Сабақты талдау үлгісі
Сабақты талдау үлгісі
Қазіргі сабақ қандай болуы қажет? Қалай бүгінгі сабақта дәстүрлі және жаңашыл әдістер ұштасады?
Сабақты абстрактно талдауға болмайды. Ең басты, әр сабақта бүкіл құралдар мен әдістер қолданылады деп күтуге болмайды.
Сабақ талдағанда қандай жағдайларды ескерту қажет?
а) тақырыптың ерекшелігі;
б) мектептің мүмкіндіктері, кабинеттің, техникалық құралдардың, көрнекі құралдардың бар болуы;
в) осы сыныптың құрамы, оқушылардың қабіліт және даму деңгейі;
г) мұғалімнің жеке даралығы, дайындық деңгейі, мінез ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, бұрынғы жұмыстар нәтижелері.
Сабақты талқылау формасы:
а) педагог өзі сабағы туралы әңгімелейді: не ойлағандай болды, не жүзеге аспады;
б) сабаққа қатысушы сабақтың позитивті жақтарын талдайды;
в) содан кейін жағымсыз жақтарын талдайды;
г) содан кейін ғана кемшіліктерден құтылуға көмектесетін ұсыныстар беріледі;
д) талдаудан кейін педагог қайта өзінің пікірін білдіреді, содан кейін ғана басқа қатысушылар проблеманың талдауына қосылады.
Сабақтың сипаттамасы:
1) Қазіргі заман сабағының жалпы педагогикалық сипаттамасы:
- сабақтың тұжырымдамалық ерекшеліктері, қазіргі тұрғыларды жіктеу және оларды сабақта дарыту;
- сабақтың жалпы педагогикалық ерекшеліктері – оқу-тәрбие үрдесінің ұйымдастыру формасы;
- сабақ типологиясы, олардың әр түрлі типтері мен түрлерінің құрылым сипаттамасы (оның кезеңдері, бөлімдері).
2) Сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуы және жабдықталуы, оның әдістемелік логикасы.
Сабақты талдау және өзін – өзі талдау формалары:
1) қысқа (бағалау) талдау;
2) құрылымдық (поэтапный) талдау;
3) жүйелік талдау;
4) толық талдау;
5) құрылымдық-уақыттық талдау;
6) аралас талдау;
7) психологиялық талдау;
9) аспектты талдау;
10) құрама (комплексті) талдау.
Қысқа (бағалау) талдау – ол сабақтың білім, біліктік және дағды мақсаттарын шешетін оқу-тәрбие функциясының жалпы бағасы.
Құрылымдық (поэтапный) талдау – сабақтың үстем құрымын (элементтерін) табу және бағалау, оқушылардың танырлық қабілеттерін дамытуға қамтамасыз ететін мақсатқа лайықтылығы.
Жүйелі талдау – негізгі дидактикалық мақсаттарды шешу және бір мезетте сабақтың даму мақсаттарын шешу көзқарастан сабаққа бірыңғай жүйеге ретінде қарау.
Толық талдау – сабақ мақсаттарын жүзеге асыруды бағалау, оқушының оқу қызметі түрлері мен мазмұнының сипаттамасы, ойлау қызметінің тәсілдері мен білімді қабылдау деңгейінің аспектті талдау жүйесі.
Құрылымдық-уақыттық талдау – сабақтың әр кезеңінде уақыт қолдануды бағалау.
Аралас талдау – бір мезгілде сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттары және құрылымдылық элементтерін бағалау.
Психологиялық талдау – сабаққа қойылған психологиялық талаптардың орындалуын (даму типті оқушылардың танырлығын қамтамасыз етуі) зерделеу.
Дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды (дидактика принциптерін жүзеге асыру; оқушыларды оқыту және білім беруде қолданатын әдістер мен тәсілдерді сұрыптау, сабаққа қажетті оқу материалдарының дидактикалық ықпал ету, оқушылардың өзіндік танырлық қызметінің педагогикалық басшылығы және т.б.) талдау.
Аспектті талдау – сабақты жан-жақты, егжей-тегжейін тәптіштеп талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |