Келесі сұрақтарды қоя отырып, сыныпта оқушылармен талқылаңыздар:
Кәсіпкер деген кім?
Бизнесмен деген кім?
Кәсіпкер болуы үшін не қажет?
Олардың басқа адамдардан қандай айырмашылығы бар?
Олар өз алдына қандай мақсаттар қояды?
Біз бүгінгі сабақты ең қарапайым
нәрселерден бастаймыз: кәсіпкер мен бизнесменнің кім екенін, олардың басқа адамдардан
қандай ерекшелігі бар екенін, алдына қандай
мақсаттар қоятынын талқылаймыз.
Біз пәнімізді кәсіпкердің сөздікте берілген
анықтамасынан емес, оның басқа адамдардан
несімен ерекшеленетінінен бастаймыз. Басқаша айтқанда, біз кәсіпкерлік ойлауды қоршаған әлемде болып жатқан жағдаяттар мен
оның ресурстарына тек тұтынушы ретінде емес,
керісінше жасампаз әрі әлемді өзгертуші қабілет
тұрғысынан қарастырамыз.
Содан кейін мұғалім сыныпқа кәсіпкерлік
ойдың ерекшеліктері, кәсіпкер мен бизнесменнің айырмашылығы, кәсіпкерліктің
тақырыбы, мақсаттары және тапсырмалары
туралы айтып береді.
Бағалау формасы «Лайк» ()
Достарыңызбен бөлісу: |