Сабақты талдауда мынандай талаптар қарастырылады:
1. Оқытылатын материалдың ғылымилығы, оның бағдарламаға сәйкестігі, алған білімінің сапалығы.
2. Оқытудың әдістері озық тәжірибе мен ғылыми ұсыныстарына сәйкестігі педагогикалық шеберлікті көтеруге нақты ұсыныстар берілуі;
3. Мұғалімнің іскерлік және этика нормасына сай сапалары, оның тілі, сөйлеу мәдениет және т.б.
4. Сабақты талдау өзін-өзі талдаумен басталып және өзін-өзі бағалаумен, мұғалімнің өзіне нақты талаптарымен аяқталады.
Өзін-өзі талдау кезінде өткізген сабаққа, қойған мақсатқа қысқыша сипаттама беруді, оның жетістектерін, материалдың мазмұнының көлемін және оқушылардың оны игеруінің сапасын талдайды, әдістер мен бағасын, оқушылардың белсенділігі мен олардың еңбегін ұйымдастыру амалдары, өзінің тұлғалық жағына (тіл, логика, оқушылардың қарым-қатынасының сипаты) және өз қасиеттеріне баға береді.
Сабақ қорытындысында мұғалім сабақтың сапасын жақсарту жөнінде өз ұсынысын айтады, жалпы тұжырым жасайды, өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру жөнінде шаралар белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |