Ашық сабақтың жоспары
күні:13.12.2008
уақыты: 11.30
Оқу тобы: Қт-08
Барлық оқушы саны: 19
Сабақтың тақырыбы: Micrasoft Word мәтіндік редактор
сабақтың мақсаты:
а) білімділігі мәні: Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
ә) дамытушылық мәні: Оқушыларға еріктілікті дамыту, қабілеттілікпен белсенділікпен, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
б) тәрбиелік мәні: Оқушыларды тиянақтылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: ми шабуылы, топпен жұмыс, ассесация
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, карточкалар.
сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық даярлық
Үй тапсырмасын сұрау:
І. топпен жұмыс
І топ
Microsoft Word – та таза парақты қалай жиектейміз?
Paint – та құрал саймандар тақтасын шығарыңыз?
Microsoft Word терезесін қалай іске қосамыз?
Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
Microsoft Word – та кестені қалай шығарамыз?
ІІ топ
1. Microsoft Excel -ді қалай іске қосамыз?
2. Word қандай редактор?
3. Word редакторын іске қосу амалы?
4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша?
5. Word редакторында шрифті қалай енгіземіз?
Жаңа тақырыпты хабарлау
Тақырып бойынша талқылайтын мәселелер.
Ms Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол – мәтіндік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Мәтіндік информацияны енгізу, теру және өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік редакторлар деп атайды).
Мәтінді ЭЕМ – де өңдеудің артықшылығы – информацияны өзгерту, көбейту және көшірп жазудың жеңілдігі. Үлкен мәтінге өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі өзгеріссіз қалады да өзгерістер мәтіннің өзгерілетін шағын бөлігіне ғанга енгізіледі. Егер мәтіннің үзіндісі ЭЕМ – нің зердесіне енгізілген болса, онда оны қайтадан енгізбей – ақ, басқа мәтіндерге көшіріп жазуға болады. Мәтін енгізілгеннен кейін, қанша уақыт өтсе де кез келген уақытта оның жаңа көшірмесінің қажетінше бірнеше данасын басып шығаруға болады.
ЭЕМ мәтінге қолданатын амалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл мәтіндегі бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға, мәтіннің қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мәтінге қосымша бір – екі сөз қосып жазу керек болсын, онда бүкіл мәтін қалқып кетеді, бұрын бір жолдан екінші жолға тасымалданып жазылған сөздер енді жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол ортасындағы сөз – жолдың шетіне ауысуы мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін «тегіс» мәтін алу үшін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, олардың жолдары бойынша орналастыру қажет. Осындай шығармашылық емес, техникалық жұмысты қазіргі заманғы мәтіндік өңдеу жүйелері ешқандай қиындықсыз орындай алады.
ЭЕМ – де мәтінмен жұмыс істегендей тағы бір жақсы мүмкіндік – ол өзгерістерді кері қайтару, яғни мәтіннің алдыңғы күйлерін қалпына келтіру, өзгерістерді кері қайтарудың көмегімен қателесіп өшірілген жолдарды, абзацтарды және тарауларды қалпына келтіруге, мәтіннің өткен вариантына кері оралуыа болады.
Символдарды форматтауға шрифт параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін маңызды деген элементтерді айқындап алып, олардың параметрлерін өзгертуге және кейбір символдарды жоғары, не төменгі индекс ретінде кішірейтілген жазба әріптерімен бейнелеуді тағайындауға мүмкіндік береді.
Бұлардан өзге арнайы шрифтер, олар құжатты көркейтіп, безендіреді.
Қаріптер (Шрифтер)
Қаріп ұғымына:
- қаріптің типі;
- қаріптің мөлшері;
- сызылымы (начертание);
- түсі;
- арнайы эффектілері жатады.
Әр түрлі мақсаттарға арналған алуан түрлі қаріптер бар. Қаріптің символ мөлшері пункт өлшемі арқылы беріледі, негізгі мәтін үшін әдетте 9,10 – пункт тақырыптар олардан үлкенірек өлшеммен, ал ескертулер мен сілтемелерді көрсетуде – 8-пункт тағайындалады.
Қаріптердің негізгі параметрлерін тағайындау
Форматтау процесі негізінен символдардың қажетті параметрлерін тағайындаудан тұрады.
Қаріптің негізгі параметрлерін (типі, өлшемі, сызылымы) Формат командасының менюі «Форматтау» саймандар тақтасындағы пернелік командалар мен контекстік меню жүйелерінің көмегімен тағайындауға болады.
«Қаріп» сұқбаттасу терезесін пайдалану
Қаріптермен жұмыс істеуге арналған саймандардың толық жиынтығын «Қаріп» сұқбат терезесі ұсынады. Бұл терезе кез келген қаріп типін таңдауға Ms Word жүйесінде талап етілетін барлық параметрлерді тағайындауға мүмкіндік береді.
Жұмыс процесінде пернелік командалардың, контекстік менюдің және саймандар тақтасының саймандардың түрі көмегімен қаріптердің параметрлерін өзгертуге және толықтыруға болады.
«Қаріп» сұқбат терезесін ашу үшін мына әрекеттердің бірін орындау керек:
- формат – Қаріп командасын таңдау керек;
- құжаттың жұмыс аумағында тышқанның оң жағын басып, сонда экранда пайда болған контекстік менюден «Қаріп» командасын таңдау керек.
«Қаріп» және «Интервал». Қаріп – компьютерде орнатылған шрифтер тізімі.
Шрифтердің сызылымы келесі операциялардан тұрады:
- кәдімгі негізгі мәтін символдары үшін пайдалану;
- курсив сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдалану;
- жартылай қарайтылған (полужирный) сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдалану;
- мөлшер (размер) - әріптердің мүмкіндік мөлшерлерінің тізімі (8 – 72 пунктер аралығында);
Астын сызу мыналардан тұрады:
- жоқ мәтіннің асты сызылмай бейнеленбейді;
- кәдімгі мәтіннің астын тұтас сызықпен сызу;
- тек сөздер, тек сөздердің асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар сызылмайды;
- сөздердің астын қос сызықпен сызу;
- түс (цвет) мәтінді бояйтын мүмкін түстер (авто, қара, қызыл, сары) тізімі бар.
Эффектілердің құрамы:
- сызылған (зачеркнутый) – мәтін үстінен тұтас түзу сызықпен сызу (түзету кезінде пайдаланылады);
- жоғары индекс мәтін базалық сызықтың деңгейінен төмен түсіріледі;
- жасырын (скрытый) мәтін баспаға берілген кезде көрінбейді;
- кішірейтілген жазба әріптер (малые прописные) мәтін мөлшері жол әріптеріндей жазба әріптерімен бейнеленеді;
- алдын – ала келісім бойынша (по умолчанию) – бұл сайманың түрін басу «Қаріп» терезесінде тағайындалған парамертрлер бұдан былай осы нұсқамен дайындалатын барлық құжаттарға келісім бойынша пайдаланылады.
Өңделіп жатқан мәтіннің кейбір фрагменттерінің қаріптерінің парамертрлерін тағайындауға болады. Ол үшін сол керекті фрагментті ерекшелеп, «Қаріп» терезесі көмегімен оның керекті парамертрлерін тағайындауға болады.
Мұнда тек ерекшеленген фрагменттің ғана қаріп парамертрлері өзгереді, ал қалған мәтін өзгеріссіз қалады.
І. топ
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылысы) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)
2. Терезені жабу батырмасының аты (жабу, закрыть closed)
3. Windows – дегеніміз не? - (операциялық жүйе, operation system операционная система)
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, mouse, мышь)
5. Дүниежүзілік компьютерлік желі – (интернет internet)
ІІ. топ
Үйдің негізгі бөлшегі немесе объектісі терезелер мен белгілер болып табылады. (терезе, окно, windows )
Құжатты сақтау батырмасының аты – (сақтау, сохранить как..., save as)
Сурет салу қаламы – (қарындаш, карындаш, pencil)
Қажетті емес символды алып тастау пернес - (алып тастау, удалить, delete)
Жолдар мен бағандардың қиылсып ұяшық құруын не деп атаймыз?- (кесте, таблица, chart)
1Карточка
1.Мына фигурада неше ұшбұрыш бар?
2. Бір столда екі әке, екі бала, бір немере отыр. Стол басында неше адам отыр.
2 Карточка
1. Мына фигурада неше ұшбұрыш бар?
2. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын алыптастаса неше бұрыш қалады?
3 Карточка
Мына фигурада неше шаршы бар?
Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әр қайсысы екі партиядан ойнаса барлығы неше партия ойналды?
Жаңа тақырыпты бекіту: Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияны пайдалана отырып тақырыпты бекіту
Үйге тапсырма: Өтілген тақырыптарды толықтырып тест, караточкаларын дайындау.
Бағалау: Оқушылардың алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы бағалау.
Қорытынды:Алған білімдерін саралап, жүйелеп қортындылау.
Пайдаланылған әдебиет:
1. "Информатика" Байжұманов
2. "Информатика негіздері" Жаппарова
3. "Информатикадан 30 сабақ" Балапанов, Бөрібаев
4. "Информатика және компьютер" Бөрібаев
5. "Информатика негіздері" №1,2,3,4, 2008ж
Қызылорда облысының Білім беру басқармасы
Қызылорда "Қызмет" колледджі
«Бекітемін»
Колледж директорының
оқу-әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасары
________ Бектаева Ғ
«_____»_______ 200__г.
Ашық сабақ
пән аты: Информатика
Тақырыбы: Micrasoft Word мәтіндік редактор
Информатика пән оқытушысы: Қарақұлова С.Е.
Қызылорда 2008ж
Достарыңызбен бөлісу: |