Сабақтың тақырыбы: ms word бағдарламасында кестелермен жұмыс Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 270,18 Kb.
бет1/3
Дата22.05.2018
өлшемі270,18 Kb.
#15998
түріСабақ
  1   2   3


Гимназия сыныптары бар №16 жалпы білім беру орта

мектебінің информатика пәні мұғалімі

Битаева Жадыра Ережепқызы
Сабақтың тақырыбы: MS Word бағдарламасында кестелермен жұмыс Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды жиектеуді көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2010 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері.

Білім мен қабілетті арттыруда қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

- Ms Word мәтіндік процессорына мәтін енгізу ережелері;

- Мәтіндік редакторда мәтінді енгізу, ерекшелеу, көшіру,қою және қию әдістері;

- Кестелерді құру әдістері;

- Кестелерге мәліметтерді енгізу және оларды форматтау әдістері;

Оқушылар үйренуі тиіс:

- Ms Word мәтіндік процессорын жүктеу ;

- Мs Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу;

- Мәтін фрагменттерін ерекшелеу, көшіру, қию және қою;

- Кестелерді құру және оларды форматтау;

- Мәліметтерді кестелерге енгізу және оларды форматтау;



Сабақтың кезеңдері :

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау. (Сұрақ жауап)

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Практикалық жұмыс. «Өзің орында!» жеке тапсырмалар

5. Бекіту сұрақтары.

6. Қорытынды.

7.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын сұрау. Word бағдарламасы бойынша өткен сабақтардан сұрақтар қойылады: ♦ Word бағдарламасы дегеніміз не ? ♦ Microsoft Word бағдарламасын іске қалай қосамыз ? ♦ Мәтін үзіндісін көшіру,жою, жылжыту алдында қандай әрекет орындау керек? ♦ Microsoft Word терезесінің негізгі элементтері қандай ? ♦ Microsoft Word құжаттарын сақтау кезіндегі әрекет ретін көрсетіңіз. ♦ Microsoft Word бағдарламасында мәтіндік маркерлеумен немесе нөмірлеу қандай әмірлердің көмегімен жүзеге асады?

♦ Word құжатын қандай командалар көмегімен ашуға болады?

♦ Қандай әдістермен редакциялауды орындауға болады?

♦ Қаріптерді форматтау не үшін қолданылады және қаріптің өлшемін қалай өзгертеміз?

♦ Мәтін абзацын форматтау дегеніміз не?

♦ Word бағдарламасында жаңа бет ашу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?


Кесте_мәтіндері_мен_суреттері_бар_жолдар_мен_бағандардан,_ұяшықтардан_тұрады._Кестелермен_жұмыс_істеу_үшін_Кесте_(Таблица'>3. Жаңа сабақ.
Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады.

Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады.



Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  1. Кесте (Таблица) менюінде Кірістіру (Вставить) командасын және содан кейін Кесте (Таблица) командасын орындау.

  2. Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандардың санын көрсету.

  3. ОК батырмасын басу.








1-сурет. Кесте менюі 2- сурет. Кестені кірістіру терезесі
Кестені қолмен де дайындауға болады – бұл тәсіл әдетте күрделі кестелерді дайындау үшін пайдаланылады. Кестені дайындау үшін Кесте (Таблица) менюінің Кестенің суретін салу (Нарисовать таблицу) командасын орындау керек. (1 сурет).

Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезе ішінде көрсетілген пішінді Автоформат терезесінде таңдауға болады. Терезенің төменгі жағындағы қосымша батырмалар таңдалынған стандартты типтегі кестеге қосымша рәсімдер жасауға мүмкіндік береді. (3-сурет)


3-сурет. Автоформат кестелері диалогтік терезесі.


Кестелер мен шекаралар (Таблицы и границы) аспаптар тақтасында кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар бар (4 сурет).

Кестелермен немесе оның бөліктерімен қандайда бір әрекетті орындамастан бұрын оны ерекшелеп алу қажет.



4-сурет. Кестелер мен шекаралар аспаптар тақтасы

жүктеу 270,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау