Шарбақты жалпы орта білім беретін орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
5- сынып оқушылары
Технология пәні мұғалімі:
Сальменова А.Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасын жұмысқа дайындау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды, тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін, тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1.Тақырыпты меңгерту.
2. Машинада жұмыс жасау.
3. ТҚЕ қайталау.
Көрнекі құралдар: Тігін машинасы,интерактивті тақта,
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың типі: Іскерлікті қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, әдебиет, биология.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, тігін машина.
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу.
2. Бөлме тазалығын қадағалау.
3.Оқушыларды түгелдеу.
4. Ережелерді қайталау.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Қайталау сұрақтары арқылы (қоржынан сұрақ суыру):
Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)
Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже)
Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте
тігістері)
Мата неден тұрады? (Талшықтан)
Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін)
Еңбек құралдарын атаңыз. (мата,ине,жіп,қайшы,желім,қағаз,тігін машинасы т.б.)
Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергіш,ине,жіп,мата,қайшы)
Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау,қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.)
ІІІ. Тігін машинаның шығу тарихын қайталау (сұрақ-жауап)
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина, арнайы машина)
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851)
4. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
5. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу)
6. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым)
7. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)
ІV. Тұрмыстық тігін машинасымен таныстыру
Достарыңызбен бөлісу: |