Сабақтың тақырыбы: «Құлагер еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы»



жүктеу 22,3 Kb.
бет1/3
Дата31.03.2023
өлшемі22,3 Kb.
#41949
түріСабақ
  1   2   3
Сабақты талдау жаңа.


САБАҚТЫ ТАЛДАУ

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып: 9 «а» сыныбы

Мұғалім: Жаксыбаева Ботагоз Жаксыбаевна

Күні: 25.01.2023

Сабақтың тақырыбы: «Құлагер - еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы»

Сабақтың формасы: жаңа білімді меңгеру

Оқыту мақсаты: 9.2.3.1. шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың(троп пен фигура)түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақтың мақсаты: шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабаққа қатысу мақсаты: оқу пәндерінің жүйелі жүргізілуін қадағалау, оқушылардың білім деңгейін, дағдыларын, білім сапасын анықтау.

Сабақтың ресурстары: презентация, суреттер, кесте, «9 бриллиант»плакаты



Сабақтың кезеңдері:
1.Сабақтың басы: сабақтың тақырыбымен таныстыру
2.Сабақтың ортасы:

  1. «9 бриллиант» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергінін анықтау және жаңа тақырыппен байланыстыру.(егер кейбір оқушыларға жауап беру қиын болса, оларға оқулықтың, конспект жазылған дәптердің көмегіне жүгінуге болады)

  2. Жаңа материалды меңгеру: презентация көру, талдау, сұраққа жауап беру

  3. Сергіту сәті: денені демалдырып, миды тынықтыру, тыныс алуды қалыпты ритмге келтіру

  4. Жеке жұмыс: «конверт-сұрақ»әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекіту(кейбір оқушылар тапсырманы орындаған кезде қиындыққа тап болса, мұғалімнің тарапынан нұсқаулық, бағыт -бағдар берілетін)

  5. Жаңа материалды меңгеру кезіндегі оқушылардың түсінік пен таным деңгейі: мұғалім оқушылардың берген жауабын тексереді және түзетеді, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Сабақтың соңы:

  1. Рефлексия: «Мұғалімге хат»

1. Сабақтың тақырыбы қаншалықты өзекті болды?
2. Сабақтың тақырыбы меңгере алдың ба?
3.Сабақ қызықты өтті ме?
4. 5 баллдық бағалау бойынша сабақтағы өзіңнің әрекетіңді қалай бағалар едің?


Рефлексия мұғалімге оқушы сабақты қандай деңгейде меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді.


Кері байланыс пен ұсынымдар:
Сабақ әдістемелік тұрғыда дұрыс құрылған, қызықты өтті. Сабақ оптималды режимде өтеді. Материал бағдарламаға сәйкес дұрыс алынған. Материалды жеткізу жүйелі түрде жүргізілді.


Мұғалім оқу материалын жақсы меңгерген, сөйлеу сөзі анық, сауатты.
Аталғандардың барлығы материалды дұрыс меңгеруге мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында мұғалім сабақта сергіту
сәтін қолданады. Мұғалім сабақ мақсатына оқушыларды жетелей алды. Сабақ соңында мұғалім өмірмен байланысқан ой қозғау сұрағын қойып, білім алушылар тақырып аясында өз тіл байлықтарын, ой өрістерін жүйелі сөйлеу арқылы жеткізе алды.



Бақылаушы:
директордың ОІЖО ________________Шононаева А.К

Директордың уа.м.а_________________Торангулов Н.У



жүктеу 22,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау