Сабақтың тақырыбы: Күз келді Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



жүктеу 153 Kb.
Дата02.09.2022
өлшемі153 Kb.
#39142
түріСабақ
1 саб


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: І Жанды табиғат

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Күз келді

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

3.3.1.1 -оқу түрлерін қолдана отырып, мәтін не оның бөлімдерін мәнерлеп оқу
3.4.1.1-тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу



Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: оқу түрлерін қолдана отырып, мәтін не оның бөлімдерін мәнерлеп оқиды,
тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазады



Тілдік мақсаттар

Өзгеру, сыныптастар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл
Сұрақ- жауап
Ертеңгілік шеңбер «Менің есімім».


Ой қозғау.
Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету және сұрақ қою:
Бүгінгі сабағымыз қай мезгілге қатысты деп ойлайсыңдар? Неліктен?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш -сәнді, Әсел-әлем, Марат-мықты, Қанат-қайсар, Женя- жеңімпаз


Оқушылар сұрақтарға жауап беру аркылы
сабақтың тақырыбын болжайды.

Қолпаштау

Слайд

Сабақтың ортасы
(6-37 минут)



1.Сөздікпен жұмыс. Өзгеру- изменения
Сыныптастар-одноклассники
Табиғат-природа
Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.


2. (МК) Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді оқиды.
Мәтін бойынша сұрақ қояды.
Жеке тапсырма: «Сыныптастарым» сөзді сөз құрамына талдау.

3.Тыңда.Қайтала. Оқы. 1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер.


Бүгін – бірінші қыргүйек. Қыргүйек- күздің бірінші айы. Күзде күн райы өзгереді. Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды. Күзде сабақ басталады. Биыл Әлібек үшінші сыныпқа барады. Қанат пен Әлібек бір сыныпта оқиды. Олар – сыныптастар.
4. 2 – тапсырма. Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастыр.
«Дұрыс айт!» айдары бойынша айтылым


5.3–тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Үлгіге қарап, әр сөйлемге сұрақ жазыңдар.
Мен үшінші сыныпқа барамын. Менің сыныбымда он ұл, он екі қыз оқиды. Бұлар – менің сыныптастарым. Бұл – Әнел. Мына сыныптасымның аты – Саша.Менің сыныптастарым әдепті, ақылды.Олар табиғатты жақсы көреді.

Сергіту сәті «Көңілді күн»


6.Тәуелдік жалғауларды түсіндіру.


4-тапсырма орындатқызу
7.5-тапсырма. Суретке қара, сұраққа жауап бер. Сенің сыныптасың қай мезгілді жақсы көреді?
8. 7-тапсырма Мәтін құрастырайық.



Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.


Оқылым,айтылым.
Мәтінді тізбектеп оқиды, аударады, сұрақтар құрастырады

Табиғат өзгереді. Үшінші сыныпқа барамыз. Олар-менің сыныптастарым.


Оқылым
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
1.Бүгін-қай күн?
2.Күзде не басталады?
3.Күзде не өзгереді?
4.Әлібек нешінші сыныпқа барады?
5.Олар-кімдер?

Айтылым
Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырады.Сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтады.




Айтылым.Жазылым.
3-тапсырмабойынша диалог құрайды,өзара бір-бірін бағалайды.
Үлгі: Сен нешінші сыныпқа барасың?
Сергіту сәтін орындайды.
Оқушылар 4-тапсырманы жазбаша орындайды.
Оқушылар парталаспен сұхбаттасады.
Үлгі:Менің сыныптасым күз мезгілін жақсы көреді, себебі күзде жемістер піседі.
Айтылым.
Оқушылар жаңа сөздерді қолданып, шағын мәтін құрастырады.

«Бас бармақ»



Дескриптор Білім алушы:
-қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл аударып мәтінді оқиды − дұрыс сұрақ құрастыра алады, - тілдік нормаларды сақтайды

Өз-өзіңді бағала!
Дескриптор:_-_мәтінді_тыңдап,_сұрақтарға_дұрыс_жауап_береді.___Өзара_бағалау:_«Өте_жақсы»,_«Жақсы»,_«Талпын»___Дескриптор'>Дескриптор:
- мәтінді тыңдап, сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»


Дескриптор:
- тыңдалым мәтіннің мазмұны бойынша суреттерді дұрыс құрастырады.

Дескриптор: – диалог құрайды – сұрақ қояды -сұрақтарға жауап бере алады.
«Бас бармақ»



Дескриптор:
-Тақырып бойынша мәтін құрастырады (4-5 сөйлем).
-Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданады.
-Сөздерді дұрыс байланыстырады.

Оқулық 4 бет
сөздік
слайд


Слайд
Оқулық
5 бет

Оқулық
5 бет
слайд

Сабақтың соңы
3 минут

Үй тапсырмасын беру :7 б. 6-тапсырма (жазбаша), сандықшаны жаттау




Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі
Қызыл- мүлдем түсінбедім
Сары- жартылай түсіндім
Жасыл-толық түсінікті

Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді



Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.

жүктеу 153 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау