Төртінші сұхбат:
Сіз үйіңізге дейін немен барасыз?
Мен үйге жаяу барамын.
Бесінші сұхбат:
Сен үйге немен барасың?
Мен үйге дейін №25 автобуспен барамын, өйткені мен осы арадан алыс тұрамын.
Мына тапсырмаларды орындаңыз:
Жұмыс орныңыз қай жерде? Жұмысқа қандай көлікпен барасыз? Әріптесіңіз жұмысына қандай көлікпен барады екен?
Сөйлемдерді толықтырыңыз:
Айтыңызшы, бұл жерден орталыққа ... ? Әкімдікке нешінші ... ? Мен жұмысқа нөмірі ... . Мен түскі үзілісте үйге барып түскі тамағымды ішемін, өйткені ... . Маған базарға дейін нешінші автобуспен ... ? Келесі аялдама ... ? Вокзалға дейін ... . Сіз жаяу ... ? – Иә, өйткені мен жақын ... . Қай аялдамадан ... ? Сізде «Жабаев» аялдамасынан ... .
Достарыңызбен бөлісу: |