10 сынып
Тақырыбы: ҚТ. Компьютер. Операциялық жүйенің қосымша мүмкіндіктері.
Сабақ мақсаты: а) Windows операциялық жүйесі мен оның даму тарихымен оқушыларды кеңінен таныстыру. Операциялық жүйе ұғымын, оның қажеттілігін, маңызын, ролін түсіндіру.
Б) Әрбір операциялық жүйенің версияларының айырмашылығын, ОЖ-нің даму тарихындағы алатын орынын, мүмкіндіктерін түсіндіру.
В) Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақ көрнекілігі: Слайд шоу
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, лекция оқу.
Сабақ типі: Жаңа білім меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақты лекция түрінде оқу
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Бүгінгі сабағымыз Windows операциялық жүйесімен танысу. Сабақ екі сағатқа арналған. Бүгін алғашқы сабағын өттеміз, келесіде жалғатырамыз. Алдымен операциялық жүйе туралы қысқаша айтып өтелік.
Операциялық жүйе дегеніміз - компьютерді басқару мен информация сақтайтын, барлық компьютерге қосылған құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютерге қажетті компоненттер болып табылады. Қазіргі таңдағы Windows дербес компьютерге арналған ең кең тараған перациялық жүйе. Windows-ты танымал қыллған оның артықшылықтары ретінде мыналарды айтуға болады:
Ыңғайлы және қарапайым графикалық интерфейс (интерфейс – адам мен компьютер арассындағы қарым-қатынас);
Көптеген программалардың параллелль жұмыс жасауы;
Жаңа құрылғылардың автоматты түрде бапталуы:
Windows-тың тарихы мен дамуы.
Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.
Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң Windows 2.10 версиясы шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ.
1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады.
Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен жасайтын программалардың көптеп жазылуына әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған оның әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының жақсы ұйымдастырылуы болды.
Келесі Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың жаңа механизмі қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады.
1988 жылы Microsoft компаниясы Windows жүйесімен бірге параллель түрде Windows NT операциялық жүйесін жасауды қолға алды. Жаңа операциялық жүйе желілік жұмыстармен қуатты әрі сенімді жұмыс жасауға арналған операциялық жүйе жазу мақсатында жазылды. Сонымен бірге жүйенің интерфейсі Windows 3.0 жүйесімен бірдей болуы тиіс болды. Бір айта кететін нәрсе Windows NT жүйесінің де ең танымал болған версиясы үшінші, яғни Windows NT 3.0 версиясы болды. Ол 1992 жылы жылы пайда болды, ал 1994 жылы Windows NT 3.5 жазылды.
Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады. 1995 жылы Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп, ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 –ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады, әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты.
Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.
Windows 95 – тің дамуының жалғасы болып, 1998 жылы Windows 98 шықты. Мұнда Интернетпен жұмысқа көп көңіл бөлінді.
Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows Me Windows 98 жүйесінің жалғасы болды, бірақ көптеген жаңа мүмкіндіктерді қамтыды. Соның ішінде мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу жақсы дамытылды. Windows Me көмегімен кез-келген қолданушы үш-төрт компьютер негізінде файлдарды, папкаларды принтерді ортақ пайдалану үшін жергілікті желі жасай алады. Ең жаңа компонент жүйенің видеофильмдер редакторы болды. Бұл программа көмегімен фильмдерді монтаж жасауға болады. Цифрлық фотокамералар мен сканерлермен жұмыс жасау жеңілдеді. Мұнда фотоларды компьютер жадына енгізу үшін қосымша программалар қажет емес. Кең танымал МР 3 форматты дыбыстық файлдарды қолданушы өзі құра алатын болды. Жүйенің қауіпсіздігі мен қорғанысы да жақсартылды. Plug end Play технологиясының жақсартылуы компьютерге әртүрлі тұрмыстық приборларды жеңіл қосуға мүмкіндік берді.
Біртіндеп Windows жүйелерінің арасындағы айырмашылық жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды.
Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты.
Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған.
Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия мекемелерде көп қолданылады.
Компьютерлік жүйедегі көп қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру үшін, қуатты компьютерлерге арналып Microsoft фирмасы Windows Server 2003 операциялық жүйесін жазды.
Қазіргі таңдағы Windows XP-дің мүмкіндіктері жоғары. Басқа версиялардың бәрі де уақыт өте келе ескірді. Сондықтан жұмыс жасауға тиімдісі әрі ыңғайлысы Windows XP жүйесі болып табылады.
Ал Windows XP жүйесімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар мынадай:
Компьютердің оперативті жады 128 Mb-тан кем болмауы керек. Жүйе жылдам жұмыс жасауы үшін 256 болғаны дұрыс.
Кез-келген процессор жарайды, бірақ тым ескі болмағаны дұрыс. Егер тактілік жиілігі 300 Мгц тен жоғары болса жарайды, бірақ 1 Ггц-тен жоғары болғаны дұрыс.
Қатқыл дискте операциялық жүйенің файлдары мен уақытша файлдар орналасуы керек әрі бос орын қалуы керек. Қазіргі уақытта кішкентай көлемді дисктер сатуда жоқ болғандықтан ол жөнінде қиындық болмайды.
Сабақты бекітуге сұрақтар:
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?
Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?
Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?
Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?
Windows 95 жүйесі туралы не айта аласың?
Windows Ме қандай артықшылықтары болды?
Windows ХР қай жылы жазылды?
Windows ХР-дің қандай варианттары бар?
Windows ХР-мен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар қандай?
Үйге тапсырма лекцияны оқып, түсінгендеріңді айтуға дайындалу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар!
10 сынып - 8.09
Тақырыбы: Қондыру, конфигурация, операциялық жүйенің және басқа да программалық өнімдердің
параметрлерін реттеу.
Сабақ мақсаты: а) Windows-тың негізгі элементерімен таныстыру.
Б) Windows-пен жұмыс жасау негіздерін, негізгі элементтерін қолдануды үйрету.
В) Оқушыларды ізденімпаздыққа, жүйелі жұмыстануға үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Маус, пернетақта, жұмыс столы.
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақта біз файлдық жүйемен таныстық. Операциялық жүйенің файлдармен жұмыс істеу тәсілдерін, олардың атауы жөнінде әңгімеледік.
Өткен тақырып бойынша мынадай сұрақтар.
Файл дегеніміз не?
Файлдық жүйе дегеніміз не?
Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?
Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?
Диск атауын қалай белгілейді?
Windows папкасы қай дискіде орналасады?
Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?
Файлдың толық атауы нені білдіреді?
Үй тапсырмасын сұрап болған соң жаңа сабақты түсінідруге кірісемін. Жаңа сабақ лекция түрінде өтеді. Дәптерлеріңе жазып отырыңыздар. Сабақтың тақырыбы Windows-пен жұмыс істеу негіздері
Компьютерде жұмыс жасауды үйрену үшін операциялық жүйемен жұмыс жасаудың негізгі принциптерін меңгеру керек. Жүйемен жұмыс жасау негізін үйренген адамға Windows басқаруымен жасайтын басқа программаларды меңгеру оңай. Себебі олардың жұмыс жасау принциптері ортақ. Windows-та әрекеттің көбі маус арқылы орындалады. Сондықтан да маусты қолдануды үйренуге көп көңіл бөлген жөн. Пернетақта да компьютер басқаруда қолданылады, бірақ ол маусқа қарағанда сирек пайдаланылады. Дегенмен пернетақтамен де жұмыс жасап жаттығу керек.
Windows-ты іске қосу және онымен жұмысты аяқтау.
Компьютер іске қосылған соң, басқару операциялық жүйеге беріледі. Компьютердің операциялық жүйесі жұмысты бастағанда экранға операциялық жүйенің версиясын көрсететін заставка шығады. Жүйе жүктеліп болған соң Windows-тың жұмыс столы пайда болады. Жұмыс столы - Windows-тың таңбашалары мен белгішелері орналасқан экран. Жұмыс столының төменгі жағында Пуск батырмасы орналасқан жолақ есептер тақтасы деп аталады. Экранда жұмыс столы пайда болған соң компьютер қосылып, жұмыс істеуге дайын деген сөз.
Жұмыс істеп болған соң компьютерді сөндіру қажет. Бұл тым қарапайым процесс деп ойлауға болмайды. Windows-пен жұмыс жасайтын компьютерді дұрыс сөндіру өте маңызды. Себебі Windows-тың жұмысы кезінде компьютерді ток көзінен айырып тастау, жүйелік информацияларды бүлдіріп, компьютердің жұмысын бұзуы мүмкін. Windows-пен жұмысты аяқтау үшін алдымен барлық жұмыс жасап тұрған программаларды жабу керек. Содан соң Пуск-Завершение работы кғомандасын орындайды. Экранға шыққан диалог терезеде Выключить қатарын таңдайды. Компьютер бірден сөнбейді. Әзір ол толықтай сөнгенше бір минут уақыт өтеді. Компьютер сөнген соң, мониторды ток көзінен айыру керек.
Компьютерді сөндірген бойда бірден іске қосуға болмайды. Оны қайта іске қосу үшін кем дегенде бірер минут уақыт өтуі тиіс
Маус пен пернетақтаны қолдану.
Маус әртүрлі болады. Оның кем дегенде екі батырмасы болады. Оптикалы-механикалық маустың ішінде резинамен қапталған, темір шаригі болады. Ол маусты дөңгелеуі керек. Кеәйбір беттерде ол дөңгелемей сырғанап кететін болғандықтан, мұндай маустардың арнайы кілемшесі болады. Кілемше беті тұтқыр болып келеді де, шариктің сырғанап кетуіне жағдай туғызбайды.
Ал, оптикалық маустарда мұндай қозғалыс бөлігі жоқ. Бұл маустар айнадан өзге беттерде жұмыс жасай береді. Мұндай маус үшін кілемшенің қажеті жоқ. Ол механикалық маусқа қарағанда қымбаттау, бірақ қазіргі уақытта көп қолданушылар осы маусты қолданады.
Ал жұмыс жасауға провод кесел келтірсе, онда сымсыз маустарды қолдануға болады. Тек олардың батареясын ауыстырып отыру керек.
Windows-пен жұмыс жасағанда экран бетінде маустың көрсеткіші маустың қозғалу бағытына қарай орын ауыстырып отырады.
Маустың әр батырмасының атқаратын қызметі бар. Windows-пен жұмыс көбінесе маус арқылы орындалатындықтан, мауспен жұмыс дағдысы, оның батырмаларының функцияларын білу өте маңызды.
Маустың көп қолданылатын батырмасы сол жақ батырмасы. Ол шерту санына қарай мынадай қызметтер атқарады. Сол жақ батырманы бір рет шерту обьектіні белгілейді. Екі рет шерту программаны іске қосады немесе құжатты ашады. Оң жақ батырмасы қосымша батырма. Ол контекстік немесе жанама менюді шақыру үшін қолданылады.
Пернетақта қоданушыдан компьютерге ақпарат енгізуге арналған. Пернетақта түріне, пернелердің орналасуына қарай өзгешеліктері болуы мүмкін. Бірақ барлық пернелер кез келген пернетақтада мынадай топтарға бөлінеді.
Функционалдық пернелер.
Басқару пернелері.
Алфавитті-цифрлық пернелер.
Қосымша цифрлық пернетақта
Курсорды басқару пернелері.
Әр перненің атқаратын қызметі бар. Кейде әрекет орындау үшін пернелер комбинациясы да қолданылады.
Негізгі меню программаларды іске қосу және онымен жұмысты аяқтау.
Экраннның төменгі жағындағы жолақ есептер тақтасы деп аталады. Оның сол жағында Пуск батырмасы орналасқан. Пуск батырмасы негізгі менюді іске қосады. Windows ХР-дің негізгі менюі басқа версияларға қарағанда өзгешелеу. Мұнда жиі қолданылатын программалардың атауы негізгі менюдің сол жақ бөлігіне кіргізіледі де, көп қолданылмайтындары шығарылып тасталады. Негізгі менюдегі кейбір командалардың жанында оң жаққа бағытталған үшбұрыш орналасқан. Ол сол меню командасының бағынышты меню командалары бар екенін көрсетеді.
ПРограмма атауы негізгі менюден таңдалып, маусты шерткенде программа іске қосылады. Яғни, экранға прорамма терезесчі пайда болады. Программамен жұмысты аяқтау үшін Файл –Выход немесе Alt+F4 пернелер комбинациясын немесе Закрыть батырмасын қолданады.
Терезе.
Программа іске қосылғанда оның терезесі ашылады. Терезе дегеніміз – жақтаулармен қоршалған экранның жұмыс аймағы. Терезені жылжытуға, өлшемін өзгертуге болады. Терезенің мынадай элементтері бар.
Тақырып жолы. Онда программа атауы және терезені басқару батырмалары орналасады.
Меню жолы. Бұл қатарда меню командалары орналасқан.
Құралдар тақтасы. Жиі қолданылатын командаларға тез қатынасу батырмалары ораналасқан.
Жұмыс аймағы. Терезенің ең үлкен аймағы. Мүнда терезенің обьектілері немесе жұмыс жасау ортасы болады.
Қалып күй қатары.
Программа іске қосылған кезде есептер тақтасында прорамма белгісі орналасады. Егер бірнеше программа іске қосылып тұрса, жұмыс істеп отырған прорамманың белгісі ерекшеленіп тұрады. Қажетті терезеге ауысу үшін оның есептер тақтасындағы белгісінде шертуге болады.
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
Жұмыс столы дегеніміз не?
Есептер тақтасы дегеніміз не?
Маустың қандай түрлері болады?
Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?
Негізгі меню дегеніміз не?
Терезе деп нені айтады?
Терезенің қандай элементтері бар?
Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
10 сынып-15.09
Тақырыбы: Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
Сабақ мақсаты: а) Операциялық жүйенің негізгі программлары мен олардың қолданылуын түсіндіру.
Б) Программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, жұмыс жасаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін меңгерту.
В) Операциялық жүйе туралы алғашқы мәліметтерді беру арқылы әрі қарай ізденіп оқуды қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: Windows XP негізгі программалары
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы өткен тақырыптарды қайталап келу.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?
Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?
Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?
Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?
Windows 95 жүйесі туралы не айта аласың?
Windows Ме қандай артықшылықтары болды?
Windows ХР қай жылы жазылды?
Windows ХР-дің қандай варианттары бар?
Файл дегеніміз не?
Файлдық жүйе дегеніміз не?
Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?
Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?
Диск атауын қалай белгілейді?
Windows папкасы қай дискіде орналасады?
Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?
Файлдың толық атауы нені білдіреді?
Жұмыс столы дегеніміз не?
Есептер тақтасы дегеніміз не?
Маустың қандай түрлері болады?
Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?
Негізгі меню дегеніміз не?
Терезе деп нені айтады?
Терезенің қандай элементтері бар?
Жаңа сабақ Программалармен жұмыс.
Компьютердегі негізгі жұмыс – ол әртүрлі программлармен жұмыс жасау болып табылады. Windows-пен жұмыс кезінде кейбір сұрақтарға жауапты анықтама жүйесінен табуға болады.
Қазір біз Windows-та программалармен қалай жұмыс жасайтынын қарастырамыз.
Windows-та текстпен жұмыс жасайтын бірнеше прораммлар бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы Блокнот программасы. Бұл Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін стандартты программасы. Пуск-Программы-Стандартные-Блокнот командасы Блокнотты іске қосады. Блокнот терезесінің ортаңғы ең үлкен аймағын оның текст енгізетін жұмыс аймағы алып жатыр.
Блокнот не үшін қолданылады:
1. Текстік құжаттармен жұмыс жасауды үйренуді бастағандар үшін Блокнот үйретуші ролін атқарады. Негізінде текстпен толық жұмыс жасау үшін Microsoft Word сияқты қуатты программалар қолданылады. Бірақ жаңадан үйренушілер үшін қарапайым тексттік редакторынан бастаған дұрыс. Себебі, мұнда қателсесетіндей артық батырмалар мен командалар жоқ.
2. Кез келген сала адамдары Блокнотты аздаған текстер мен ескертпелер жазып қоюға қолданады. Мысалы, программа құрушылар мұндай текстік құжаттарға қолданушыларға арналған әртүрлі түсініктемелер мен нұсқауларды жазады.
3. Жоғары білікті мамандар немесе жүйелік администраторлар Блокнотты әртүрлі командалық және конфигурациялық файлдарды қарау және өңдеу үшін қолданады. Бұлар BAT, CMD, INI типті кеңейтілуі бар файлдар болуы мүмкін. Бұл файлдармен қуатты редакторлерде жұмыс жасау ыңғайсыз.
4. Блокнот көмегімен HTML тілін қолданып, Web-құжаттарды құрып өңдеуге болады. , Web-құжаттармен жұмысты жеңілдететін арнайы программалар бар болғанымен де, бастапқы кезеңде HTML тілін үйрену үшін Блокнот қолайлы. Сонымен бірге көптеген прораммалау тілдерінде жазылған прорамма текстерін Блокнот көмегімен қарап шығуға және редакторлеуге болады.
WordPad - бұл Блокнотқа қарағанда мүмкіндігі кеңейтілген , бірақ кейбір қуатты программаларға қарағанда қарапайым текстік редактор.
WordPad-тың негізгі мүмкіндіктері:
әртүрлі шрифтілерді қолдана алу мүмкіндігі;
жақтаулар мен абзац туралауын қолдана алу мүмкіндігі;
Басқа программаларда құрылған обьектіні, мысалы, суреттерді қоя алу мүмкіндігі;
Көптеген текстік форматтарды тани алу мүмкіндігі;
Бірақ текстпен қазіргі таңдағы деңгейде жұмыстануға WordPad жарамайды. Оның мынадай кемшіліктері бар:
Кесте құру мен редакторлеуде;
Тізім, жақтау, түс қолдану, колонкалар немесе басқа обьектілермен жұмыста;
Графикалық обьектілер құрып оны текстпен біріктіруде;
Орфография мен грамматиканы тексеруде;
Жұмысты жеңілдету мен автоматтандыруға арналған функцияларының жоқтығы:
Paint графикалық редакторы.
Үйренушілер сурет салуда Paint графикалық редакторында үйренуден бастайды. Қарапайымдылығына қарамастан Paint кейбір көптеген күрделі жұмыстарды атқара алады.
Windows XP – де Paint программасы басқа версияларға қарағанда қосымша мүмкіндіктермен толықтырылған. Соның ішінде, ол көптеген BMP, JPEG, TIF, GIF, PNG графикалық форматтарымен жұмыс жасай алады. Келесі артықшылығы бейнелерді сканерден немесе цифрлық фотоаппараттан алу мүмкіндігі.
Paint жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын, растрлық бейнелер редакторы. Растрлық суреттерден құрылған фигурада суреттің бөлігін жекелей бөліп алып редакторлеуге болмайды. Растрлықтан басқа векторлық бейнелер де бар. Мұнда әрбір фигурамен жеке жұмыстануға болады.
Экранның көшірмесін алу.
Экран бетіндегі бейнелердің кескіні алу үшін PrintScreen пернесі қолданылады. Ойын экранының бейнесін, мультимедиалық программалар мен фильмдердің бейнелерін де осы тәсілмен алуға болады. PrintScreen пернесі экранның бейнесін алмастыру буферіне алады. Ал Alt+ PrintScreen пернелер комбинациясы экрандағы активті терезенің бейнесін алмастыру буферіне алады. Содан кейін алмастыру буферіндегі бейнені графиктік редакторлерге немесе мәтіндік редакторлерге орналастыруға болады.
Windows Media ойнатқышы.
Windows Media ойнатқышы көп функциялы программа, ол компьютерде ойын-сауық орталығы бола алады. Ол көптеген аудио және видео форматтарды ойната алады, компакт дискілермен және басқа құрылғылармен жұмыс жасай алады және Интернеттің ресурстарын қолдана алады.
Программа басқаруға оңай және қазіргі кездегі бапталатын интерфейсті болып табылады. Microsoft компаниясы бұл программаны жеілдіруге көп көңіл бөліп, әрдайым жаңа версияларын шығарып келеді. Windows ХР-дің құрамына 2003 жылғы шыққан Windows Media 9 версиясы кіреді. Ал Windows Media 10 версиясы 2004 жылы шығарылып, ал 2005 жылы Windows Media 11 версиясы шықты.
Сонымен бұл программа операциялық жүйенің құрамында болады, немесе оның жаңа версияларын жекелей де орнатуға болады.
Windows Media ойнатқышымен жұмыс кезінде кездескен проблемаларды шешу.
Ойнатқыштың сыртқы түрі бапталған соң кейбір қолданушылар басқару элементтерінің кейбіреулерін табуда қиындыққа кездеседі. Мұндай жағдайларда мынадай кеңесттерді ұсынамыз:
1) Егер ойнатқыш обложка режимінде тұрса, толық режимге ауысу үшін Ctrl+1 пернелерін басады.
2) Видеоны толық экрандық режимде ойнату кезінен кәдімгі режимге ауысу үшін Alt+Enter пернелерін басады.
3) Кәдімгі режимде жасырулы тұрып, ойнатқыштың есептер тақтасы көрінбеуі мүмкін. Есептер тақтасын көрсету үшін Вид-Параметры полного режима-Скрыть панель задач командасын орындап, команда жанындағы белгіні алып тастау керек.
4) Ойнатқыш негізінен меню қатарынсыз көрінеді. Оны көру үшін маус көрсеткішін меню қатары орналасатын жерге апару керек.
Видео ойнату кезінде бейне көрінбеген жағдайда:
Видеофильмдер көбінесе DivX немесе MPEG4 сияқты әртүрлі сығу технологиясын қолданып жазылады. Мұндай жазбаларды ойнату үшін арнайы драйвер – кодек керек. Кодек сығылған видеофайлдарды ашуды жүзеге асырады. Өкінішке орай Windows ХР-де танымал видеожазба форматтары үшін кодектер жоқ. Сондықтан оларды қосымша орнату керек.
Программаларды тез шақыру.
Программаны тез шақыруды қолдануды Калькулятор программасы негізінде қарастырамыз. Калькулятор программасын тез шақыруды қою үшін:
1. Пуск-Программы-Стандартыне командасын орындап, Калкулятор белгісінің үстінде маустың оң жағын шертіп, Свойства командасын таңдайды.
2. Ашылған терезеде Ярлык астарлы бетіне өтіп, Быстрый вызов текстік өрісінде шертеді.
3. ПРограмма қосуға қолданылаттын әріпті немесе цифрлық пернені көрсетіңіз. Windows оған Ctrl және Alt пернелерін қосып, нәтижені көрсетеді.
4. ОК батырмасын шертіп, терезені жабыңыз. Енді программаны Ctrl+Alt+Сіздің перне пернелер комбинациясы арқылы іске қосуға болады.
Бекіту сұрақтары:
Блокнот программасы не үшін қолданылады?
Блокноттан басқа қандай текстік редакторлер бар?
WordPad программасының Блокнотқа қарағанда қандай артықшылықтары бар?
WordPad программасының басқа қуатты мәтіндік редакторларға қарағанда қандай кемшіліктері бар?
Paint программасы не үшін қолданылады?
Paint программасы қандай бейнелермен жұммыс жасайды?
Экранның, экрандағы активті терезенің көшірмесін қалай алуға болады?
Windows Media ойнатқышының атқаратын қызметі?
Кодек дегеніміз не?
10. Программаларды тез шақыруды қалай орнатуға болады?
Үйге тапсырма лекцияны оқып келу, жазылған нәрселерді компьютерде жасап жаттығу. Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
10- сынып -29.09
Тақырыбы: Сынақ жұмысы
Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.
Б) Қайталуа арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру, білімдерін жаңарту.
В) Жеке жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Тест програмасы
Сабақ түрі: Тест сабағы
Сабақ әдісі: Компьютер көмегімен оқушылардан тест алу
Сабақ типі: Білімді сынау, бақылау сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Тест жұмысын жүргізу
Оқушылардың жұмысын бағалу, бағаларын журналға түсіру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Программаларды іске қосу және файлдарды ашу, іздеу.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Програманы қалай іске қосуға болады.
Құжатты қалай ашады?
Файлдарды іздеу кезінде қандай параметрлерді көрсетуге болады?
Файлдарды іздеу кезінде «*» символы қандай қызмет атқарады?
Файлдарды іздеу кезінде «?»символы қандай қызмет атқарады?
Барлық Word документтерін табу үшін файл атын қалай жазу керек? (*.doc)
К-ға аяқталатын аты екі символдан тұратын блокноттық файлдарды табу үшін атын қалай жазу керек? (?к.тхт)
Компьютерде тест программасы жасалып қойылған. Осы программа бойынша оқушылар тест тапсырып, бағаланады. Әр оқушыда әртүрлі вариант болады. Тест жауабы автоматты түрде тексеріледі. Мұғалімнің жұмысы шкала бойынша оқушыларды бағалау.
Тест сұрақтары.
1.WINDOWS операциялық жүйесінің алғашқы версиясы қашан пайда болды ?
А) 1984 ж.
В) 1985 ж.
С) 1986 ж.
D) 1987 ж.
2. WINDOWS NT операциялық жүйесі қай жылы шықты?
А) 1986 ж.
В) 1987 ж.
С) 1988 ж.
D) 1989 ж.
3. WINDOWS 4.0 операциялық жүйесінің соңғы атауы қалай?
А) Windows Chicago
В) Windows 98
С) Windows Me
D) Windows 95
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?
А) Операциялық жүйе
В) Командалық
С) Терезелік
D) Интерфейс
5. Операциялық жүйенің негізгі міндеттері қандай?
А) Компьютердің құрылғыларын басқару
В) Барлық программаларды іске қосу
С) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас ұйымдастыру
D) Аталғандардың бәрі
6.WINDOWS ХР операциялық жүйесі қай жылы шықты?
А) 2000 ж.
В) 2001 ж.
С) 2002 ж.
D) 2003 ж.
7. Белгілі бір белгілері бойынша біріктерілген аты бар байттар тізбегі қалай аталады?
А) Информация
В) Папка
С) Файл
D) Дұрыс жауап жоқ
8. Процессор қандай құрылғымен тікелей жұмыс жасайды?
А) Жедел жады
В) Тұрақты жады
С) Қатқыл диск
D) BIОS
9. Компьютердің файлдармен жұмыс жасау және сақтау жүйесі қалай аталады?
А) Сақтау жүйесі
В) Файлдық жүйе
С) Операциялық жүйе
D) Барлық жауап дұрыс
10. Иілгіш дискті белгілеуге қолданылатын әріпті тап?
А) А
В) С
С) D
D) F
11. Файлдармен орындалатын операцияны көрсет.
А) Атын өзгерту
В) Жою
С) Көшіру, жылжыту
D) Бәрі дұрыс
12. Файл аты мен кеңейтілуі қандай символмен ажыратылады?
А) ;
В) :
С) .
D) ,
13. Файл кеңейтілуі нені білдіреді?
А) Бір атаумен сақталған бірнеше файл бар екенін
В) Файлдардың орналасау ретін
С) Файлдағы ақпарат типін
D) Файлдың орналасқан орнын
14. Файлдың толық жолын тап?
А) Suret.jpg
В) Suret суреті файлы
С) jpg типті Suret файлы
D) C:\Мои рисунки\Suret.jpg
15. Компьютермен жұмыс жасау - ...
А) Операциялық жүйемен жұмыс
В) Мауспен жұмыс
С) Пернетақтамен жұмыс
D) Файлдық жүйемен жұмыс
16. WINDOWS папкасы қай дискіде орналасады?
А) А
В) В
С) С
D) D
17. WINDOWS обьектілері орналасқан экран қалай аталады?
А) Экран
В) Жұмыс аймағы
С) Жұмыс столы
D) Дисплей
18. Экранның Пуск батырмасы орналасқан жолағы қалай аталады?
А) Сұр жолақ
В) Программа тақтасы
С) Быстрый запуск тақтасы
D) Есептер тақтасы
19. Қандай мауста кілемше міндетті түрде қолданылады?
А) Екі батырмалы
В) Механикалық
С) Оптикалық
D) Инфрақызыл
20.Терезені қандай пернелер комбинациясы арқылы жабуға болады?
А) Ctrl+Alt
В) Shift+F4
С) Alt+F4
D) Ctrl++F4
21. Жақтаулармен қоршалған экранның жұмыс аумағы қалай аталады?
А) Жұмыс столы
В) Терезе
С) Жұмыс беті
D) Бәрі дұрыс
22. Қарапайым текстік редактор.
А) WordPad
В) Блокнот
С) Microsoft Word
D) Бәрі
23. Қай программа текстік процессор?
А) WordPad
В) Блокнот
С) Microsoft Word
D) Бәрі
24. Экранның көшірмесін қалай алады?
А) Маустың оң жағын басып, Копировать командасын орындау арқылы
В) Alt+PrintScreen пернелерін басу арқылы
С) PrintScreen пернесін басу арқылы
D) Экран көшірмесі алынбайды
25. Папка мен файлды қарап шығуда қолданылатын программа.
А) Поиск
В) Проводник
С) Справка и поддержка
D) Windows
26. Обьектілердің көшірмесін алу үшін тасымалдау кезінде қай перне басулы тұруы керек?
А) Alt
В) Shift
С) Ctrl
D) Shift+Alt
27. Обьектілерді жылжыту үшін тасымалдау кезінде қай перне басулы тұруы керек?
А) Alt
В) Shift
С) Ctrl
D) Shift+Alt
28. Файлды тасымалдау кезінде пернесі басулы тұрса не болады?
А) Ярлык құрылады
В) Көшірмесі алынады
С) Жылжытылады
D) Еш нәрсе болмайды
29. Ешқандай қосымша программасыз Windows XP қандай типті архивтерман жұмыс жасай алады?
А) RAR
В) ARJ
С) ZIP
D) Кез келген
30. Файлды аты бойынша іздеген кезде «*» символы нені білдіреді?
А) Кез келген символды
В) Кез келген символдың кез келген санын
С) Кез келген бір символды
D) Дұрыс жауап жоқ
10 сынып-6.10
Тақырыбы: VB тілінде программалау негіздері. Қолданба жасау ортасы. VB программалаудың жұмыс ортасы. Саймандар панелі.
Сабақ мақсаты: а) VB программасының негізін қолданылуын түсіндіру.
Б) Программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, жұмыс жасаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін меңгерту.
В) VB туралы алғашқы мәліметтерді беру арқылы әрі қарай ізденіп оқуды қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: VB негізгі программасы
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы өткен тақырыптарды қайталап келу.
Жаңа сабақ
Біз Visual Basic 6 версиясын – осы кең тараған бағдарламалау тілінің соңғы жаңалықтарының бірін оқып үйренуді бастаймыз. Visual Basic өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішіндермен графикалық объектілерді көрнекі құрастыруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады. Visual Basic бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс Basic стандарттық тілінің кеңейтілген түрі.
Visual Basic-ті іске қосу Пуск Visual Basic 6.0 командасымен жүзеге асады.
Visual Basic –ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.
Терезе үш қосымша беттен турады: New (Жаңа жобалар), Existing(қолданыстағы жобалар), Recent(жақында пайдаланылған жобалар).
Экранда Project 1 – Microsoft Visual Basic жаңа жобасының терезесі көрінеді. Project 1- жаңа жобаның үнсіздік бойынша меншіктелетін аты, оны кез келген уақытта өзгертуге болады.
Бүл терезеде мыналар бар: ол- терезелер, менюлер, инструменттер панелі, олар – даярламаның жинақталған ортасы немесе ағылшынша IDE(Integratel Development Environment) деп аталады.
IDE - Visual Basic –ті негізгі құраушыларының бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардық құрауыштары құрастырылады және бағдарламанады.IDE бірнеше элементтен тұрады:
басты меню;
инструменттер панелі;
жоба терезесі
қасиеттер терезесі
пішін макетінің терезесі
элементтер панелі
пішіндер конструкторы
объектілерді қарау терезесі.
Саймандар панелі(инструменттер панелі)
Басты менюдің дәл астында VB инструменттер панелі болуы тиіс. Егер онда жоқ болса, View Toolbars Standard командасын орындаңдар.
Инструменттер панелінде басты менюдің жиі қолданылатын неғұрлым қажетті командалары бар. Инструменттер панельдерінің артықшылығы – маустыбір шерту арқылы командаларға қол жеткізу.
Әдетте экранда бір инструменттр панелі(стандартты) болады. Алайда экранға бірнеше панельді шығаруға немесе керек емесін алып тастауға болады. , View Toolbars панельдің аты командасын пайдаланыңдар.
10 сынып-13.10
Тақырыбы: Стандартты басқару элементтері, қасиеттері
Сабақ мақсаты: а) VB программасының элементтерін түсіндіру.
Б) Стандартты басқару элементтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, жұмыс жасаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін меңгерту.
В) VB туралы алғашқы мәліметтерді беру арқылы әрі қарай ізденіп оқуды қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі:
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы өткен тақырыптарды қайталап келу.
Жаңа сабақ
Басты меню
Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтән жолын айтады. Ол сендерге Windows –тың басқа қолданбалары бойнша таныс менюлерге өте ұқсайды.
Сол жақта File менюі тұр. Ол қолданбаларыңды құрайтын файылдар мен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.
File менюінен кейін Edit менюі келеді. Онда алмасу буферімен ойып алу, көшірмелеу және кірістіру іспетті стандартты операциялар орындалады. Олар бағдарлама фрагменттеріне ғана емес, кез келген объектіге де қолданылады. Сондай- ақ бұл меню де процедураға, модульдегі немесе бүтін жобадағы мәтін фрагментін іздеуге арналған Find командасы бар. Мұндай мүмкіндік VB-тің үлкен қолданбаларын жасауда пайдаға асады.
View менюінде әртүрлі құрауыштар мен инструменттері қарау режимдері қосылады. Пішімдер мен бағдарламалық модульдерді, сандай-ақ даярлама процесін неғұрлым өнімді ететін алуан түрлі объектілерді қарауға болады.
Project менюі – жобаның жұрегі. Онда жобаларының әртүрлі құрауыштары немесе құраушылары: пішіндер мен бағдарламалық модельдер, пайдалану басқару элементтері, ActiveX құрауыштары қосылып және жойылып отырады.
Format меню командалары элементтермен пішімдердің өлшемдерімен орналасуын анықтайды.
Run менюі қолданбалары қолданбаны іске қосады және тоқтатады, бағдарламаның орындалуын үзіп жібереді және қайтадан бастайды. Соңы мүмкіндік әсіресе жөндеу процесінде қолайлы.
Tools менюінен поцедуралар қосуға және олардың қасиеттеріне мән беруге болады. Осы менюдің Options командасы IDE параметрлерінің мәндерін орнатады.
Add-Ins менюінде қондырма аталатын қосымша тиімді құралдар бар. өз менюімізді жасағанда және деректер базасын жобалау кезінде бұларман жақынрақ танысамыз.
10 сынып-13.10
Тақырыбы: Деректер типтері, тұрақтылар, айнымалылар. Операторларды пайдалану.
Сабақ мақсаты: а) Деректер типтері, тұрақтылар, айнымалыларды түсіндіру.
Б) Деректер типтері жұмыс жасаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін меңгерту.
В айнымалылар туралы алғашқы мәліметтерді беру арқылы әрі қарай ізденіп оқуды қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі:
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Жаңа сабақ
Деректер типтері
Кез келген колданба әр түрлі жолдармен деректерді өңдейді. Сондықтан біз деректер қалай берілетінін және қолданылатынын жақсылап ұғынуымыз керек. Компютер жадында деректер қалай сақталынатынын және олармен айнымалылар, жиымдар және тұрақтылар арқылы қалай жұмыс істеуге болатынын оқып үйренеміз. Айнымалылар, жиымдар мен тұрақтылар – жатты уақыттың шамаларды сақтауға арналған кез келген бағдарламалау тілінің ілгері құралдары.
Айнымалылар
Уақыттық шаманы сақтауға арналған жад аймағын белгілейтін шама айнымалы деп аталады. Мұндай шама қолданба жұмысы кезінде өзгере алады.
Visual Basic-те айнымалылар аттарына мынадай шектеулер бар:
ат ұзындығы 255 символдан аспауы керек ;
атта нүктелер, бос орындар және %, &,!, #, @, $ символдары болу мүмкін емес
атта әріптен басталатын кез келген әріптер, және символдар комбинациясы болу мүмкін;
аттар өздері белгіленген аймақ ішінде бірегей болуы керек;
Visual Basic-тің түйінді сөздеріне және процедуралар аттарына тура келетін аттарды пайдалануға болады.
Visual Basic-те деректер түрлері аталатын бірнеше айнымалылар түрлері бар. Әр деректер түрінің өзіндік сипаттамсы бар.
Константалар (Тұрақтылар )
Тұрақтылар айнымалыларға өте ұқсас – оларда жарияланады, оларға да мәндер меншіктеледі. Сондада, айнымалыларыдан ерекшелігі, тұрақтылар мәні қолданбаның бүкіл өмірлік циклі барысында өзгеріссіз қалады. Тұрақтыларды пайдалану бағдарламалауды жеңілдетеді – vbModal айнымалысы бар бағдарламаны ұғыну және жөндеу мәні 1 –ге тең әлде бір аты жоқ айнымалының тағдырын қадағалап отырғаннан анағұрлым жеңіл. Тұрақтыны жариялаумен бір мезгілде оған мән меншіктеледі. Ол үшін const түйінді сөзі қолданылады:
Const conPi=3.142
Төменде келтірілген фрагмент тұрақтыларды қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді:
Const conPi=3.142
Dim radius as integer dim area as double
Private sub cmdPrintarea click()
Radius=3
Area = conPi * (radius”2)
Print area end Sub
Достарыңызбен бөлісу: |