Жаңа сабақты алдыңғы сабақпен байланыстыра отырып, бейнеролик көрсету. «Көміртек айналымы»
Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы сабақтын тақырыбын ашады.
(ТЖ) 1-тапсырма . «Айналмалы бекет» әдісі.
Оң жақтағы "Атмосферадағы көміртек диоксиді" бөліміне қараңыз. Сұраққа арналған жауап нұсқасын басыңыз.
Берілген ақпараттың негізінде, жанартаудың атқылауы атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясына қандай әсерін тигізеді?
oНегізгі әсер, себебі көп атқылау болды.
oНегізгі ықпал, себебі әр атқылау көп мөлшердегі материалды шығарады.
oШамалы әсер, себебі жанартаудың атқылауы, басқа көздермен салыстырғанда, болмашы ғана СО2 газын шығарады.
oШамалы әсер, себебі атмосферадағы СО2 деңгейі атқылау кезінде көтеріледі.
Дұрыс жауап: Оқушылар жанартаулар атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясына болмашы ғана әсер етеді, себебі олар, басқа көздермен салыстырғанда, СО2 аз мөлшерде шығарады деген үшінші дұрыс жауапты қолдайтын деректерді түсіндіруі керек
(ЖЖ) 2- тапсырма. «Жоғалған формулалар»
1. С + ..... → СО2 2. СО + ..... → 2СО2
3. С + СuО → ..... + СО 4. СаСО3 + ..... → СаСl2 + Н2О + СО2
5. ...... → СаО + СО2 6. ..... + СО2 → Н2СО 3
7. СО2 + ...... → СаСО3 8. СО2 + ...... → СаСО3 + Н2О
Дескриптор:
-химиялық реакция теңдеулерін аяқтайды;
-химиялық реакция теңдеулерін теңестіреді;
ҚБ: «Смайликтер» арқылы. Оқушылардың қолына жабыстырылады. Оқушылар бір- бірін бағалайды.
№7 Практикалық жұмыс.
Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
«Қара жәшік» әдісі.
Жәшік ішіндегі заттарды бір топ мүшесі жасырады, екінші топ мүшесі табады, үшінші топ мүшесі қасиеттерін сипаттайды.
«Суретті әңгімеле» әдісі. Оқушылар берілген суреттерге қарап, тапсырмаларды орындайды.
1-тәжірибе. Көміртек (IV) оксидін алу
(ТЖ) 3- тапсырма Суретте көмірқышқыл газын алу үшін жиналған қондырғы берілген.
А)Қондырғыда А және В белгілерімен көрсетілген құралдарды атаңыз.
А................................
В................................
Б)Көмірқышқыл газ алу үшін қажетті реагенттерді жазыңыз.
1-
2-
С) Осы реакцияның теңдеуін жазып, теңестіріңіз.
2-тәжірибе. Көмірқышқыл газын сапалық анықтау (ТЖ) 4- тапсырма
Суретте көмірқышқыл газын сапалық анықтау берілген. Суретті басшылыққа ала отырып, сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
А) 3 және 4 затты атаңыз / формуласын жазыңыз.
Б) тапсырмадағы заттардың атауын қолдана отырып,
сөйлемді толықтырыңыз.
Көмірқышқыл газын анықтау үшін (3)..............................арқылы өткізеді. Көмірқышқыл газының (3) ................................ әрекеттесуінен ерітінді біртіндеп лайланады.
Себебі, реакциянәтижесінде (4)..................................түзіледі.
С) Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.
3-тәжірибе. Көміртек (IV) оксидінің қасиеттерін зерттеу.
(ТЖ) 5-тапсырма.
Жанып тұрған шам көмірқыш газы бар стаканға салынды. Шам сөніп қалды. Шамның сөнген себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор:
-тәжірибеге қажетті құралды атайды;
-көмірқышқыл газын алуға қажетті реагенттерді таңдайды;
-көмірқышқыл газының алыну реакциясын жазады;
-көмірқышқыл газын сапалық анықтайтын реагентті жазады;
-ерітіндінің лайлану себебін анықтайды;
-көмірқышқыл газының қасиетін жазады.
Бағалау . «Рейтинг» әдісі.Тапсырманы орындап болған соң оқушы өз әрекетіне баға береді. Сол жұмысына мұғалім де баға қояды.Сызықша қойылады (/) .
Аты- жөні
|
Баға
|
Тізбектелген атомдар
|
Айналмалы бекет
|
Жоғалған формулалар
|
Қара жәшік
|
Суретті әңгімеле
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|