МЮНСТЕНБЕРГ ӘДІСТЕМЕСІ
Зейіннің таңдамалылық қасиетін анықтауға бағытталған. Зейіннің таңдамалылығын, шоғырланушылығын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі зейін тұрақтылығын қажет ететін мамандықтарға кәсіби іріктеу жүргізу барысында қолдануға болады.
Нұсқау: әріптер мәтінінің арасында сөздер бар. Сіздің міндетіңіз осы мәтіннен сөздерді тез тауып, белгілеу.
Жұмыс уақыты — 2 минут.
Мысалы: рюклбюқуанышуфркнп
Әдістеме топтық және жекелей қолданылуы мүмкін. Белгіленген сөздер саны мен қателіктер саны бағаланады (тасталып кеткен және дұрыс белгіленбеген сөздер).
Нәтижелерді талдау
Мәтінде барлығы 25 сөз: күн, аудан, жаңалық, факт, емтихан, прокурор, теория, физика, теледидар, бес, зейін, қабылдау, сахна, қуаныш, халық, репортаж, конкурс, тұлға, жүзу, комедия, көңіл, лаборатория, негіз, психиатрия, дос.
Әрбір тасталып кеткен сөз үшін 1 балл шегеріледі.
Жеткіншек жасындағы балалардың зейінін анықтауға арналған «МЮНСТЕНБЕРГ әдістемесінің» жүргізілу барысын, интерпретациясын біледі. Әдістеме нәтижесі мен даму көрсеткішін анықтауды үйренеді.
Даму деңгейі бойынша қортынды
Уақыт ( с)
|
Ұпай
|
Зейін таңдамалылығының деңгейі
|
250 –ден жоғары
240-249
230-239
220-229
210-219
200-209
190-199
180-189
170-179
160-169
150-159
140-149
130-139
120-129
110-119
100-109
90-99
80-89
70-79
60-69 19
60-тан төмен
|
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
|
І төмен
І төмен
І төмен
І төмен
І төмен
І төмен
І төмен
II орташа
II орташа
II орташа
ІІ орташа
II орташа
II орташа
II орташа
III жоғары
III жоғары
III жоғары
III жоғары
III жоғары
III жоғары
IV өте жоғары
|
|
4-топ: Жоғары сынып оқушылары
|
Жоғары сынып оқушыларының зейінін анықтауға арналған әдістемелермен таныстыруға нұсқау береді.
Стимулды материал
16
|
37
|
98
|
29
|
54
|
80
|
92
|
46
|
59
|
35
|
43
|
21
|
8
|
40
|
2
|
65
|
84
|
99
|
7
|
77
|
13
|
67
|
69
|
34
|
18
|
|
«САНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Әдістеме ырықты зейінді бағалауға арналған. Зейін қызметінің жоғары деңгейін қажет ететін мамандықтарға іріктеуде қолдануға болады.
Нұсқау: 2 минут аралығында бос торкөздерге жоғарыдағы квадрат бланкі торкөздеріндегі 25 санды өсу ретімен орналастыруың қажет. Сандар бланкінің жолдарына жазылады, бірақ жоғарыдағы торкөздерге белгі қоюға болмайды. Бағалау дұрыс жазылған сандардың саны бойынша жүргізіледі. Орташа норма — 22 сан және жоғары.
Бланк
|
Жоғары сынып оқушыларының зейінін анықтауға арналған «САНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ» әдістемесінің жүргізілу барысын, интерпретациясын біледі. Әдістеме нәтижесі мен даму көрсеткішін анықтауды үйренеді.
|
5-топ: Ересек адамдар
|
Ересектердің зейінін анықтауға арналған әдістемелермен таныстыруға нұсқау береді.
|
|