Пәні
|
Физика 7 кл
|
Өтілетін мерзімі
|
11.03.2016
|
Сабақтың тақырыбы
|
Практикалық жұмыс: Архимед заңына сапалық және мәтінді есептер шығару
|
Мақсаты
|
Теориялық білімін практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
А. Архимед заңының дұрыстығын тәжірибе жүзінде тексереді.
В. Жүргізген жұмысына сипаттама беріп, дәлелдейді.
С. Өз жұмысына баға береді.
|
Сілтеме
|
В.И.Кем, Б.А. Кронгарт, 7-сын «Есептер жинағы», электрондық оқулық.
|
Түйінді идеясы
|
Архимед заңының өмірдегі маңыздылығы және техникадағы қолданысын түсінеді.
|
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
|
Диалогтік оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу, тақырыпты талдау
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: топқа, рольдерге бөлу
Оқуды және оқыту үшін бағалау
АКТ-ны қолдану
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс
|
Ресурстар
|
Динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка, тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс.
Білім тексеруге арналған таратпа материалдар,
өзін-өзі бағалау парақтары, физикалық шамалар жазылған стикерлер.
|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Қолданылатын модульдер
|
Ұйымдастыру кезеңі
2мин
|
Топқа бөлу
|
Физикалық шамалардың басқы әрәптеріне сәйкес бөлу
|
Ынтымақтастық орнату
Жас ерекшелігі
|
2мин
|
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
|
«Көбелек» слайдын көрсету
|
Ынтымақтастық орнату
АКТ
|
«Білу» 10 мин Үй тапсырмасын, тарау бойынша білімдерін тексеру
|
1. «Ол туралы не білесің?» стратегиясы бойынша сұрақтар қоямын
2. 67-бет эксперименттік тәжірибе нәтижесін тексеремін
|
1. Архимед заңын түсіндір.
Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді
2. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?
FA архимед күші – сұйықтың тығыздығына, дененің көлеміне,еркін түсу үдеуіне
3. Архимед күші қандай күш?
Архимед күші кері итеруші күш
4. Денелердің жүзу шарттарын тұжырымдаңдар
F a>FA дене батады
F a=FA дене жүзеді
F aдене қалқиды
5. Сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін
ығыстырушы күштің шамасы неге тең?
Жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы ауырлық күшіне тең , F ы=Fа
6. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме?
Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса , , дене батады
7. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме?
Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса , , дене қалқиды
б) 30 – жаттығу № 3 есеп
Массасы 100 кг , көлемі 0,2 м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?
|
Формативті бағалау
|
«Түсіну»
10мин
|
1.Электрондық оқулықтан виртуальдық көрсетілім
.
|
1.Тәжірибені оқушылар өздері талдайды.
Дененің өзін өзгертпей , денеге әсер етуші архимед күшін арттыруға немесе кемітуге бола ма?
Болады,сұйықтың тығыздығын өзгерту арқылы.
|
Диалогтік оқыту, СТО
|
«Талдау»
5мин
|
109-беттегі 782-784 сұрақтарды қою
|
|
Формативті бағалау
|
«Қолдану» 5мин
|
Архимед заңын тексеруге болатын тәжірибе ұсыныңыз-топпен.
|
(оқушылар өздерінің тәжірибесін ұсынады)
|
Формативті бағалау
|
«Жинақтау»
5мин
|
|
Әрбір топ ортаға шығып түсіндіреді.
№1
Массасы 500 г капрон білеушеге су тарапынан қандай Архимед күші әсер етеді?
№2. Егер керосиннің кері итеруші күші бірінші есептегі кері итеруші күшке тең болса, керосинге салынған мұздан жасалған дененің көлемі қандай болады?
№3. Көлемі екінші есептегі дененің көлеміне тең денеге
5,6 Н кері итеруші күш әсер етсе , ол дененің қандай сұйықта тұрғаны?
|
Диалогтік оқыту, СТО, топтық жұмыс
|
«Бағалау»
3мин
|
Тест тапсырмасы.
|
Қосымша-1
|
СТО
|
Оқушылардың бағалауы 3 мин
|
БББ кестесін толтыру
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, көңіл-күй диаграмммасына іледі.
Бағалау парақтарын толтыру.
|
Формативті бағалау
|
Үй жұмысы
|
Міндетті: тарауды толық қайталау -түрлі тапсырма дайындау
Мүмкіндік деңгейлі: тараудағы заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып «ЭССЕ» жазу
|