Сабақтың типі Сабақтың түрі: Әдіс-тәсілдері: Көрнекілік: Жаңа білімді меңгеру сабағы. Аралас сабақ



жүктеу 1,02 Mb.
Дата13.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#19040
түріСабақ

Лаззат Нұрмұхамбетқызы Уалиахметова,

Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебінің

I санатты бастауыш сынып мұғалімі

«Нан туралы өлең» К.Сауғабаев


Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу, мағынасын түсіндіру. Мәнерлеп қатесіз оқуға бейімдеу. Оқығанын өз сөзімен толық айтып, өз ойын жеткізе білуге жетелеу.

1) Нанның қадір-қасиеті жайлы түсіндіру.

2) Өлеңнің мағынасын ашу


Сабақтың типі

Сабақтың түрі: Әдіс-тәсілдері:

Көрнекілік:

Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Аралас сабақ

Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.

Суреттер


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Әрбір адам туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім талап, тілек, адалдық,

Әрбір сөзім шындық, бірлік, адамдық.


Оқушылар шеңберде бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу

Үй тапсырмасы


Топшамамен жұмыс

-Бидайық қандай өсімдік?

-Арғын мен атасының арасында қандай диалог болды?

-Бірде Арғын атасына қандай өтініш айтты?

-Атасы оның өтінішін қалай қабылдады?

-Арғын қандай қолғабыс тигізді?

-Әңгімеде халықтың қандай дәстүрі сөз етілген?

-Өзің үй ішіне қандай қолғабыс тигізесің?

-Халықтың қандай дәстүрлерін білесің?

-«Тоқым қағу» дәстүрі туралы не білеміз?



Бірінші қатардағы оқушылар екінші қатардағы оқушыларға, екінші қатардағы оқушылар үшінші қатардағы оқушыларға,

ал үшінші қатардағы оқушылар бірінші қатардағы оқушыларға сұрақтар қою арқылы тапсырманы талдап шығу.



Жаңа сабақ.

Дәптермен жұмыс

АКТ пайдалану.

Автор туралы мәлімет

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



-мақалының мағынасын ашу.

Кәрім Сауғабаевтің «Нан туралы өлең»



Кәрім Жұмабекұлы Сауғабаев (20 қазан 1941 жыл, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Едірей ауылы - 25 қараша 2002 жыл) - журналист, ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1977).

1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы ҚазҰУ-ды бітірген. Ақынның балаларға арналған алғашқы өлеңдер кітабы 1972 жылы жарық көрген. 1965-1972 жылдары Егіңдібұлак ауданы «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім менгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1972-1985 жылдары редакторы. 1985 жылдан «Білім» қоғамының аудандық бөлімшесінің жауапты хатшысы, «Орталық Казақстан» газетінің меншікті тілшісі. Тұнғыш жыр жинағы «Мойындау» 1972 жылы жарық көрді.

Жыр жинақтары:


  • «Күдеріңді үзбе»

  • «Балқантаудың басында»

  • «Үшқара оттары»

  • «Мәди» атты повестің авторы

Түсінік беру:/ Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту/

Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан, отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған «қазақтың қара қатырмасы» болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт,сорпа, сондай-ақ ащы қосып илесе дәмді болады.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

  2. Мазмұнын түсіндіру.

  3. Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.

  4. Өлең тақырыбының мағынасын ашу.




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi, Аяқты алға созайық,

Тарсылдатпай едендi. Тiк көтерiп, қозғайық.

Орнымыздан тұрып ап, Тым сылбыр да болмайық,

Жүгiрейiк бiр уақ. Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш, Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.


Ой толғаныс

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ақын нанды неге қастерлеп, қадірлеп, үнемдеп ұстаңдар дейді?

  2. Мына жолдарда ақын не айтпақшы? А( Нан – өмір, неге? ә) Дән – ән емес пе, Дән – нәр емес пе, неге?

  3. Өлеңді ырғағына келтіріп, мәнерлеп оқы.

  4. Мына жолдарды жалғастырып жаз: Бір дән жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер, себебі... Нансыз тыныштық болмайды, себебі ...

  5. Өлеңнен диқан еңбегіне қатысты жолдарды тап, оны өз білгеніңше әңгімелеп айт.

  6. Нанның қалай жасалатынын әңгімеле.

  7. Нан туралы шығарма жаз.

Әдептілікке әуестен!

  1. Тамақты шашпай-төкпей іш.

  2. Дастарқан басында керіліп, созылып, қисаймай, кітап оқымай отыр.

  3. Жерде жатқан нанды баспай, еңкейіп алып, жинап қой!

  4. Тамақ ішкен кезде сөйлеме!

  5. Басқаларға мені сыйла деме, өзің өзгелерді құрметте. Сонда жұрт сені сыйлайды.

  6. Ата-анаңды, үлкен адамдарды сыйлап, кішкентайларға қамқорлық жасасаң, өзіңнің қадіріңді арттырғаның.

ББҮ кестесімен жұмыс

Білемін

Білдім

Үйрендім

-нан қасиетті тағам екенін

-К.Сауғабаев Жазушылар одағының мүшесі екенін

-нан пісіру технологиясын



Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу. «Нан – ас атасы», «Ас атасы – асыл тас, аттамас одан кәрі-жас» мақалдарының мағынасын түсіндір.

208-бет, түсініп оқу



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Жұптық бағалау

Өздерін-өздері бағалау

жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау