Ұлттық технологиямен жасалған қара сабынның артықшылығы
Біріншіден қолдан жасалынған сабын сізге арзанға түседі, ақшасыздық жайлап жатқан бұл уақытта осы жаңалық сізге майдай жағатыны сөзсіз.
Екіншіден сабынға қосылатын заттар табиғи таза шикізат болғандықтан ол тері ауруларын туғызбайды, яғни ол сіздің қазіргі таңда қымбатқа алып, оған қоса түрлі тері ауруларын туғызатын ұнтақ пен иіс сабыныңыздан 100 есе асып түседі
Үшіншіден оның емдік қасиетіде бар тері күйгенде, қышыма, қотырға пайдаланады. Ал түрлі су сабынның әсеріне көнбейтін сіздің бас теріңізге бұл таптырмайтын дәрі-дәрмек болмақ, себебі ол жұмсақ және антицептик рөлін атқарады.Шын еңбектенсеңіз қара сабынның қол жуғаннан кейін жағымды иісі шығады.
Төртіншіден, әрине бұл сабынды сіз сатып алмай оны қолдан жасайсыз сізден шығатын шығын тек шыдамдылық пен еңбек сүйгіштік . Егер бұл қасиеттер сізде бар болса онда қауіпсіз және пайдалы сабынның алақаныңызда жатуы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |