|
Сабаќтыѕмаќсаты: Ќыс мезгілініѕ ќызыєын, басќа мезгілдерден ґзгерісін тїсіндіру. Балалардыѕ спортќа деген ќўлшынысын, ќызыєушылыєын арттыру. Спортќа ќўмар болуєа тјрбиелеу
|
Дата | 10.11.2018 | өлшемі | 1,71 Mb. | | #18915 |
| - “Шырақ”
- ата-аналар
- университеті
- Білім беру жүйесіндегі ақпараттандырудың бала тәрбиесіндегі алатын орны.
- Электронды оқыту жүйесі (e-learning), « bilimal» жүйелері туралы кеңірек түсінік беру.
- Ақпараттандырудың бала тәрбиесіндегі алатын орнын көрсете отырып, тиімді жақтарын ашу.
- Жоспар:
- Кіріспе сөз
- («Шырақ» ата-аналар университетінің ректоры Жыланбаева Қ.Н.)
- 2. «БIЛIМАЛ» басқару жүйесi және электрондық оқыту (e-learning) жүйесі (Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Жалелова З.Т.)
-
- 3. Компьютердің пайдасы және зияны жайында
- (Университет мүшесі Жакишева М.К, Жыланбаева Қ.Н )
- 4. Ғаламтордың пайдасы және бала денсаулығына зияны туралы
- 5. Ұялы телефонды қолдану
- (Жыланбаева Қ.Н, Мектеп психологы Кошанова М.Қ)
- 6. Қорытынды
- ХХІ ғасырдың бастап еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Кешегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы алдыңғы бағыттарының бірі-ақпараттық технологиялар саласы қоғамның барлық салаларына етене еніп, компьютерлік сауаттылық 2012 жылы 60%-ға дейін өсуі керектігін атап өтті.
- Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Осыған байланысты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдарды, электрондық оқулықтарды (қашықтықтан және автономды оқыту үшін), сондай-ақ білімін бақылау бойынша тестерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуін қосқанда, халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуін дамытуға көңіл бөлініп отыр.
- Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.
- 2011 жылдан бастап №39 гимназия жаңа автоматтандырылған «БIЛIМАЛ» басқару жүйесiне көштi. «БIЛIМАЛ» - мектептiң ақпараттық бiлiм беру кеңiстiгiнiң негізі.
-
- «БIЛIМАЛ» - жүйе әрбiр бала, ата-ана үшiн ашық, оқыту үрдiсiн «айқын» етедi, ендеше, мектептiң оқушыға қолайлы да жағымды психологиялық жағдай жасауды, оқыту стратегиясын дайындау және жүзеге асыру мәселелерiн, мектептiң және қоғамның балама қажеттiлiгiн шешудi қамтамасыз етуiне мүмкiншiлiк бередi
- Электронды оқыту «e-learning»
- Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы
- Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
- Осы жаңалыққа көзқарастарыңыз қандай?
- Жасөспірім балалар компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?
- Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут үзіліс жасап тұрады.
- Компьютерде аз уақыт, 1-сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жасөспірімдердің 73%-ының көзі және жалпы көзі де шаршайды.
-
- Клавиатурадағы төмен диапозаннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.
- Компьютерлік сырқат белгілер:
- Көздің көру қабілетінің нашарлауы.
- 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы.
- Компьютердің пайдасы қандай?
- 1. Байланысқа кіру. Ғаламтор- байланысқа кірудің жаңа бір түрі.
- 2. Кеңінен жайылу. Ғаламтор қызметін пайдаланушылар санының уақыт өткен сайын өсуі.
- 3. Қатысу. Ғаламтор адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады.
- 4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдам түрі.
- 5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі.
- Компьютерді дұрыс орналастыру
- 1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
- 2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
- 3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
- 4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
- 5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
- 6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
- 7. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
- 8. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
- 9. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут дем алады.
- 10. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.
- Балаңыздың ғаламторда қанша уақыт отырғанын қадағалай аласыз ба?
Ғаламторға жиі жүгінесіз бе? - Ғаламтордың бала денсаулығына
- зияны?
- Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
- Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
- Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
- Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
- Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
- Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
- Шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
- Танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
- Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.
-
- Ұялы телефонды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?
- Ұялы телефонды мектеп ішінде қолдану ережесі
- Жалпы ереже
- 1. Ұялы телефон оқушының өз меншікті заты болып табылады.
- 2. Оқушылардың меншікті заттарын мектеп әкімшілігі өз жауапкершілігіне алмайды.
- 3.Ұялы телефонды сабақ үстінде кедергі жасамауын қадағалау.
- 1. Сабақ үстінде ұялы телефонды міндетті түрде өшіріп немесе дыбысын басып қою қажет.
- 2. Сабақ кезінде оқушылар ұялы телефонды ақпарат алмасуға, калькулятор, фотоаппарат немесе видиокамера ретінде қолдануға тиым салу.
- 3. Оқушыларға мектеп ішінде наушниктермен және плеермен жүруге тиым салу.
- 4. Ұялы телефон парта үстінде, оқушылардың қолдарында және ашық жерлерде тұруына тиым салынады.
- 5. Мұғалім сабақ кезінде оқушыдан ұялы телефонды өз жауапкершілігіне алуға, оны сақтауға құқығы жоқ.
-
- 1. Оқушыға қауіпсіздік мақсатында ұялы телефонын қараусыз қалдырмауы ескертілсін.
- 2. Оқушы ұялы телефонын ұажетті шұғыл жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі.
- 3.Мектептегі қатаң тәртіпті сақтау мақсатында мұғалім оқушыдан ұялы телефон мен плеерді ала алады, тек ата-анасы немесе оның орнын ауыстыратын адамдар міндетті түрде хабардар болуы тиіс.
- Ұялы телефонның қандай зияны бар?
- Ғаламтор мен ұялы телефондағы агенттің бала психикасына әсері
- Бүгінде «maіl.ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» қатары күн санап көбейіп келеді. «Maіl.ru» компаниясының деректеріне жүгінсек, «м-агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылады екен. Компьютерді былай қойып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ оның зияны жоқ деп айта аламыз ба? «Агентте» сағаттап отыратын адамдардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
- «Интернет-тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады
- Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10-14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез–келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Себебі жасөспірімдер дара ерекшеліктеріне сәйкес, кез келген жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ жасөспірім қандай да болмасын іс-әрекетке түрткі арқылы барады, яғни оның белгілі бір іс-әрекетке баруына өзіндік мотив әсер етеді.
- Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді. Берілген тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:
- 1.Жеңіл қызығушылық кезеңі. 2.Қызығушылық кезеңі. 3.Тәуелділік кезеңі. 4.Құштарлық кезеңі.
- Ғаламтор мен ұялы телефондағы агенке тәуелділіктің апаратын жолы:
- Зорлық-зомбылық
- Қылмыс
- Жыныстық бұзылу
- Діншілдік
- Суицид
- Жүйке жүйесінің тозуы
- Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)
- Ғаламтордың зиянынан сақтандыру
- Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі.
- Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген са йттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті.
- Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Баламыздың ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыруымыз да – ата-аналық парызымыз.
- Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді.
-
- Оқушылардың жалпы жұртшылықтың ақпараттық технологиясымен байланысуы жылдан-жылға артып келеді. Интернет арқылы көптген мәліметтер алады, білімін толықтырады. Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.
- Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың,әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді
- Отырыс шешімі:
- 1. Ата-аналардың электрондық оқыту (e-learning) жүйесі мен «БIЛIМАЛ» - мектептiң ақпараттық бiлiм беру порталына кіруі және ақпараттық жүйе арқылы байланыста болуы тапсырылсын.
- 2. Ата-аналардың баланың компьютер мен ғаламтарда жұмыс жасауын қадағалап отыруы сұралсын.
- 3.Ұялы телефонды дұрыс пайдалана білуін және оны қолдану ережесін ескертіп отырсын.
- 4. Ата-ананың, мұғалімнің баланың компьютермен, ғаламтормен тиімді жұмыс жасауын қадағалап отыруы тапсырылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|