Білу және түсіну
Қызығушылықты ояту
Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау
«Өкіл» әдісі арқылы топтарда есептер шығару.Топта тапсырманы орындап болғаннан кейін «елші» сайланады. Ол басқа топқа барады. Ол топтың ойын, шешімін, жетістігін өз тобына баяндайды.
Қандайда бір биіктікте бос тұрған дене Жерге құлайтыны бәрімізге мәлім. Жоғары лақтырылған дене қайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тарту әсерінен болады дейміз. Мәселен ауыр шар тез құлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен қалықтап түседі.
Демек құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Мұндай денелердің қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибеде бұл айырмашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді.
Ең алғаш мұндай тұжырымды итальяндық ұлы ғалым Галилео Галилей жасаған болатын. Галилей 1583 жылы Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне көз жеткізеді. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталаған. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығын тәжірибе арқылы көз жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп ұйғарды.
Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар жоқ еді. Оны тек 80 жыл өткен соң И. Ньютон жүзеге асырды. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді. И.Ньютон жасаған тәжірибесінің мәнісі мынада. Ұзындығы бір метрдей шыны түтікке қорғасын кесегі (бытыра), ағаш қабығынан жасалған тығын және құстың қауырсыны салынады.Түтікті тез төңкерген кезде бұл денелер түтіктің түбіне әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында қауырсын түседі. Ал егер түтіктің ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Міне осындай ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі – еркін түсуі деп аталады.
Еркін түсу үдеуі әрпімен белгіленеді. Еркін түсу үдеуінің векторы әрдайым төмен қарай бағытталады. Еркін түсі кезіндегі барлық денелер Жер бетіне жақындаған сайын теңүдемелі қозғалады.Есептеулерде жуық түрде немесе деп аламыз.
|