Сабақтың тақырыбы: Мата шығару Сабақтың мақсаты



жүктеу 3,12 Mb.
Дата18.02.2020
өлшемі3,12 Mb.
#29300
түріСабақ

Пәні:

Технология

Сынып:

6

Сабақтың тақырыбы:

Мата шығару

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға мата түрлерінің құрылымдық ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін, тоқылу, өңдеу әдістерін түсіндіру мата тоқу технологиясын меңгерту

  • Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымдастырушылық, ұқыптылықпен шыдамдылық қасиеттерін тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, мата түрлерін ажырата білуге дағдыландыру

Сабақтың түрі:

аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру-безендіру әдісі:

Нұсқау беру әдісі:

Репродукциялау әдісі:

түсіндіру, көрнекілік, машықтық әдіс, презентация

әңгіме, түсініктеме, сұрақ-жауап, көрнекіліктерді көрсету, кестемен жұмыс, оқулықпен жұмыс;

кіріспе, ағымды, қорытынды нұсқау беру;

сарамандық жұмыс орындау.



Оқыту құралдары:

компьютер, проектор, слайд, қарындаш,сызғыш, түрлі түсті таспа, қайшы, желім, шаблон

Пәнаралық байланыс:

бейнелеу, сызу

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі


1. Амандасу, түгендеу, жұмыс орындарын тексеру, сабақтың тақырыбын жазу, тақырыпты айқындау: мақсатын айту, қызығушылықтарын ояту

2. Қауіпсіздік ереже



І. Амандасу, жұмыс орындарын ұйымдастыру, көңіл-күйі көтеріңкі


Сабаққа дайын болу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


1.Талшық деп нен атайды?

2.Мақта неше жылдық өсімдік?

3.Мақтаның түсі қандай,зығырдың түсі қандай?

4.Мақта мен зығырдың ұзындығы қанша?



2. Психологиялық дайындық:

Слайд 5



Жасырынған сөздер: шебер, ине, мата

Жасырынған сөздер: шебер, ине, мата

Мақал – мател айтады


Жұмбақ шешу

ІІІ. Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру



Мата туралы жалпы түсінік

Мата өнеркәсіпте киім-кешек тігу, төсек-орын жабдықтарын тігу кезінде кеңінен қолданылады. Бұл тұрмыстық мата түріне жатады. Сонымен қатар тігілетін киім түрлеріне қарай арнайы және техникалық мата түрлері де қолданылады. Олардан спорт киімдері, үй жиһаздары, қорғаныс киімдері, қолшатыр, ойыншық, парашют дайындалады.

Маталар кұрамына, құрылысына, өңделуіне, сырт көрінісіне және тігу, жуу, тазалау кезінде өңделу жүмыстарына байланысты түр-түрге бөлінеді. Слайд № 6

Мата талшыктан тұрады. Талшыктар шығу тегіне қарай табиғи және қоспалы болып екіге бөлінеді. Табиғи талшыктарға өсімдік (зығыр, макта т.б.) талшықтарға жатады.

Киімдерді көбінесе макта мен зығыр талшықтарынан дайындайды. Мақта маталарын өндіру тоқыма өндірісінің ішінде бірінші орын алады. Елімізде мақта өсіретін бірден-бір аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы болып саналады. Слайд № 7

Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы – талшықтардан жіп жасау. Талшықтан жіп шығару процесін иіру деп атайды. Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктары мата шығарады.

Матаны алу процесін тоқу деп атайды. Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жіп, ал көлденеңінен жатқан жіпті арқау жіп деп атайды.

Матаның екі жағындағы тармақталмайтын шеттерін – матаның жиегі дейді.



Слайд № 8-9

Тоқыма айқаспаларының түрлері Слайд №10

Мата негізгі жіп пен арқау жіптің айқасуынан тоқылатынын білесіңдер. Әр матаның айқасу жолдары түрліше.Тоқыма айқаспаларының ең жай түрі: кездеме, саржа, сәтендік (атлас) айқаспалары.



Кездемелік айқаспада негізгі жіп және арқау жіптері жиі айқасады. Мұндай айқаспа түрлерімен мақта, зығыр, жібек маталары тоқылады. Бұл маталары аз созылады, жібі онша сетінемейді. Сондықтан бұл маталардан киім пішу өте ыңғайлы. Слайд № 11

Саржалық айқаспада негізгі жіп екі арқау жіпті басып, бір жіпті өткізе отырып тоқылады. Мұндай маталар кездемелік айқасуға қарағанда өзгеше болады, оның ерекшелігі мата бетінде қигаш бедерімен көрініп тұрады. Саржа матасы анағүрлым тығыз, қалың өрі салмақты болады.

Кашемир, шотланд, бәмәзи, фланель, саржа маталары саржалык айқаспамен тоқылады.



Саржалық айқаспамен тоқылған маталар жұмсақ, оңай қыртысталады, одан көбінесе жеңіл киімдер дайындайды. Мата созылғыш әрі тез сетінегіш келеді. Слайд №12

Сәтендік және кездемелік айқаспаларда негізгі жіп пен арқау жіптердің айқасулары сирек болады



Сәтендік айқаспада аркау жіп төрт немесе одан көп негізгі жіпті қамти айқасады. Ал атластың айқаспада, керісінше, негізгі жіп төрт немесе одан артық арқау жіптерді қамти айқасады. Сәтендік және атластың айқаспалармен токылған маталар біршама тығыз әрі салмақты келеді. Сәтендік айқаспамен сәтен және драп, атластық айқаспамен атлас, креп-сәтен, астарлық сәтен сияқты маталар дайындалады.

Слайд №13

(Оқушыларға тапсырма: Дәптерлеріңе иіру, тоқу, негізгі жіп, арқау жіп, матаның жиегі, Кездемелік айқаспа, Саржалық айқаспа, Сәтендік айқаспа деген терминдердің анықтамасын теріп жазып алыңдар).



Мәліметтерді тыңдайды.

Мата туралы ақпаратты қабылдайды, талдайды.






Жұмыс дәптерлеріне терминдердің анықтамасын жазып алады.



Жаңа материалды меңгереді.


ІV. Сарамандық жұмыс.

Көзімізді демалтамыз



Сарамандық тапсырманы орындауға кіріспе нұсқау беру:

(№1 қосымшада)

Сарамандық жұмысты орындау барысында ағымды нұсқау жүргізу. Кеңес бері, бағыттау. Слайд № 14


Жаттығу жасау реті: Көзді алақанмен жауып

1. 1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет

2. көзді жыпылықтату

3. 2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет

4. көзді жыпылықтату

5. 3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет Слайд № 15



Сарамандық жұмысты орындайды.

Тақтада көрсетілген сызбаны басшылыққа ала отырып, орындарынан 3 минуттай көз жаттығуларын жасайды. Жаттығу тәртіпке сай жасалу керек.



Қағаздан тоқыма тоқу арқылы, мата тоқылу әдісін зерттейді.

Денсаулықты қадірлеу туралы түсінік қалыптасады.



V. Қорытынды. Бағалау.
Тест

Сарамандық жұмысты аяқтағаннан кейін қорытынды нұсқау жасау, бағалау шарттарының кестесін толтыра отырып оқушылардың бүгінгі сабақтағы жұмысына баға беру.

(№3 қосымшада)

Өқушылардың білімін тест арқылы бағалау . (№2 қосымшада)

Бекіту: Сұрақ-жауап: Білгім келді? Үйрендім? Білемін?

Слайд № 16

Сынып журналына және оқушылардың күнделіктеріне баға қою. Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинату.



Оқушылар орындарынан тест тапсырмаларының жауабын таблицада белгілейді.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

Жұмыс орнын жинайды.


Сынып түгел бағаланады.


ҮІ. Үйге тапсырма.

“ Маталар. тақырыбына ақпарат жинақтап келу, жиынтық альбомы

Дәптер, ине-жіп, қайшы



Түрлі журналдар, интернет жүйесін пайдалану, «Мектептегі технология» журналы

Сайт: 45 minutkz



Интернет бойынша өз бетімен ізденеді, ізденімпаздық қабілеттері артады.

жүктеу 3,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау