Сабақтың тақырыбы: Мейірбике ісі философиясы. Медициналық этика және деонтология Сағат саны: 90 мин (100%)



жүктеу 0,77 Mb.
бет1/11
Дата21.11.2018
өлшемі0,77 Mb.
#23123
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацептика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы

Клиникаға кіріспе
пӘні бойынша Әдістемелік өңдеу


Мамандығы: Емдеу ісі

Курсы: 2

Семестрі: 4

Құрастырушы: Джураева Г.Р.


ШЫМКЕНТ 2013
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_____» ____________ № «____» хаттама


Бекітемін

Кафедра меңгерушісі _________________________

1 - сабақ


  1. Сабақтың тақырыбы: Мейірбике ісі философиясы. Медициналық этика және деонтология

  2. Сағат саны: 90 мин (100%)

  3. Сабақ түрі: теориялық

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды мейірбике ісі философиясымен, медициналық этика және деонтологиямен таныстыру

  • тәрбиелік: мейірбике жұмысы барысында науқастармен, әріптестермен қарым қатынас ерекшеліктерін үйрету

  • дамыту: жұмыс барысында тақырып бойынша алған білімдерін қолдана білу

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.




  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Мейірбике ісі философиясы.



Философия - адамның рухани іс әрекетінің формасы, онын ой- пікірі, өмір турасында түсінігі Философия әлемді бөлінбейтін түрде үйрететін пән. Адам мен әлемді біріктіреді, сондықтанда әр бір Адам, әрбір науқас бүтін бір әлем. Сау адам немесе науқаспен қаншалық көп және ықыласпен сұхбаттасаңыз, оны соншалық терең пікірлі, шексіз білімді өзіне тән мінезге, пейілге ие екеніне сеніміңіз артады. Оның физикалық азаптарымен рухани қиналуларын білу, сезіну, сізді және күрделі мәселелер әлеміне тартады. Сондықтан да науқаспен ұзақ уақыт, ауру кезеңінің басты бөлімінде бірге болатын мейірбике философиялық ой-өрісін дамытатын мәселеге кең және терең қарайтын маман иесі болуы керек. Қорытындылап айтқанда мейірбике философиясы ол медбикенің практикасына деген қарым-қатынасы мейірбикелік ісіне, әлем бүтіндігіне көзқарасы жөне онда мейірбикенің орны турасындағы дүние қарасын көрсету.

Дүнне жүзілік келісімге орай мейірбике ісі философиясы негізгі 4 түсініктемеге негізделген:

  1. Науқас

  2. Мейірбике, мейірбикелік ісі

  3. Қоршаған орта

  4. Денсаулық

Жеке адам туралы түсінік мейірбике ісі философиясында ерекше орын алады. Науқас мейірбике қызметінің обьектісі болып табылады. Мейірбикенің әр түрлі дәрежедегі науқастар мен жұмыс істеуіне тура келеді. Әр бір науқас үшін, медбике құрмет көрсететін атмосфераны жаратады. Қызметкерлер немесе басқа да адамдар жағынан науқасқа кауіп төнсе мейірбике қажетті шараларды қолданады.

Науқас- мейірбикелік күтімге мұқтаж адам.

Мейірбике- мейірбикелік ісі философиясы мен мейірбикелік міндетін білетін кәсіби білімді маман иесі.

Мейірбикелік ісі - қоршаған орта жағдайын өзгертетін адам. Денсаулығымен байланысты мәселелрді шешуге бағытталған ғылым және өнер.

Қоршаган орта-адамның денсаулығына өмір сүруіне әсер ететін басты фактор.Адам өмір сүруінде кездесетін социальды, психологиялык, рухани жағдайлардың жиынтығын өз ішіне алады.

Денсаулық - аурудың жоғалуы емес, жеке адамның қоршаған ортамен динамикалық сәйкестігі болып қаралады.

Мейірбикелік ісі философиясының басты пікірі адамның жетістіктеріне міндетіне құрметпен қарау. Мейірбикелік ісі философиясы мейірбике және жеке санасын анықтайды.

Этика- сөзі юнонша аetһоc- деген сөзден шыққан болып, яғни жүріс тұрыс «әдептілік» деген мағынаны білдіреді. «Әдеп» бұл адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын тәртіпке салып тұратын жағдай. Медициналық этиканы ең басты міндеттері төмендегілер: Адамдардың, науқастардың саулығы үшін адал қызмет ету әрдайым медициналық жәрдем көрсету науқасқа жан ашу, көңіл кою өзінің әрекеттерінде адамгершілікті, кішіпейілділікті сақтау медицина қызметкерлерінің міндетін түсіну, өз отанына, халқына мейірлі болу. «Әдептілік» түсініктемелері: «намыс», «міндет», «жауапкершілік», «бакыт», «ар», «қадыр кымбат», түсініктемелері жатады.

«Намыс» - бұл өз кәсібінің ұстасы болып, өз абыройын, қадірін сақтау. «Жауапкершілік»- медицина қызметкерлерінің өз міндетін атқару кезінде, кәсібін алдамау, жүмысты толығымен міндетті түрде атқару «Қадір қымбат»- өз кәсібі, мақтанышы, өз кәсібін сүю, алға үмтылу. «Ождан» адамның ішкі әдептілігін түсінуі, жауапкерлікті сезінуі, мінез құлқы үшін әдептілік жауапкершілікті сезінуі өз пікіріне, әрекетгеріне баға беру.



  1. Эгогения науқастың өз өзіне әсер етуі

  2. Эгротогения науқастың бір-біріне өзара әсері

3. Ятрогения медицина қызметкерлерінің ұқыпсыздығы, қопалдығы, дұрыс жасамаған іс әрекеттері нәтижесінде пайда болатын науқастардағы жағдай, яғни ятрогения ауру.

Бүл жағдайға төмендегілер себеп болады:

А) Науқастың диагнозын және нәтижелерін асығыс түрде науқасқа жеткізу.

Б) Қызметкелердің әрекетсіздігі немесе көңілсіздігі «сөзсіз» ятрогения.



4. Госпитализм- бүл наукастын ауруханаға және оның жағдайьна үйренгеніне дейінгі жағдайлар

Деонтология- (грекше deontoc- зәрлі, керек) деонтология медициналық этиканың бір бөлігі. Бүл медициналық қызметкерлердің күш жігері, тек ауруды емдеуге ғана емес аурудың алдын алуға адамның денсулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.

Деонтология мен медициналық этиканың принциптерін қолайлы іске асыру

үшін мынадай жағдайлар қажет: парыз сезімі , өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру. Медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, оның дәрігердің айықтырғыш күш қабілетінің күштілігіне иландыру керек. Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, дос пейілмен мақылдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да орныкты түрде асырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек. Медицина деонтологиясының басты мақсаты төмендегідей:

Медицина кызметкерлерінің мінез құлқы мен өзара қарым-қатынасы бір шама нормалармен, ережелермен және әдет ғүрыппен реттеледі.

Дәрігердің құпиясын сақтау. Медицина қызметкерлері мен науқас ортасындағы қарым- қатынасты үйрену.

Медицинадағы қолайсыз жағдайларға шек қою.

Мейірбикелік деонтология

Мейірбикелік қызыметінің ережелері 2 ге бөлінеді



1. Ішкі мәдениет- бұл еңбекке қарым- қатынасы, тәртіпті сақтау, достық қарым- қатынаста болуы, үйымға деген сезім

2. Сыртқы мөдениет: әдеп, жаксы мінез, кейіп сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісінің сәйкестігі: медициналық кызметкерлердің негізгі сапасына яғни онын ішкі мәдениетінің сапасына жатады:

  • сыпайылық, қарапайымдылық жасанды елестін

  • шьншылдық, медициналық қызметкерлердің ең жоғарғы ізгі ниеті

  • әділдік- медициналық қызметкерердін барлық жұмысьна сәйкес болуы керек.

  • жақсылық- бұл жақсы адамның ішкі мәдениетінің сапасы

- жақсы адам ол өзінің айналасындағы көмек көрсету, олардың қиын күндерімен қуаныштарын бірге бөлісе алатын адам

1. Сыртқы көрініс. медицина қызметкерлерінің киіміне қойылатын талап,
тазалық, қарапайымдылық, ак халат, өзін ұстай білу, науқасқа көңіл бөлу,
косметика, сәндік бұйымдарды қолданбау.

  1. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.

  2. Медицина қызметкердің сөзі анық, нақты, баяу, жағымды болу керек.
    Медбикелік этика мен деонтологияның басты принциптері:

  1. Адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық, махаббат

  2. Рахымдылық

  3. Ақпейіл

  4. Еңбекқор

  5. Сыпайылық

Науқасты емдеуде сөздің қызыметі әр дайым жоғары. Кейде науқас көзінше медициналық қызметкер көбірек сөйлеп кояды, ол ятрогенияға /науқасқа диагнозы жөнінде теріс пікір пайда болған психогендік немесе невроздык ауру) әкеліп соқтырады, ол медициналық қызметкердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез құлкынан шығады. Ятрогенді аурудың себептеріне жалпы және медициналық мәдениеттің жетіспейтіндігі. Кез келген ауру жағдайында да науқастың психикасын бұзбауы тиіс. Сөз науқасты емдеп кана қоймай оны жаралауы да мүмкін екені мейірбике есінді сақтап науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.

Медицина қызметкерлері мен науқастың ортасындағы қарым-қатынастың маңызы зор. Егер науқас байсалды да, тыңғылықты істейтін медицина қызметкерін байқаса ол өзін сенімді қолда екенмін деп сезініп, тыныштанады. Егер оның үстіне сырқат тек жоғары дәрежелі маманды ғана емес, оған қатысты ізгі, ак жүрек адамдарды көрсе, онда оның қызметкерлерге деген ерекше ілтипаты оянып, оларға деген сенімі арта түседі., ал бүның өзі емдеу кезінде жақсы нәтиже береді. Науқастармен қарым-қатынаста болғанда олардың жасын еске алу керек.

1. Мектеп жасына дейінгі балалар тобы;

а) олар өздерінің науқас екенін сезініп, түсінбейді;

б) ауырып тұрған жерін толығымен айтып жеткізе алмау;

в) науқастанған кезде пайда болған белгілерден күшті әсер алу;

д) емдеу және диагностика процедураларын қорқынышпен қабылдайды; Мейірбикелер осы жастағы наукас балалармен жұмыс істегенде, алдыменен балаларды тыныштандырып оларды түрлі ойындармен қызықтырып ауру екендігін естен шығаруы тиіс.

2. Жас өспірімдер жасындағы науқастар тобы:

а) өзінің ауру екенін мойынсынбау;

б) саулығына қауіп тудыратын жағдайларға назар аудармау;

в) ауруға және оның кешуіне көңіл бөлмеу;

Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике өте абайлы болуға тиіс.

3. Жұмыс істеуге жарамды жастағы науқастар тобы;



а) Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике әрбір сөзіне, жүріс тұрысына назар аударып абай болуы керек. Атқаратын манипуляцияға өте көніл аудару керек. Науқастың кәсібін, мінезін есепке алу керек.

4. Үлкен жастағы және қарт науқастар тобы;

а) « өтіп кеткен өмір, жалғыздыкты сезіну, өлімнің жақындауы, » сияқты
сезімдерді сезінуі;

б) есту, көру, еске алу сезімдері және өмірге қызығудын төмендеуі;

в) тез қапа болу;

д) ауруды кәрілікке санап, емделуден бас тарту;



Мейірбике бүл жастағы науқастарға сабырлы, жылы мәмледе болуы тиіс, өйткені қарт адамдарға тән ынжықтық, көп сұрақтар беру, түсінбеушіліктен келіп шығатын түрлі жағдайлар шыдамдылықпен, сабырлықты талап етеді.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

- Мейірбике ісі философиясы ұғымы.

- Науқас, мейірбике, мейірбике ісі, қоршаған орта, денсаулық ұғымдары.

- Медициналық этика ұғымы.

- Деонтология ұғымы.

Тесттер:


  1. Медбикелік ісі философиясымен келісілген түсінікті табу:

    1. медбикенің этикалық міндеттері

    2. медбикенің этикалық бағасы

а) шындықты айту

б) шыдамдылық

в) адамгершілік қасиеті

г) жауыздық жасамау

д) науқастың құқықын құрметтеу

е) жақсылық жасау

ж) күту

2. Медбикелік ісі философиясының негізгі түсініктерін атаңыз



1) науқас, медбике, қоршаған орта, денсаулық

2) денсаулық, экология, жақсылық, күту

3) күту, кәсіптес, медбике, қоршаған орта

4) қарыз, этика, деонтология, мораль

5) деонтология, этика, медбике, науқас

3. Медбикелік ісі негізін қалаушыларды атаңыз

1) Даша Севастопольская

2) Флоренс Найтингейл

3) Екатерина Бакунина

4) Варвара Щедрина

4. Адам өміріндегі кездесетін әлеуметтік, психологиялық және ішкі дүниелік жағдайлардың жиынтығы, аталады

1) денсаулық,

2)қоршаған орта

3) науқас

4) медбике

5. Медбикелік ісі философиясымен келісілген медбикелік ісіне анықтама беріңіз

1) науқаспен қарым қатнас жасау өнері

2) науқасты күту турасындағы ғылым

3) қоршаған ортада адамның ден саулығына байланысты пайда болған мәселелерді шешуге бағытталған ғылым және өнер

4) науқаспен медбикенің өзара қарым қатнасы турасындағы пән

6. Халықаралық кодекске орай медбикелердің фундаментальды жауапкершілігінің төрт негізгі аспектілерін атаңыз

1) қиыншылықты жеңілдету

2) ұқыптылықпен күту

3) аурудың алдын алу

4) денсаулықты тіктеу

5) дәрігердің айтқандарын толығымен орындау

6) денсаулықты қуаттауға кірісу

Дұрыс жауапты табыңыз

А) 1,2,3,5 Б) 2,3,4,6 В) 1,3,4,6 Г) 3,4,5,6 Д) 2,3,4,5

7. Медбикелік ісінің философиясы қанша мөлшердегі негізгі түсініктерде

1) 2

2) 3


3) 4

4) 5


5) 6

8. Медбикелік ісінің негізгі принциптерін атаңыз

1) өмірге деген, адам құқықына, жетістіктеріне құрмет

2) дәрігердің айтқандарын шала орындау

3) ұлтқа қатыссыз науқасты жақсы күту

4) науқасқа көңіл бөлу және сүю

9. «денсаулық» түсінігі білдіреді

1) аурудың болмауы

2) физикалық және материалды жетістіктер

3) аурудың болмауы және көңіл күй комфорты

4) толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайдағы жетістіктер

10. Медбикелік ісінің философиялық көзқарасына орай «медбике» түсінігі

1) қандас туысқан аға

2) Медбикелік жұмысқа құқықы бар, медбикелік ісінің философиясын бөлетін кәсіптік маман иесі

3) науқасқа күтім жасайтын медицина қызметкері

4) науқасты күтіп, бақылайтын әйел


Ситуациялық есептер:

  1. Қабылдау бөліміне ыстығы шыққан үш жасар баланы алып келді, баланың ыстығы көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта. Балаға дәрігер ыстығын түсіретін дәрі берді. Бала қолында шприці бар мейірбикені көргенде қорыққаннан айқайлап жылады. Бұл кезде мейірбике не істеу керек?

  2. Кардиология бөлімінде жатқан 72 жастағы қария науқас ауруының қауіпті екеніне қарамастан, мен бәрібір емделмеймін «өлімім» жеткен көрінеді деп мейірбикенің манипуляцияларынан бас тартты. Бұл кезде мейірбике науқасқа қандай көмек көрсету керек?


12. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 2 - бөлім , 4 -154 бет


2 - cабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ЕПҰ негізгі түрлері . Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері. ЕПҰ-дағы санитария – эпидемиологиялық тәртіп

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды ЕСҰ негізгі типтерімен таныстыру

  • тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын ЕСҰ шарттарына, тәрбиелеу.

  • дамыту: кез – келген медициналық ұйымдардың түрін ажырата білуді үйрету

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау