірибесі» атты халықаралық конференцияға қатысса, қараша айында Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Р.Орынбаева достық сапармен Израиль кәсіподақтарына барған болатын.
Сала Кәсіподағының басымды бағыттарының бірі кәсіподақ активін оқыту болып табылады, білім Интернационалының үйлестірушілері өткізетін халықаралық семинарларға басты назар аударылады. 2006 жылдан бастап БИ-мен ынтымақтастық мерзімі ішінде республиканың түрлі аймақтарында 38 халықаралық семинарлар өткізіліп, 1123 адам оқытылды.
БИ-мен ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумға сәйкес 2015 жылдың шілде айынан бастап қараша айының аралығында сала кәсіподағының Оңтүстік-Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қостанай облыстық ұйымдары мен Жезқазған, Талдықорған аумақтық ұйымдарының кәсіподақ активі үшін халықаралық семинарлардың екінші және үшінші кезеңдері ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға қатысушыларға республиканың кәсіподақ активін оқыту кезінде дәріскерлер ретінде сөйлеуге мүмкіндік беретін халықаралық үлгідегі сертификаттар тапсырылды. 2016 жылы Кәсіподақ басқа облыстар қатарында осындай халықаралық семинарлар өткізетін болады.
Үстіміздегі жылдың маусым айында Астана қаласында БИ мамандарының қатысуымен «Білім және ғылым» КХБ Атқару комитетінің мәжілісі және республиканың жас кәсіподақ белсенділері үшін Жазғы лагерь жоспарланып отыр.
Жоғарыда айтылғандар бойынша, халықаралық қозғалыста Кәсіподақтың байланыстары мен бағыттарын нығайту жөнінде нақты жұмыстың жүргізілгенін атап өткен жөн. Салалық кәсіподақтың халықаралық байланыстарын белсенді дамытуға және нығайтуға 2014 жылдың маусым айында Астана қаласында әлемнің 11 елінен делегация қатысқан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 90 жылдығына арналған Халықаралық конференция мен білім кәсіподағы Халықаралық Еуразиялық бірлестігінің IX Форумының өткізілуі тиімді ықпал еткенін айрықша айта кету қажет.
Қазіргі таңда сала Кәсіподағының алдында салалық кәсіподақтың қызметін насихаттау жолымен біздің ұйымның танымалдығы мен имиджін арттыру, халықаралық байланыстарын әрі қарай кеңейту жөнінде міндеттер тұр.
Жақын және алыс шет елдердің білім кәсіподақтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарды анықтап және оларға қол қою жұмыстары біздің Кәсіподақтың халықаралық кәсіподақ қозғалысындағы көрнекілігіне, түрлі елдердің кәсіподақтарымен тәжірибе алмасуына септігін тигізеді.
Төрайым орынбасары А.М.Мұқашева
Достарыңызбен бөлісу: |