Сабақтың тақырыбы: Жаңажылдық
шеберхана. Шыршаға ілетін әшекейлер. Таныстыру, талдау және бағалау
|
Мектеп
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
СЫНЫП: 3
|
Қатысқан оқушылар саны
|
Қатыспағандар
|
Оқу мақсаттары
|
Дизайнерлік дағдыларын қалыптастырып, эстетикалық
талғамдарын дамыту.
|
Бағдарламалық міндеті
|
3.2.2.1
3.3.3.1
3.2.3.1
|
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
|
Мұғалім үшін: көлемді денелермен таныстырып, жа- санды және табиғи материалдардан жаңажылдық құ- рамақ жасау өнерімен таныстыру, тұрмысты мерекеге сәйкес безендіре білуге қызығушылықтарын ояту.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: жасанды және табиғи материалдардан бірнеше жаңажылдық құрамақ жасау.
|
Оқушылардың міндеті
|
Әртүрлі құрамақтарды жасау жолдарын түсіндіре білу, негізгі көлемді денелердің атауын білу, терминдердіүш тілде айту. Жасаған жұмыстарына талдаужүргізу.
Тірек сөздер: жазық пішіндер, көлемді пішіндер (денелер), конус, дөңгелек, текше, шыршағаілетін әшекейлер, Жаңа жыл, мереке белгісі,әшекейлер.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
1. Қандай жазық геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Жауап. Шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы.
|
|
Жазық пішіндердің көлемді пішіндерденқандай айырмашылығыбар?
Жауап. Жазық пішіндердің өлшемі болады, оларды тек екі жағынан қарауға болады, көлемді пішіндер биік, енді, оларды жан-жағынан қарауға болады.Жазық
пішіндерді салып, қиюға болады, көлемді пішіндерді мүсіндеп, желімдеп, тастан қашап, ағаштан ойып, металдан құюға болады.
Қандай көлемді пішіндерді (денелерді)білесіңдер? Жауап. Текше, шар,конус.
Шырша қандай көлемді геометриялық пішінге ұқсайды?
Жауап. Конусқа.
Шырша ойыншықтары қандай көлемді геометриялық пішіндергеұқсайды?
Жауап. Шарларға.
Жаңажылдық шырша қандайойыншықтармен безендіріледі?
Жауап. Шар, моншақ, жануарлардың фигураларымен, гүл алқалармен.
Жаңажылдық әшекейлерді қандайматериалдардан жасауғаболады?
Жауап. Табиғи материалдардан: бүр, бұтақ, сабан, емен жаңғағы; жасанды материалдардан: фольга, қатырма қағаз, түсті қағаз, полимер балшығынан.
Өздерің жасаған жаңажылдық әшекейлерді қайда пайдалануға болады? (Сұрақ сабақтың соңында қойылады.)
Жауап. Бұл әшекейлермен шыршаныбезендіріп,
жаңажылдық композиция жасауға болады, онымен бөлмені әшекейлей аламыз, әшекейді жаңажылдық сыйлық ретінде достарымыз бентуыстарымызға
сыйлаймыз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |