«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Технология пәнінің мұғалімі
Бақбергенова Камшат Ерсінқызы
Сабақтың тақырыбы: «Матадан гүл жасау».
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы,онлайн сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - оқушыларды матадан гүл жасау технологиясымен таныстыру және лентадан гүл жасауды үйрету.
2. Дамытушылық - оқушылардың сөйлеу мәдениетін, көркемдік талғамдарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Тәрбиелік:
- еңбек мәдениетінің дағдыларын: дәлдік, ұқыптылық, материалды тиімді жұмсауды қалыптастыру;
- жауапкершілікке тәрбиелеу;
- өзін - өзі бағалауды қалыптастыру.
Сабақтың әдістері: ақпараттық дәрістер бойынша әңгімелесу, тәжірибелік жұмыс.
Технологиясы: жобалар әдістері.
Техникалық құрал: компьютер.
Материалдар мен құралдар: атлас және жібек ленталар, ине, жіптер, қайшылар, біртүсті мата, картон, панноға арналған рамка, «Раушан гүлін жасаудың» нұсқаулық картасы, панноның үлгісі.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.
2. Білімдерін белсендіру.
№1 слайд (сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері).
Гүлдер туралы тақпақтар.
Слайдтар (тірі гүлдерден композициялар).
- Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс - шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И. Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт).
Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айырлады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
- Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. №8, 9 слайдтар. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар.
Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат - біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана сіз еш қиындықсыз гүлдің түр - түрін жасай алатын боласыз.
5. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд
Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).
1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.
Үтікпен жұмыс кезінде қандай
ТҚ ережелерін сақтауымыз керек? (оқушылардың жауабы)
1. Жұмыс басында электрлі құралдың бүтіндігін
тексеру.
2. Үтікті құрғақ қолмен, вилкасынан ұстап сөндіру
керек.
3. Үтіктің тоқ бауы үтіктің табанына түсіп қалмауын
қадағалау, үтікті қатты қыздырмау.
6. Өткен материалдарды қайталау.
Гүл жасауға, негізінен тігуден қалған маталардың қалдықтарын пайдаланады. Сонымен қатар киілмейтін киімдердің құрақтарын да қолданады. Оларды алдымен сөгіп алып, содан кейін жуып, үтіктейді. Ашық түсті гүлдер жасау үшін жаңа мата пайдаланған дұрыс, ендеше гүлдер сарғайып, өңі кеткен сияқты болып көрінеді.
Бүгінгі сабақта сендер матадан раушан гүлін жасап көресіңдер. Раушан гүлі ең әдемі, ең жұпар иісті гүл. Сондықтан оны «гүлдердің патшайымы» деп атайды.
- Сендер өз қолдарыңмен әдемі заттар жасап көргілерің келе ме?
Ендеше, мына «Нұсқаулық картаға» назар аударыңдар. Түймедақ гүлін жасаудың неше түрлі тәсілдері бар екен.
Бірінші тәсіл - «жиырылған матадан жасалған раушан гүлі».
Гүл жасау тәсілі
1. Таспаны қажетті ұзындықта қиып аламыз.
2. Таспаны шеттерін бүгіп тігіс жүргіземіз.
3. Таспаны қаттап, қалыпқа келтіреміз.
4. Матаның бір ұшын негізіне қадап, спираль тәрізді
орналастырамыз.
5. Раушан гүліне ұқсатып келістіріп тігеміз.
Сарамандық жұмыс
Лентадан әдемі гүл жасау
Бұл гүлді жасау үшін бізге мынадай материалдар қажет болады.
1- Екі түрлі-түстегі атлас ленталары. Мысалы, қызыл және ақ тустерді
пайдалансаңыз, екеуінің көлемі екі түрлі болуы керек. 5 және 4 см
2- Қайшы
3- Ине мен жіп
4 - Сәндеу үшін 1 дана түйме
Алдымен ленталарды гүлдің жапырақтар санына қарай кесіп аламыз. Бізде 5 жапырақ болады. Сондықтан қызыл лентадан 5 дана және ақ лентадан 5 дана квадрат пішінде кесіп аламыз. Ақ лентаның көлемі қызыл лентадан сәл кішілеу болуы тиіс.
2) Екі лентаны алып, диагональ бойынша бүктейміз.
3) Диагональ бойынша бүктелген қызыл лентамыздың үстіне ақ лентаны қоямыз. Жұмысымыз ары қарай оңай болу үшін инемен қадап қоямыз.
4) Екі лентаның да бұрыштарын жоғары қарай бүктейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |