Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? Мектеп Күні



жүктеу 282,22 Kb.
бет170/170
Дата06.01.2022
өлшемі282,22 Kb.
#36662
түріСабақ
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170
3-synypa-ysa-merzmd-zhospar

Материалды

түсіріп, өздеріне ұнаған және қызықты болған

құрылыстарының

түсіндіру

тақырыптарды атап, келесі жылға тілектерін

фотосуреттері, осы




айтады.

жылы салынған ең




Мұғалім алдын ала шағын сыйлықтар әзірлеп

үздік балалар




қояды. Мысалы, пейзаж, натюрморт, портрет

жұмыстары.




шеберлеріне, ең үздік өнертанушыға, ең тату топқа,

№2 қосымшаның




ең үздік таныстырылым жұмысына медальдар

№8 тақырыбын-




дайындайды. Алайда ешкім де мұғалімнің

дағы материалдар.




назарынан тыс қалмауын қадағалау керек, бұл өте







маңызды. Тіпті оқушы оқу жылы барысында бәрін







жетік меңгермесе де, оған «Алдағы уақытта







жасайтын жұмысына үміт» медалін ұсынуға







болады. Сабақтың соңында жазға жоспар құрып,







демалыс, саяхат туралы әңгіме құрауға болады. Ең







жақсы демалыс үйде жату ғана емес, бір нәрсемен







шұғылдану екенін еске салу керек. Жазда натураға







қарап және есте сақтау бойынша сурет салу туралы







әңгімелеседі. Оларды қызықты іске жұмылдыру







керек. Бұл міндетті жұмыс емес, бірақ оқушыларға







пайдалы жұмыс. Суретті есте сақтау бойынша не







затқа қарап отырып салуға болады. Бүге-шігесіне







мән бере бермей, ең маңыздыларын түйсінсе жетіп







жатыр. Мысалы, ағашты сала отырып, әрбір







жапырағын салып отырмай-ақ, оның діңі мен







бұтақтарын дәл беруге тырысу керек. Хайуанаттар







бағында жануарларды салу барысында оның







қозғалысын, тұрған қалпын, ерекшеліктерін







сызықтармен беруге болады. Бір суретке 3–5 минут







жеткілікті. Егер оқушылар жазда бірнеше сурет







салса, олардың қабілеттері артып, білім қоры байи







түседі.







Жақын немесе алыс жерге сапарға шығып, бірнеше







сурет салынған альбомды әкеліп, біршама уақыттан







кейін оны ашып, өзің болған жерлерді еске түсіру







тамаша емес пе?! Достарыңмен бірге алған







әсеріңмен бөліскенге не жетсін?! Мұғалім міндетті







түрде сурет салуға дағдылана отырып,







шеберліктерін шыңдайтынын айтуы керек. Оған







көз жеткізу үшін дәл қазір альбомдарына бірнеше







сурет салып, оны үш айдан кейін оқушылар келесі







жылдың бірінші сабағына келген кезде салыстыру







керек. Жылдың басында оқушылардың бәрі қалың







қойындәптерлерін толтырып сурет салып келуі







міндет емес. Оқушылардың ішінде біреуі







белсенділік танытып жатса, оны көрген қалған







оқушылар саяхатқа аттанарда міндетті түрде

өздерімен қойындәптері мен қарындашын әкетеді.






Өздік жұмысты

орындау

Оқушылар қалауларынша №2 жұмыс дәптерінің 31-бетіндегі тапсырманы орындайды.

№ 2 дәптер, жай қарындаш.

Сабақтың қорытынды-

сы

Оқушылар жыл бойғы жұмыстары мен нәтижелерін талдайды.




Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі жыл бойғы жұмысы мен нәтижелерін талдады. Қорытынды жасап, алған білім мен біліктерін

жинақтады.

Оқушылардың көпшілігі демалыс түрлері мен

саяхаттары туралы айтты.


Кейбір оқушылар №2 жұмыс дәптерінің 31-бетіндегі тапсырманы орындады.

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардыңмұғалімгеберген

жауабынан (оқулық- тағы);

  1. жасаған жұмыста- рынан (жақсыжасалған жұмыстардығана

бағалаңыз);

  1. жасағанжұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны қолданады.

Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін еске түсіреді.



Оқушыларға қалай қолдау

Бағалау

Сабақтаоқушыларды бағалау:



  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағысұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауғақатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсыжасалған жұмыстардығана

бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс-

тарын, жанды табиғат

фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге сүйіспеншіліктерін оятып,

эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.



көрсетесіз?

Сабақтың барысында

оқушыларды бағалайды:

Жарайсың, сен сұрақтарға

толық жауап бересің! Сен өте

байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің

(суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы

орындауға тырыстың! Сен

жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.


№ 1 қосымша



Сабақта балалармен ойнауға болатын ойын түрлері

Ұсынылып отырған ойын түрлері балалардың шығармашылық, логикалық, кеңістіктік, көзбен өлшеу, сөйлеу, түс, сызық жəне пішінді сезіп, қоршаған ортаны қабылдау, қол машығы мен ойлай білу қабілеттеріндамытады.



«Ақылды заттар» ойыны

Мұғалім сабаққа ерекше заттарды əкеліп, олар АҚЫЛДЫ екенін айтады. Əдемі қобдишаның ішінен бірінші ақылды затты – түймені шығарады.

– Таңғалып тұрсыңдар ма? Бұл ақылды зат екеніне сенбейсіңдер ме? Мен оны сендерге дəлелдей аламын!

Сендер ақылды түйме болмаса, қыста тондарыңды қалай түймелейтін едіңдер? Егер оның тесігі болмаса, қалай тігетін едіңдер?

Ал егер ол өте үлкен болса не істер едіңдер? Ауыр болса ше?

Əлсіз болса не істер едіңдер?

Ал ол біздің қалағанымыздай – жеңіл əрі берік, өлшемі ілмегіне сəйкес келеді, түсі мен пішіні де кез келген киімгеүйлеседі.

Енді түйменің ақылды екеніне көздерің жетті, əрине, оны ақылды адам ойлап тапты.

Ал енді ойын ойнаймыз. Мен сиқырлы қобдишаның ішінен ақылды заттарды шығарамын, ал сиқырлы əмиянымның ішінде жетондар бар. Мен көрсеткен заттардың ақылды екенін дəлелдеген адамға жетон беремін. Кім көп жинаса, сол жеңімпаз атанады.

Əрбір жауапқа жетон беру керек, мысалы, бір бала шай ішетін ыдысты ақылды деп санайды, өйткеніоныңпішінідөңгелек,шайішкенкездеөтеыңғайлы(жетоналады),екіншісіоның

құлағы бар екенін, онымен ыстық кесені ұстаған ыңғайлы (жетон алады)н,шүішсіі ол су

болмайтын материалдан жасалғанын айтады, төртіншісі ол денсаулыққа зияны жоқ материал екенін, бесіншісі оны жуу оңай екенін, жетіншісі – ол əдемі екенін, сонысымен біздің өмірімізді көріктендіре түсетінін айтады. Бастапқыда қарапайым заттарды таңдаған дұрыс. Олар: жай қарындаш, қалам, кесе, шəйнек, бəтеңкенің бауы, көзілдірік.

Бұл ойын дизайн туралы сабақтың бір бөлігі бола алады.
«Сезімтал саусақтар» ойыны

1-нұсқа.


Ойынға қатысқысы келетін бала тақтаға шығады. Оның көзін байлап, кез келген затты ұстатады. Тек саусағының ұшын ғана тигізеді. Ол ыдыстағы тұқым, бақалшақ, тарақ, ағаш қабығы, жіп, сым, щетка, жүн болуы мүмкін. Одан кейін затты алып тастап, баланың көзін ашады. Ол тақтаға сызық жəне штрихтармен ұстаған затын бейнелеп көрсетуі тиіс. Одан кейін оның не екенін табады.

2-нұсқа.


Екі баланың көзін байлап, олар тапсырма бойынша қаптың ішінен заттарды тезірек алу керек

(бұршақ, жүзік, шеге, өшіргіш). Олардың өлшемі бірдей болу керек. Тапсырманы жылдам орындаған бала жеңеді.

3-нұсқа.

Екі баланың көзін байлап, олар қаптағы заттарды ұстап көру арқылы табуы керек. Одан кейін оларды қағазға жазады. Заттарды көбірек тапқан бала жеңеді.



Жылдам саусақтар

Екі оқушыға екі ыдыс беріледі, бірі бос, екіншісі ұсақ заттармен толтырылған (түйме, моншақ, қыстырғыш). Заттардың саны екі оқушыда да бірдей болады. Кім заттарды бір- бірден екінші ыдысқа тезірек салса, сол жеңеді.


Бұл заттардан не істеуге болады?

Оқушылар 5 адамнан екі топқа бөлінеді. Топ басшысы жеребені алады, онда бір сөз не сөз тіркесі жазылады (мысалы, қағаз, құрақ, сым, қақпақ, бөтелкенің қақпағы, бір рет қолданылатын ыдыс жəне т.б.). Топ заттарды қай жерге қолдануға болатынын айтады. Мысалы, қағазға сурет салып, одан оригами, аппликация, конверт жасауға болады, хат жазып, альбом жасауға, қабырға газетін дайындап, от тұтандыруға пайдалануға болады. Қағазға кітап басып шығарады. Мата қиындысынан қуыршаққа көйлек, аппликация жасап, ұзынынан қиып, ұшын байласа, жіп пайда болады. Мата қиындысынан əдемі гүл мен бант жасауға болады. Оны əртүрлі орындарға пайдаланады. Заттарды қолдануға болатын орындарды көбірек айтқан топжеңеді.


«Қай түстер бір-бірін жақсы көреді?» ойыны

Балаларға «Қай түстер бір-бірін жақсы көреді? Неліктен?» деген сұраққа жауап беру тапсырылады.

Балалардың жауабы əртүрлі болуы мүмкін.

Мысалы, көк түс сары түсті жақсы көреді, өйткені онымен жасыл түстің əртүрлі реңктерін шығарып, ойнауға болады.

Немесе көк түс сары түсті жақсы көреді, өйткені ол аспан мен Күннің түсі, оларға бір- бірінсіз көңілсізболады.


Немесе көк түс қызғылт түсті жақсы көредіе, уөійткені ек бірге армандағанды жақсы көреді.

де нəзік əрі қиялшыл түстер,олар



Одан əрі келесі түсті таңдайды. Мысалы, жасыл түс қандай түстерді жақсы көреді? Балалар бірнеше жауап нұсқаларын беруі керек.

  • Жасыл түс көкті жақсы көреді, өйткені онсыз жасыл түс болмайтынеді.

  • Жасыл түс сарыны жақсы көреді, өйткені онсызжасыл тыснболмай еді.

  • Жасыл түс қызылды жақсы көреді, өйткені көктемде жерді қызыл көкнəр гүлікөмкереді

(өйткені піскен қарбыздың сырты жасыл да, іші қызыл).

Мұғалім жауаптары əртүрлі болу үшін оларды ынталандыру керек. Басында балалар еркін жауап бере алмаса, мұғалім өзі бірнеше жауап нұсқасын айту керек. Ол балалардың ойын жинақтауға көмектеседі. Əйтпесе балалардың жауабы нақты болмауы мүмкін.


«Түс нені жақсы көреді?» ойыны

Жүргізуші: «Жасыл түс нені жақсы көреді?» деген сұрақ қояды.

Жауаптар əртүрлі болады: бірінші нұсқада жасыл түсті заттың бəрін атап шығады. Бұл ең оңай жауапнұсқасы.


  • Шыршаны (қолтырауын, құрбақа, ағаш, тотықұс), сондықтан оған өз түсін сыйлаған. Басқа жауаптүрлері:

  • Күнді, өйткені өсімдік атаулының бəрі Күннің астындаөседі.

  • Құстардың сайрағанын, өйткені құстар бұтақтарда тұрып əн салады, жасыл түс оларды тыңдаптұрады.

  • Гүлдерді, өйткені олар əрдайым жасыл түстің жанында, оларға көрік беріп, көңіл күйін көтереді.

  • Тыныштықты, өйткені табиғатта – орманда, егістікте тыныштықорнайды.

  • Өз реңктеріне сүйсіне қарайды жəне т.б. Кім көбірек жауап берсе, солжеңеді.


«Заттардың түсі қандай?» ойыны

1-нұсқа.


Мұғалім сынып ішін аралап жүріп, оқушының иығынан қағып (жүргізуші болатын оқушыны), бір түсті атайды (қызыл).

Оқушы сондай түсті заттарды атайды (көкнəр). Сыныптағы қалған балалар өз нұсқаларын атайды (бір оқушы бір затты айтады). Жүргізуші өзінің жауабын айтады (батқан күн). Келесі оқушы тағы бір затты атайды (қызанақ), жүргізуші тағы да басқа затты атайды (күзгі жапырақ) жəне т.б. Егер соңғы нұсқаны жүргізуші айтса, ол жеңеді. Мұғалімнің орнына барады. Одан кейін басқа түспен ойынды жалғастырады.

2-нұсқа.

Жүргізуші бір түсті жасырады (қызыл). Балалар тек сол түсті заттарға сұрақ қояды. Жүргізуші «иə» немесе «жоқ» деп жауап береді. «Жоқ» деген жауап алған бала сұрақ қоя алмайды.Мысалы:



  • Шыршаның түсі сондайма?

  • Жоқ. (Сұраған бала ойыннаншығады.)

  • Күннің түсі сондайма?

  • Иə. (Сұраған бала ойындақалады.)

  • Сары түспе?

  • Жоқ. (Сұраған бала ойыннаншығады.)

  • Қызанақтың түсіме?

  • Иə. (Сұраған бала ойындақалады.)

  • Қызыл түспе?

  • Иə!

Тапқан бала жүргізуші болады.

Бастапқыда мұғалімнің өзі жүргізуші болғаны дұрыс. Ол балалардың сұрағына нақты жауап бере алады (мысалы, бала «Күннің түсі қандай?» деген сұраққа қате жауап беруі мүмкін).


«Түсті тап» ойыны

1-нұсқа.


Жүргізуші түсті жасырады. Балалар қай түс екенін табады (оған жүргізуші тек «иə» немесе

«жоқ» деп жауап береді). Мысалы, сары түсті жасырады, оқушылар сұрақ қояды.



  • Ол кемпірқосақтың түстерінің біріме?

  • Иə.

  • Ол суық түспе?

  • Жоқ.

  • Жылыма?

  • Иə.

  • Құрамама?

  • Жоқ. (Демек, бізде тек екі түс қалды – қызыл жəне сары, дəл жауап беру үшін тағы бір қосымша сұрақ қойғандұрыс.)

  • Қарбыздың ішінің түсі сондайма?

  • Жоқ.

  • Бұл қызыл түспе?

  • Жоқ.

Демек, сары түс. 2-нұсқа.

Жүргізуші түсті жасырып, оны ым-ишарамен білдіреді. Мысалы, қызыл түсті жасырып, күйіп қалғанын немесе саусағын кесіп алғанын не алма жеп жатқанын көрсетеді. Көк түс – аспанға қарап не жүзіп жатқанын бейнелейді. Балалар түстерді атауытиіс.

Ойында екі жеңімпаз болуы мүмкін: біріншісі – түсті жақсы бейнелеген оқушы, екіншісі –

дұрыс тапқан бала.


«Менің көңіл күйім» ойыны

Жүргізуші бала тақтаға шығып, мимика арқылы көңіл күйін көрсетеді.

Балалар жауап ретінде сəйкес түс үйлесімін көрсетеді. Жүргізуші кім жылдам əрі дəл тапқанын анықтайды. Сол бала жүргізушіболады.
«Шатысу» ойыны

Балаларға табиғат патшалығындағы түстерге бірдеңе болған деген хабар келеді. Онда тəртіпсіздік жайлаған: шыршаның түсі күлгін, аспандағы Күн жасыл түсті, алмаағашындағы алмалар көк, саваннадағы арыстандар ашық көк түсті, теңіз суы қызғылт сары түсті жəне т.б. Егер балалар не болғаны туралы қызықты оқиғалар тауып айтса, бəрі де орнына келеді (əрқайсысы ертегі ойлап табады): «Алмалар неге көк түсті?», «Сары түсті Күн қалай жасылға айналды?», «Теңізге қызғылт су қайдан келді?» жəне т.б.

Осы оқиғалар бойынша сурет салып, оларды кейін альбомға жинап қоюға болады.
«Айту бойынша сурет саламыз» ойыны

Мұғалім оқушыларға:



  • Қағаздың ортасына үшбұрышты саламыз, оның үстіне шеңберді, шеңбердің ішіне тағы бір үшбұрышты, үшбұрыштың астына екі тік төртбұрыш сызамыз,–дейді.

Одан кейін балаларға суретке анықтап қарап, неге ұқсайтынын айтуды тапсырады. Одан соң суретті салып аяқтайды.

Балалар алуан түрлі сурет салады, оған өздері де таңғалады. Олар суреттері бірдей шығады деп ойлаған, өйткені алдында бірдей пішіндерді салды емес пе?! Бірі мысықты, бірі клоунды, бірі айдаһарды, енді бірі сарайды салды. Олай болған себебі, олардың салған үшбұрыштары əртүрлі болды, шеңберлері əртүрлі орналасты. Балалар суреттерінен əртүрлі бейнелерді көрді.


Өнер туындысына музыкалық үзінділер мен тақпақтарды таңдаңдар

Мұндай эстетикалық жағдаяттар оқушылардың ой-өрісінің дамуына септігін тигізеді. Мысалы, тақтада К. Юонның «Қыстың соңы. Талтүс», И. Грабарьдың «Ақпан айы», И. Шишкиннің «Жабайы солтүстікте...», «Қыс», «Ақпан» картиналарының репродукциялары ілінеді. Оқушылар тақпақ не музыкалық үзіндіге қысқы пейзадың бірін сəйкестендіруі керек. Таңдауларын түсіндіреді. Басқа жыл мезгілдерімен де осылай жұмысістейді.



Өнер түріне туындыны таңда

Жылдам-бақылау жүргізу үшін «сиқырлы текшені» пайдалануға болады. Мұғалімнің үстелінің үстінде жан-жағы боялған текше жатыр. Тақтада текшенің əрбір қырына сəйкес келетін бейнелеу өнері түрлерінің атаулары жазылған кесте бар (сəулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме, графика, дизайн). Жүргізуші текшенің бір жағын оқушыларға көрсетеді, ал оқушылар керек нысанның қағазын көтереді. Тапсырманың əртүрлі нұсқасын пайдалануға болады.


Бір бөлігі бойынша тап

Мұғалім интерактивті тақтада суретшілердің жұмысын көрсетеді (мысалы, егер натюрмортты өтіп жатса, онда натюрморттарды, егер пейзаж болса, пейзаждарды таңдайды). Оларды əңгімелеп, оқушыларға картиналарға мұқият қарауға мүмкіндік береді. Одан кейін жұмыстардың бір бөлігін көрсетеді. Оқушылар олардың қандай жұмысқа тиесілі екенін табады.


«Қырағы көз» ойыны

1-нұсқа. «Қайсысы үлкен?»

Мұғалім көлемі əртүрлі екі геометриялық пішінді кезектестіріп көрсетеді (екеуінің айырмашылықтары тым айқын болмау керек). Балалар олардың қайсысы үлкен екенін табады.

2-нұсқа. «Қайсысы ұзын?»

Ұзындығы əртүрлі екі затты кезекпен көрсетеді – сызғыш, таспа, қаламсауыт, қарындаш, фломастерлер. Балалар заттардың қайсысы ұзын екенін табады.

3-нұсқа. «Қайсысы жылырақ?» Балаларға бір түстің реңктері бар үлестірме қағаздарын көрсетеді (екі-екіден кезектестіріп). Олар екі реңктің қайсысы жылырақ, қайсысы суығырақ екенін табу керек.

4-нұсқа. «Қанша қадам?» (Көшеде ойнайды.) Жүргізуші белгілі бір жерді көрсетіп (мысалы, ағашты), сұрайды: «Ана ағашқа дейін қанша қадам?» Білетіндер жауап береді. Жүргізуші адымдап басып тексереді. Қадам санын дəл айтқан бала жеңеді.

Дұрыс жауапты жетонмен бағалайды. Кім көп жинаса, сол «Қырағы көз» атағына ие болады.


«Жақсы-жаман» ойыны

  1. Мұғалім жақсы, жаман қасиеттерді кезекпен айтады. Оқушылар жақсы қасиеттерді естігенде шапалақтайды, жаман қасиеттерді естігенде тынышотырады.

Жаман қасиеттер: достарды ренжіту, кітаптарды жырту, анаңмен ұрсысу, біреуге кедергі жасау, төбелесу, сөйлеп тұрған адамды тыңдамау, жаман ат тағу, өкпешіл болу, біреудің сөзін бөлу, партаға сызу, жануарларды қорлау, қоқыс тастау жəнет.б.

Жақсы қасиеттер: əлсізді қорғау, достарға көмектесу, науқас досыңның саулығын сұрап бару, əпкеңе, досыңа, анаңа көмектесу, құстарға қыста жемсалғыш жасау, сөзіңде тұру, құпияны сақтай білу жəнет.б.



  1. Жолды таңдаймыз: оңға жүрсең – анаңа үй жинап көмектесесің, солға жүрсең – атаңды орындыққа дейін жетектеп апарасың, тік жүрсең – армандаған ойыншығыңдытабасың.

  2. Мейірім мен зұлым ағашы. Ватман қағазына ағаш бейнеленген. Оның бір жартысы жасыл,екіншіжартысықара.Оқушыларсебеттенқағазданқиылғанқызылалмаларды

шығарады. Олардың теріс жағында жақсы, жаман қасиеттер жазылған. Оқушылар алмаларды сəйкес орнына орналастырулары керек. Жаман қасиеттерді қара түске, жақсы қасиеттерді жасыл түске желімдейді. Соңында қорытынды шығарады: қызыл алмалары бар жасыл ағаш қандай керемет, жақсы қасиеттер өмірімізге сəн беріп тұрғаны қандай жақсы!

№2қосымша


Бұл материал мұғалімге «Көркем еңбек» пəні бойынша сабақтарды қызықты əрі алуан түрлі етіп жүргізуге көмектеседі. Мұғалім əрбір сабаққа тақпақтарды, музыкалық үзінділер мен видеоларды өзі таңдайды. Сондай-ақ бұл материалдарды жасаған жұмыстарын таныстырғанда пайдалануға болады.

1-тақырып. Жанды табиғат



Күлімдейді жауқазын

Қар астынан сығалап, Күлімдейді жауқазын.

Қар шытса қабақ, бұға қап, Дірілдейді жауқазын.
Көктегі күннен қуат ап, Жылылық беріп Жер-Ана, Қар астынан туа сап, Өсіпті осы гүл бала.

Қызғалдақ жарып қымсынып, Еркелеп күнге қарайды.

Жас бойын сылап, сілкініп, Ақ бетін ашып арайлы.
Əзілдеп жауса ақ жауын, Астында тұрад балаша, Балдырған бала жауқазын, Не деген көркем, тамаша!
Гүлге бұлбұл келеді

Сыбанып ап білекті, Қолына алып күректі. Көктемеде Гүлсім қыз

«Көгерсін» деп гүл екті.
Нұрын септі күн күліп, Жер балқыды жылынып. Жан бітті гүл дəніне, Бойына ыстық жүгіріп.

Жан біткен соң өседі, Топырақты теседі.

Жарық күннен жар тілеп, Жапырағын төседі.
«Өс!» деді күн күркіреп. Жаңбыр жауды сіркіреп. Жаңбыр мен күн жар болып, Өсті гүлдер дүркіреп.

Жапырағы жайқалды, Жас түйіндер байқалды. Аз болмай-ақ гүл ашты, Қыз еңбегін қайтарды.


Қызық болды, не керек! Келді ұшыпкөбелек.

Келді ұшып бұлбұлдар, Гүлсімге де сокерек.


Гүл құлпырды. Жайнады. Көбелектер ойнады ...

Тамылжытып тəтті əнін Таңда бұлбұл сайрады.


Тына тыңдап бұл əнді, Гүл ұйқыданоянды.

Қыза тыңдап бұл əнді, Қыз ұйқыданоянды.

Гүл қасына із келді,

Із келген жоқ қыз келді. Құрбы қыздар Гүлсімге Қысқа күнде жүз келді.


Деді Гүлсім: – Ей, қыздар! Келсін десең бұлбұлдар, Гүл егіңдер күрек ап, Гүлге бұлбұл ынтызар!..

Сүйейік табиғатты, аялайық

Жайын жүргім келеді, жайын жүргім, Ортасында еркелеп сансызгүлдің.

Тілсіз, тылсым табиғат тілін ұғып, Қызығына батасың тереңсырдың.
Əр гүл саған елжіреп сыр шертеді. Таң-тамаша ол қызық бір ертегі.

Еркіндікті, кеңдікті көңілің сезіп, Қиянаттан, қыспақтан жирентеді.

Жібек гүлдер жүзіңді жаңартады, Жұпар ауа жаныңды тазартады. Жақсылығын бергенге міндет қылмай, Ала бер деп, алғанша тағы айтады.
Көкіректі гүлдерге қойып ашып, Гүл кілемнің үстімен жүрсең басып. Ауырлықтар əуелгі артта қалып, Көтеріліп кетеді көңіліңтасып.

Торқа, жұмсақ тосады алақанын, Аялаған анадай балапанын.

Гүлін иіскеп аунасаң көкірегіне, Есіңе кеп түседі бала шағың.
Не деген керемет ең, бай табиғат! Жасаулы дастарқаның жас сəби бақ. Жемісін жеп, аунасам гүл көрпеңе, Ренжімей, боласың оған да шат ...
Сүйейік табиғатты, аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық! Анадай табиғаттың аясында Жадырап жас балаша дем алайық!



Ө. Тұрманжанов
Кемпірқосақ

Жеті түсті қарындаш – Тату-тəтті қарындас Күні бойы болдырып, Ұзақ-ұзақ жол жүріп, Көлге бірге барыпты, Қол ұстасып алыпты ...


Күн еді бір жауынды, Артқа тастап ауылды, Жетеуінің жолымен Мен де жүріп көріп ем, Байқадым бір қызықты: Кемпірқосақсызыпты!...
Көгершін

Ауламызға қонды кеп Бір көгершін жаралы. Кенет көзі мөлдіреп, Маған үнсіз қарады.

Ұстап алып жем бердім, Емдеп,

Қайта ұшырдым. Кетпейді енді:

«Сендердің, –

Дегендей, – бір құсыңмын.


Қозым, қозым, қозым ...

Қайттың ба сен қыр кезіп, Қозым, қозым, қозым?

Жаудыр қағып тұр көзің, Көзің, көзің, көзің.
Енеңді сен көрдің бе, Қозым, қозым, қозым?

«Мамалап» кеп емдің бе, Өзің, өзің, өзің?


Шаршап келдің даладан, Қозым, қозым, қозым!

Жоқ па, сірə, «мамадан»

Басқа сенің сөзің?!
«Зообақ»

Əлімханның өзінде

«Зообақ» бар шап-шағын: Қоян бақтыкезінде

Ішіне кеп бақшаның.


Тасбақасы тағы бар, Бар жəне бір ешкісі. Шатырынан табылар Көгершіндер кешкісін.
Олай қарай кісіні Жібермейді бір күшік, Торға салды мысығын, Қалмасын деп қырқысып.
Бəрі жақсы-ау, Ал бірақ

Мынаған ой бөлмеген: Ұйықтап кетсе ол балбырап, Тышқан өрер бөлмеде!..



Көжек

Көжек қыста дауылды Малақайын кимеді.

Сөйтіп бірде ауырды, Анық суық тигені.
Ұзақ жатты бүрісіп, Қаны қашып түрінен. Бір суыды,

Бір ысып


Маңдайы да түнімен.
Қағып əрең кірпігін, Айықпасын ол ұқты. Дəрігер деп кірпінің Инесінен қорықты ...

Б. Қошым-Ноғай

Түйе

  • Иланбасаң, Өлшекеп,

Су ішемін он шелек. Төзе аламын бірақ та, Нəр татпай-ақ бір апта.
Тырналар

Ұзын сирақ тырнамыз, Бай келеміз жырға біз. Оңашаны сүймейміз, Жиналып ап билейміз.


Ұшқан кезде тізіліп, Жұрт қарайды қызығып. Бұлттан əрі асқанда,

Əн шырқаймыз аспанда.



М. Жаманбалинов

Шырша

Үйге енген бұралып

Көк шыбығын шыршаның Қарсы аламыз қуанып, Құшақ жайып

Жыл сайын.

Тойдың көркі, Құты деп,

Жібек желек жабамыз. Үлбіретіп,

Үкілеп, Алқа,

Тана тағамыз.

Шоқжұлдызға балаймыз, Шашырата шам жағып. Би билеп,

Əн саламыз,

Шыршаны шыр айналып.
...Қуаныштан шынайы Жайнап келіп

Жыл сайын,

Үйден қурап шығады Шыбықтары шыршаның.

Қ. Баянбай
Тасбақа

Іші пысқан тасбақа Сырғанауды қалады. Қырқа жаққа таң ата Кетті сүйрепшананы.


Қыбыр-қыбыр күн жүрді, Апта жүрді, айжүрді.

Дем алмастан түн жүрді, Шаршағанда жай жүрді.


Өліп-өшіп қыратқа Бір күндері жетіпті. Əттеген-ай! Бірақ та

Көктем шығып кетіпті.



Ж. Кəрбозин

2-тақырып. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Жақсы мен жаман

(Санамақ)

1

Қайыр күтпе баладан Өз мысығын сабаған.



Кім алдаса анасын, Оған қалайнанасың.
«Екі» болса алғаны–

Бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа, Орынды емес бұл аса.
Келсе сөзі анайы, Мақтамас бұл баланы.
Жала жапқан басқаға –

Барып тұрған масқара.


Қашқан бала қораздан –

Су жүрек қой ол жазған.


Добын қимас ойнауға Ұят сараң болған да.
Кім мақтанса көбірек,

Жайсыземзін жөні жоқ.

Ерінсе қол жуғанға, Нассың дейміз мұндайда.

Мұнша уақыт санарлық Бар екен ғой жамандық.
2

Бəрі жақсы баланың

«Беске» оқыған сабағын.
Айналайық баладан Көгершіндіаяған.
Адал болса досына, Азаматың осыда.
Ойнатса кім інісін, Мақұлдаймыз мұнысын.
Əділ болсаң ойында, Жақсы мінез оның да.
Күтсе бала əжесін, Жақсы дейміз дəл осың.
Өскен бала ауылда Ойнар аттың жалында.

Өзі түйме қадаса, Мұндай бала тамаша.


Барын берсе қолдағы, Бала жомарт болғаны.

Уəдесін сақтаған Баланы жұрт мақтаған.


Болады əрі санауға, Жақсылық көп қалайда.
Жалқаудың оянуы

Барлық жалқау атаулы Болады ғой бір түрлі. Оятсаң ел қатарлы, Бұздың дейді ұйқымды.


Жастыққа бас тығады, Екі көзін ашпайды.

Оянып тек құлағы, Дыбысты ести бастайды.

Тұрып сəске болғанда, Беті-қолыншаяды.

Оянбайды сонда да Олардыңқол-аяғы.



Еңбек еттік

Қашанғы енді тебем доп, Етсем екен нені ермек? Екі қолды қусырып, Қалай жүрем селеңдеп.


Ойлай келе тереңдеп, Етпек болдым мен еңбек. Қайырып кеп

Сəскеде


Қойдым төлді көгендеп.
Апам қашан келер деп, Отырам ба елеңдеп.

Салып шықтым Бояумен

Қабырғаға көп өрнек.
Оралды апам жеделдеп, Ақ жаулығы желеңдеп.

Қайта ағытты төлдерді, Бұлар аштан өлер деп.


Қайда алғысқа бөленбек, Қайда терің төленбек?! Қайта ақтады бөлмені, Шебер шығар сенен деп.

Кетті қырға төл өрлеп, Қабырғада жоқ өрнек... Сөйтіп,

Мен де, Апам да

Еттік бүгін көп еңбек.



Қ. Баянбай
Ұмытшақ

Шығарады жоқ дауды, Əлкен шашыпасықты.



Ат қып мініпдоықтау ,

Қамшы қылар қасықты.


Тысқа шығып біз кетсек, Оқтау, қасық жоқ болар.

«Жоғалды-ау!» – деп, іздесек, Ол да іздеуге оқталар.

Сұрау салып əркімге:


  • Таптыңыз ба, сіз? –дейді.

  • Ойнап ем, – деп, – əлгінде, Өзі қосаіздейді.

Ж. Кəрбозин
Мақташы мені, апатай!

Мақташы мені, апатай:

«Балам менің мықты, – деп, – Тоқты емес, қошқардай Телқозыны жықты», – деп.
Мақташы мені, апатай:

«Жүрегі мұның түкті, – деп – Қасқырдан да қорықпай, Алқымынан сықты»,– деп.


Мақташы мені, апатай:

«Балам менің мықты, – деп, –

Жарысқанда қалыспай, Жұрттан озып шықты», – деп.

Ө. Тұрманжанов
Міне, үлкен азамат

Шынықтырып денені, Тісін жуып тазалап, Мектебіне келеді, Міне, үлкеназамат.


Орамалы қалтада, Үсті-басы таза, бап. Отыр алғы партада, Міне, үлкеназамат.
Жазықсыздан жолдасын Жатса біреу жазалап, Аямайды ол басын, Міне, үлкеназамат.
Ойнамайды орынсыз Үйдің ішін мазалап. Кездессеңіз, оны сіз Дейсіз үлкен азамат.
С. Мəуленов

«Рақмет»

Із қалдырдым қаншама, Қаншама жер тапталды: Күні бойы,

Шаршамай, Домалаттым ақ қарды.
Оны қолмен ақырын Төбесінен бір басып:


  • Осы Аязатаның,

Болсын, – дедім, – тұлғасы.
Дөңгелете жөнелдім, Тағы бірін асығып. Қарбыздай ғып көлемін:

  • Болсын, – дедім, – басыбұл.

«Басты» орнына қондырдым, Өзгесі өте тез болды.

Қос таяқты «қол» қылдым, Екі көмір «көз» болды.

Қойдым: «Осы мұрын», – деп,

«Бетке» қадап сəбізді. Қарап едім түріне, Нақ клоун тəрізді.
Мақтадан «мұрт» қадалды, Түсі, əрине, ақ болды.

Дəу тымағы атамның, Төбесіне шақ болды.

Көрген сайын Ол енді

Шат жүзімен арайлы:

«Рақмет саған» дегендей, Күлімсіреп қарайды.

М. Жаманбалинов

Бала, бала, баламыз

Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз!

Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз – Көңілді əуен сазымен Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Тəрбиеші қарайды Аяққа бір, қолға бір.
Үйренеміз өнер біз, Шетімізден шеберміз: Тақпақ айтып, əн шырқап, Билеп-билепбереміз.

Əйбат жасыл ауламыз, Көбелек те аулаймыз, Бізге арнайыжасаған

Сырғанаймыз «таудан» біз.
Міне «вагон», кіреміз,

«Поезбен» жол жүреміз.

«Кемеге» де мінеміз, Толқындарды тілеміз.

«Ракетамен» ұшамыз, Көктен əрі асамыз.

Тоқтар аға жолымен Талай жұлдыз ашамыз.
Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Одан көп-көп қызықтар Күнде біздер аламыз.

Е. Өтетілеуұлы
3-тақырып. «Уақыт»
Сағат

Тілдері асығып Тықылдап тұр сағат. Тыңдады ақ мысық, Құлағын тоса қап.


«Тықылдақ бұл несі!» –

Үңіліп байқады.

«Қатты ғой іргесі» –

Басын олшайқады.

Бұғынып, жақындап, Қояды түртіп бір, Жатсынып, жатырқап, Сағаттан үркіптұр.
Ақ мысық айбатты, Ақ мысық жүректі. Бас салды сағатты, Қоңырау шыр-р етті.
Шырылдап, бажылдап, Сағат тұр тік төне.

Өн бойы қалшылдап, Ақ мысық зытты, əне!..



Т. Бердияров

Талап пен сағат

Қылығы бар Талаптың Бəрімізге ұнайтын.

Жатар кезде Сағаттың

Қоңырауын бұрайтын.

Қоңырауы сағаттың Таң атқанын білдіріп, Оятады

Талаптың


Құлағынашыңғырып.

Əдеті бар Талаптың Қорылдайтын көп уақыт, Қолындағы сағаттың Қоңырауынтоқтатып.



Қ. Баянбай

Төрт мезгілді аңсау

Қар жауса ғой боратып Түніменен, шіркін-ай! Ойнасақ біз қар атып Күніменен, шіркін-ай!


Жылғалардан су ағып, Көктем келе қалса ғой! Бала біткен қуанып, Айдын көлге барса ғой!
Құрып қойып қармақты, Суға қарап отырсақ.

Қапса сазан салмақты, Бір-біріміздішақырсақ.

Кең далада жайқалып Көз жетпейтін сағымдай, Самал желмен шайқалып Тұрса, шіркін,егінжай!
Шөпті жинап, тынығып, Мөлдір суға малтысақ! Каникулда шынығып, Демалып бір шалқысақ!

Неткен əсем, шіркін-ай, Сары жапырақ толы бау! Мектеп жақтан бір күні-ай Күмбірлесе қоңырау!



Ж. Кəрбозин

Бір аптада

Бір аптаның күндері өтті: Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде жуа тердім, Сəрсенбіде су əкелдім, Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен кино бардым, Жексенбіде бір демалдым.

М. Жаманбалинов
Көктем

Көзін қадап көкте күн, Қараса қарды ерітіп, Туыпты айы көктемнің, Жан иесін сергітіп.


Қыста қатқан көлдердің Мұз көйлегі жыртылып, Сең жүзгенін мен көрдім, Толқынды теуіп бұлқынып.
Тарғыл тартып тау басы, Қарды қағып, буланып, Ашылғандай арнасы, Сай-салада су ағып.
Қар астында сарсылып, Күн сағынған қара жер. Денесі буға малшынып, Төсін керген дала, өр ...

Қарсыз қарды аңсаған Өріске шығып мал дағы. Жүзі жарқын барша адам Жадыраңқы жан-жағы.


Нұр ойнап мөлдір көзінде Мектептегі баланың, Бітеді деп аз күнде Қуанады сабағы.
Жанданған дала, ой мен қыр Көңілді колхоз ауылым, Жортқан таңнан трактор, Тілімдеп жердің сауырын.

Жаз

Аймағымды аялап, Алтын қанат туса жаз; Айдын көлді қиялап

Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.
Аққу жүзіп көлінде, Гүлге қонып көбелек,

Сұлу жазда менің де Көңіліме күй келед.


Аймақтың алақанынан Көктемде жерге шашылған, Ұзарып өсіп інжудəн,

Ат құлағынжасырған.

Шалқар егін жайқалып, Секілді шексіз дария, Теңселгендей шайқалып, Толқындай ұрған жарына.
Күзетінде елінің Тұрған түнгі солдаттай, Күзетшісі егіннің

Ырысын күткен ардақтай.


Көз тіксең қырға азырақ, Қой, қозы шулап жамырап, Жайлауда жылқы азынап, Даусынан таужаңғырад.
Қайыруға дауыстап, Жылқышыдан шықса айқай, Осқырынап, ойқастап, Шапқылаған құлын,тай.

Құрық алып жылқышы, Қой қайырып малшылар, Күзетіп малды түн іші, Сызылтып салған əн шығар.


Елге ойдағы, қырдағы

Қақтырып жарқын жаз жайраң ...

Қызып еңбек думаны Шаттанып жұртыммəз-мейрам.

Күз

Көтеріле аспандай, Көкте сұрша бұлткөшіп;

Жергеуінж шашқандай,

Күміс моншақ шықтүсіп.


Қайың, терек басынан Сарғыш тартып жапырақ, Жерге түсіп шашылған, Жел соқса текқалтырап...
Тау басына бусанып Бозғыл тұман оралып;

Сарқырап ағып, шу салып, Өзені мың бұралып.


Мəуе пісіп балбырап, Маужыраған қоңыр күз. Алма пісіп албырап, Көзді тартқан, көріңіз.

Беті қызыл алмадай Балаларды ойнаған Анасындай аймалай Мектеп тұр қол бұлғаған.


Жерде жазғы жайқалған Орып болып егінін,

Көз жіберсең байқалған, Көңілдірек ел бүгін.



Қыс

Жауып тұтас жер бетін Көктен күміс ұшқындар, Көрсетті қарлы келбетін, Лебі суық қысқы ызғар.


Тысқа шықсақ жер аппақ, Белуардан омбықар.

Тұрса да аяз жалақтап, Емес денедомбығар.

Қарасаң ағаш басына, Қар жамылып жапырақ, Көлді көк мұз жасыра, Тұр айнадай жалтырап.
Алтайы қызыл ақ құйрық, Ақша қарға түлкі аунап, Жараған аста ат жүйрік, Аңшылар жүр түлкі аулап.

Қыр жолына көз тіксең, Құлдырап жеккен ат шана, Сызылып қарға із түскен, Ауыздыған шайнап ат шаба.


Жүре ме бала ойнамай, Соғыпты қардан ақ қала. Суықтан беті алмадай Қызарған, ойнап топ бала.
Жауып тұтас жер бетін Көктен күміс ұшқындар,

Көрсеткен қарлы келбетін, Лебі суық қысқы ызғар.



Т. Жароков
4-тақырып. Сəулет өнері Құрылысшы:

Үлгілерге қараймын Үй іргесін қалаймын. Өрнектерін оямын.

Терезесін қоямын.
Құрылысшы:

Терезеден күн күліп, Аулада гүл құлпырып. Шаттансын барлық балалар, Бақыт тапсынаналар.



Құрылысшы:

Үйге толы ырыс-құт, Үйлесіп тұр тыныштық. Еңселі əр үйіміз,

Елге тартқан сыйымыз. 5-тақырып. Өнер Сурет сала білемін


  • Былай сал, – деп, – суретті, Ағам меніүйретті.

Күн артынан күн өтті, Сала бердім суретті. Бəрін де өзім ұнаттым, Бірде ініме сынаттым.

Сиыр салсам: – Шошқа! – деп, Өзін салсам: – Басқа! – деп, Айтты сынын, саспады, Күліп, жыртыптастады.

Ал сол інім бір күні Салғанымда түлкіні, Деді: – Мұның ұнады, Əдемі екен құлағы.

Мен күлімдей қарадым –

Ішім жылып барады.

Ісмерлік

Төбесінде тұлымшақ –

Сатып алдық қуыршақ.

«Қуыршақ қой! – десе де, –

Жап-жалаңаш... Көшеде

Қалай алып жүреміз?» –

Дейміз дағы,күлеміз.
Киім іздеп сабылдық, Тəтемізге жалындық. Көйлек тігіп бермеді, Қолын бір-ақ сермеді. Көйлек іздеп сабылдық, Апамызғажалындық.
–Жұмысымды бөгеме! Жуусыз тұр тегене.

«Тігіп ал», – деп көйлекті, Апам бізге үйретті, – Иығын піш, жеңін піш, Дөңгелентіп белін піш.

«Тəуекел!» – деп көрсеңдер, Қиын емес, сенсеңдер.

Енді əуреге түспедік, Айтқандарын істедік. Жаға, жеңі бүгілді, Əсем көйлек тігілді.


Осыдан соң ойлансақ: Ерінбей-ақ қолға алсақ, Іскер болады екенбіз, Жалыныппыз бекер біз.

Ж. Кəрбозин

Əн салып береді

Белгілі ауылға Атамның өнері. Көңілді шағында Қамшы өріп береді.


Бабында үнемі Əр алуан аспабы. Жұмырлап тіледі

Қайыстан таспаны.


Дауысы тегінде

«Тəйт» деуден аспайды.

Кіріссе өрімге, Əндете бастайды.
Атамның жанына Жүгіріп келемін. Таңырқап тағы да, Тыңдаймын өлеңін.

Сезбейдіəуелі

Ол кімнің келгенін. Білмейдіəдемі

Əн салып бергенін.



Қ. Баянбай
6-тақырып. Атақты тұлғалар Абай ата

Таң қылған даңғыл талайды, Артына тастап жарқын із Сүйеді ұлы Абайды Əнқұмар

Жыршы халқымыз.

Көтерді ол туын жоғары Қадірлеп егіз өнердің: Тəңірі ондай жоқ əлі Əсем əн менен өлеңнің.


Қайғыға батты ол күні-түн Қамын жеп қара халықтың. Үзбеді бірақ үмітін,

Туар деп ертең жарық күн.


Тікті де көзін қырымға, Сынады ойсыз бектерді. Үгіттеп елді ғылымға, Жалқауды жаны жек көрді.
Қазына сүзіп тереңнен, Өзі өзін салды азапқа. Əн декөп,

Жыр көп, Дегенмен,

Абайсыз қазақ қазақ па?!.

Махамбет ата

Махамбет атам ер болған, Елінің жыртып намысын,

Еңку де еңку жер шалған Қара баланың қамы үшін.
Тілегін қуған жақынның, Еркіндік,

Теңдік–


Арманы.

Қанаты болған батырдың Астына мінген тарланы.

Тең ұстап найза, Қаламын,

Алдында ханның саспаған. Исатай сынды ағаның Қалың ну қолын бастаған.


Найзасын ұштап күні-түн, Қайтпады жаудың бірінен. Халқының асыл үмітін Оятты отты жырымен.

Батырһəмақыныапттыал ,

Қазақ боп туған Махамбет. Айтамын бүгін мақтанып:



  • Ол – менің нағыз атам! –деп.


Құрманғазы ата

Дауылпаз туған данышпан –

Ұлы күй-атам бұл менің. Бақытты көріп алыстан, Бұғауын бұзған түрменің.
Көрсе де қуғын-сүргінді, Қоштасып елмен, Үйменен,

Халқының мұңын жыр қылды Қаһарын шашқан күйменен.


Артта қап қанша шақырым, Қашқын боп қайда барса да, Шылбырын ұстап атының, Қалың жұрт шықты қарсы ала.
«Ұлым!» деп қазақ себебі Білетін Құрманғазыны.

Шаттыққа елдің бөледі Домбырасының сазы – үні.


Бар қазақ Өнер,

Ой қуған


Бас иер бүгін Құрманға. Құрмансыз өтпес той-думан, Домбыра мен күй тұрғанда!..

Б. Қошым-Ноғай
Ыбырай

Жырын жаттап жатамыз Жалықпастан қыс-жазы. Ұлы Ыбырай атамыз – Ұстаздардың ұстазы ...


Ұран тастап көп елге:

«Кел, балалар, оқылық!» –

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!»


Бұларды да мектепте Білдік алғаш оқып біз! Ұлы болып кетсек те, Ұлы ұстазға – шəкіртпіз!

Ж. Əбдірашев

Жамбыл ата

Жүрсе де, мейлі, қай тұста, Тілегіне елдің сай түсіп, Жеңген-ді талай айтыста Құлмамбеттермен айтысып...


Сыйлады кəрі, Жас демей

Халқының осы əз ұлын. Тыңдады Қастек, Қаскелең

Ақылы менен əзілін.
Халқының ғажап тұрмысын Қуанып,

Кеше ол əн қылды. Ұғынса сұлу жыр күшін,

Ұмытпайды елі Жамбылды. Көкірегіне кек тұнып, ЖырладыЛенинградты.

Дұшпандарына оқ қылып, Ағыл да тегіл жыратты.

Сынығы еді асылдың, Қиын да қызық өмірі. Жиырмасыншы ғасырдың Атанды ол алып Гомері!..

Б. Қошым-Ноғай
7-тақырып. Су – тіршілік көзі Сүңгілер

Етегінде шатырдың Тізіліп ап сүңгілер Терезеден ақырын Бөлме ішіне үңілер. Деді сонда Күн апай:



  • Сығалама, қарағым! Ал шатырдан құласа, Күн қиналақарады.

  • Ұрысты! – деп сүңгілер, Көзден жасытамады-ай!

  • Күн апайым ұрды! – дер, Кейбір шатақбаладай.

Ж. Кəрбозин
Су-Ана

«Су – тіршілік, білсеңдер, Судан ырыс күткен жер ... Суды лайлап,

Түкірме!..» –

Деп үйретер үлкендер ...



Ө. Ақыпбекұлы
Қырау

Түн ішінде бұл қыстың Көзі қалай көреді?

Үкі таққан үндістің Суретін сап береді.
Көр, кəнеки, қаймықпай, Мүйізінен бұланның!

Сызады ол айнытпай Қауырсынын қыранның.


Қарт Арарат тауларын, Сібірдің ну орманын,

Жетісудың бауларын Көрдім талай салғанын.


Таңертеңнен телміріп, Терезеге қараймын.

Салар едім мен мұны, Əуреленсем талай күн!..


8-тақырып. Демалу мəдениеті. Мерекелер Бірінші қыркүйек

Қалың бала жиылған Кең ауланы толтырды. Жаңа келген қиырдан Жыл құстары секілді.

Төңіректі түрленткен Гүлдер неткен көп еді! Қыркүйекте бір көктем Мектепте өстіп келеді.

Қ. Баянбай

Жаңа жыл жыры

Аппақ бүгін қыр – дала, Ақ дастарқан жапқандай. Халық біткен қарбалаң Қонақ күтіпжатқандай.


Көңілде көп қуаныш Əрбір көзге жақсы үміт. Кетер жылға мың алғыс Əкелген көпжақсылық.
Жаңа жылда алдағы Көңіл өсіп кеңейсін. Ортақ ойы, арманы Жақсы достаркөбейсін.
Оқ атпасын ешкім де, Өмір деген тым ыстық, Жұмыр жердің үстінде Бұзылмасын тыныштық.

Ə. Дүйсенбиев

Демалыс

Қинамайды мені анам, Бүгін үйде демалам.


Тəртіп сақтау керек деп, Жүгірмеймін дедектеп.
Ретін тауып мұндайда, Болады бет жумауға.
Бүгін дəмсіз бөкпенді Жемесең,

Түк етпейді.


Болады үйде жүргенде Таза киім кимеуге.
Келген жоқпын мен үйге Шығу үшін сейілге.
Түскі ұйқыны ...

Қой əрі,


Түнде ұйықтасам болады.
Келдім екен үйіме, Түсем ерке күйіме.

Қ. Баянбай

Аналар мерекесі

Ана жайлы – Ойлы əн, жыр, Жаз да,

Жұртты толғандыр. Халықаралық...

Ж-о-қ!..


Бүкіл адамзаттық мейрам бұл!..

Таңдай қағар тамсана, Тіршіліктің басы – Ана! Қыздырайық тойды біз, Бар əлемге жар сала!


Зор мереке – Көктем бұл, Көктен

Күн боп төккен нұр... Майда қоңыр самал ол Сипап өтер беттен бір!..

Теңеп Күнге, Көктемге,

Қадіріне жетем бе?! Жерге, Отанға

Осы есім, Қосарланбасбекерге?!

Құтты болсын Жаңа жыл!

Тілеймін мен бар əлемде Дос көп болсын жанашыр! Ата, əже! Ата, əже!

Құтты болсын Жаңажыл!
Тілеймін мен бар адамға Жаңа бақыт, жаңа жыр! Папа, мама! Папа, мама! Құтты болсын Жаңажыл!

Ғ. Жұмабаев

Жаңа жыл

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Не əкелдің сен бізге? Бау-бақшаң толған гүл, Төлдерің семіз бе?

Бауырсақ, балмұздақ, Концертке ... молсың ба? Бізді алға барғызбақ

Сен Жаңа жылсың ба? Жаңадан көп түрлі Машина бергейсің.

Жаңадан көк сырлы Үйлерге кіргейсің. Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңалық ізде сен.

Жаңа əн, жаңа жыр Жазып бер бізге сен!


Х.Ерғалиев
Балаларды қорғаукүні

Балалардың бақшасында бүгін той –

Балаларды қорғау күні, біліп қой!
Алақай-ау, алақай!

Той тойлайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық, балақан!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп, Кел, қосылып əн шырқайық, би билеп!
Алақай-ау, алақай!

Əн шырқайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайықбалақан!

Тілін алып тəрбиеші тəтелер. Гүл жайнайық елімізде мəпелер!
Алақай-ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайықбалақан!



Е. Өтетілеуұлы
Бірінші мамыр

Мамыр кеп жайнатты Қаланы,

Мамыр кеп жайнатты Даланы!

Күні бұл көктемнің Арайлы,

Күлімдеп көктен Күн Қарайды.
Қолына көгілдір Туалып,

Шықты жұрт шеруге Қуанып.

Шарықтап өлеңім, Мейрамдап, Көшеде келемін Жайраңдап.
Қолымда қызыл гүл, Жалауым,

Нұр бөлеп жүзімді, Барамын.


Мамыр кеп жайнатты Қаланы,

Мамыр кеп жайнатты Даланы!



Құтты болсын, Наурыз

Құтты болсын, Наурыз, Үйге ат ізін салыңыз.

Ұлы күні ұлыстың Дастарқанда барымыз.
Құтты болсын, Наурыз, Сарқылмасын сары уыз. Кенелсін көгөніске Гүлдеп бақша-бауымыз!
Құтты болсын, Наурыз, Жалқаулық – қас жауымыз. Дала толып егіске,

Малға толсын тауымыз!



О. Асқар

Бірінші сəуір

Көптен күттім сəуірді мен Алдау үшін Маратты, Сəті түсіп соның,міне:

–Аға! – деп жалт қараттым, –

Кітабыма бір қарамай, Айтып едім өтірік,

Сол сабақта Құрбан ағай Қойды маған «екілік».
... Сосын Марат ұрсып маған, Сөйледі-ай кеп,

Сөйледі:


  • Үйден

Аттап бір шықпа да, Оқы,

Ойынды қой! – деді.

Келдім де тез шешімге мен, Қадап оған көзімді:


  • «Күлкі күні» ... Кешір! – деп ем, Тыңдамадысөзімді.

Қамады əкеп өз бөлмеме, Шертті де бір шекемнен. Сенбеді шын сөздерге де, Алдаппын ғой бекер мен.


Күлкі күні, міне, қызық, Күлкі болдым көргенге.

Жалғыздықтан елегізіп Отырмын мен бөлмемде!..



Б. Қошым-Ноғай
16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

Тəуелсіздік –

Бақ туын

Қолға ұстаған сəт бүгін. Ақсарбас қой – құрбандық, Болсын дəйім шат күнім!


Болашаққа серпін нық, Көкке атады бөркін жұрт ... Тəуелсіздік – ынтымақ, Тəуелсіздік – еркіндік ...
Қыста келген бақыт бұл, Қыспай берген жақұт, нұр. Аппақ қардай пейілін Əлемге

Еплтіұмршашы

!..


Ө. Ақыпбекұлы

Мазмұны

Алғысөз 3

«Көркем еңбек» пəні бойынша ОƏК-ніңнегізгі құрамы 5

Ұзақмерзімді жоспар 9

Тақырыптық-күнтізбеліксабақжоспары 11

Ортамерзімдіжоспар 14

Қысқамерзімді жоспар 74

№1 қосымша 171

№2 қосымша 176

Оқу - əдістемелік б а с ы л ы м Раупова Надежда Алимовна КӨРКЕМ ЕҢБЕК

ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ

Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған Редакторы Н. Бекхожаева

Көркемдеушi редакторы А. Бекқожанова

Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева

Корректоры Ү. Бахова


205
Компьютерде беттеген И. Джарбулова


ИБ №047


Теруге 20.02.2018 берiлдi. Басуға 09.07.2018 қол қойылды. Пiшiмi 60×841/8.

Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылыс. Əрiп түрi «мектептiк».

Шартты баспа табағы 24,18. Есептiк баспа табағы 14,6. Таралымы 4000 дана. Тапсырыс №3592.
«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.

Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты. 050002,




206
Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41.




Скачано с www.znanio.ru
жүктеу 282,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау