Сабақтың тақырыбы: Мәтінді енгізу, редакциялау Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні



жүктеу 68,27 Kb.
Дата31.01.2018
өлшемі68,27 Kb.
#8231
түріСабақ

Күні


Пәні

Информатика



Мұғалім аты-жөні Избагамбетова М


6 «а» - сыныптары




Сабақтың тақырыбы: Мәтінді енгізу, редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Оқушыларға мәтіндік процессордың барлық мүмкіндіктерін

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Нәтиже:

  • Компьютердің даму бағыттарын түсінеді.

  • Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді.

  • Компьютердің сәулеті және компоненттерін біледі.

Түйінді идеялар:

Компьютердің заманауи даму бағыттары

Компьютердің жұмыс істеу принциптері



Компьютердің сәулеті және компоненттері

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:




Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

«Кім жылдам» ойыны
Сұрақтар:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі? 
2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
3. Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не? 
4. Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
5. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?
6. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?

7. Сақталған құжатты қалай ашамыз?

8. Құжатқа символды қалай кірістіреміз?

9. Құжаттың масштабын өзгертетін бұйрық?

10. Жоларалық интервалды қалай өзгертеміз?

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

«Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Оқушылар бір бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыру.

«Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керек
Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, кегль, бүріккіш, алгоритм.


Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. 

1. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
2. Өнер алды - қызыл тіл
3. Ырыс алды – ынтымақ
4. Көз қорқақ - қол батыр.
5. Ұрлық түбі – қорлық
6. Денсаулық – зор байлық.
7. Еңбектің наны тәтті,
Қорқақтың жаны – тәтті

8. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

9 Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді

10. Оқу инемен инемен құдық қазғандай
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей
1. «Менің Отаным – Қазақстан» деген мәтінді теріңдер.

2. Қаріптерге назар аударыңыздар. 
2. Терілген мәтінді «Отан» деген атпен сақтаңдар.
«Менің Отаным – Қазақстан»


 Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұрады. Асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!


2 - деңгей
А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазу


Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.

Жамандық көрсең нәфритлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

3 - деңгей
«Менің сыныбым», «Менің ең жақсы көретін пәнім», «Менің досым» тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.

Сергіту сәті 1 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау 

Қосымша тапсырмалар
«Информатика» сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді теріп жазу.

«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.
«Н»- ноутбук, номер, надпись.
«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.
«О»- орналастыру, орау.
«Р»- реттеу, редактор, рисунок.
«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.
«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.
«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.
«И»- информатика сабағының мұғалімі.
«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.
«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.

  • А) Word, wordpad, блокнотӘ) Paint, avast Б) Doctor, Text в) Wordpad

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге. «Word редакторы бойынша ребус, сөзжұмбақ құрып келу. Қайталау.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

жүктеу 68,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау