«Кинометафора» әдісі арқылы Резерфорд тәжірибесі туралы бейне үзінді көрсетіледі.
Белсенді оқытудың «Жүгіртпе шынжыр» тәсілі арқылы оқушыларға тапсырма беремін. Онда бөлмеде ілінген сұрақтарға жеке одан кейін топта талдап жауабын жазады.
Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы
Атомның планетарлық моделін кім ұсынған? (1911жылы Резерфорд ұсынған)
Атом неден тұрады? (ядродан және электрондардан)
Яроның заряды қандай? (оң заряд)
Электрондардың заряды қандай? (теріс заряд)
Ядроның диаметрі неге тең? (10-12 -10-13 см)
Бір элементар зарядтың мәні неге тең? (1,6*10 -19 Кл)
Массалық сан деп нені айтамыз? (яродағы протондар мен нейтрондардың жалпы А санын )
Саралаудың «Диолог және қолдау көрсету» арқылы оқушыларға үнемі ынталандырып және қолдау көрсетіп отырамын. Жауаптарын оқушылар жарнама, хабарландыру және кесте түрінде айтады.
1-топ: жарнама жасайды
2- топ: хабарландыру жасайды
3-топ: кесте немесе сурет
Достарыңызбен бөлісу: |