Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану кезіндегі жұмыстың өзгерісін көрсету, өрнегін дәлелдеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ішкі энергия, жылу мөлшері және жұмыс туралы білімділіктерін есеп шығару арқылы кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздары, суреттер-сызбалар.
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, жарыстыру, есептеу, салыстыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
Өткен тарау бойынша қайталау (5 минут)
«Кім жылдам?» ойыны (4 минут)
Жаңа сабақ (15 минут)
Жаңа сабақты бекіту (12 минут)
Қорытынды (2 минут)
Бағалау кезеңі (2 минут)
Үйге тапсырма (2 минут)
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен жұмыс жүргізу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Өткен тарау бойынша қайталау сұрақтары
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
Түрі, иісі, дәмі жоқ салмақсыз сұйық не деп аталады? (Жылутек)
Термодинамиканың негізгі ұғымдарының бірі? (Жүйе)
Термодинамикалық жүйенің кез келген өзгерісі? (Процесс)
Затты құрайтын бөлшектер? (Молекула)
Молекуланы құрайтын бөлшектер? (Атом)
Молекулалары өзара әрекеттеспейтін, көлемі шексіз аз, абсолют серпімді шарлар болып табылатын газдың түрі? (Идеал)
Дененің қандай да бір күштің әсерінен орын ауыстыруы қандай жұмыс болып табылады? (Механикалық)
Тұрақты қысымда газдың көлемінің өзгеруі қандай жұмыс болып табылады? (Термодинамикалық)
Жылу алмасуды бақылауға арналған құрал? (Калориметр)
1 кг затты 1 К-ге қыздыру үшін оған қажетті жылу мөлшері қандай жылусыйымдылық болып табылады? (Меншікті)
1799ж. Мұздың екі кесегін үйкеген кезде ол еріп суға айналатындығы туралы тәжірибе жүзінде дәлелдеген ғалым? (Деви)
1 г суды 1 градусқа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін не деп атайды? (Калория)
Адам ауыр дене жұмысын істегенде оның қанында жану өнімдерінің пайда болатындығын байқаған ғалым? (Майер)
3. «Кім жылдам?» ойыны. (3 қатардағы оқушылар арасындағы физикалық өрнектерді тақтаға жазудан топтық жарыс)
4. Жаңа сабақ
Ішкі энергия деген не?
Ішкі энергияны өзгертудің неше тәсілі бар?
Жылу мөлшері деп нені айтамыз?
Жұмыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Изобаралық процесс деген қандай процесс?
Изохоралық процесс деген қандай процесс?
Изотермалық процесс деген қандай процесс?
Адиабаталық процесс деген қандай процесс?
Термодинамиканың бірінші заңын тұжырымда.
Термодинамиканың бірінші заңы: жүйеге берілге жылу Q оның ішкі энергиясының ΔU өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін A жұмысына жұмсалады. Q = ΔU + A
Егер Q жылу жүйеге, яғги газға берілсе, онда ол оң деп саналады.
Егер жұмысты жүйе (газдың көлемі ұлғайғанда) атқарса, А жұмыс оң болады.
Изохоралық процесс A=0
, егер бір атомды газбен жұмыс істесек
Достарыңызбен бөлісу: |