Сабақтың тақырыбы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру



жүктеу 4,64 Mb.
бет9/9
Дата14.12.2017
өлшемі4,64 Mb.
#4259
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кері байланыс алғанда мұғалімдерге ұнаған жерлері: Синектің конустық метафорасы, коучинг сабағының мұғалімдердің қызығушылығын арттыратыны , өз ойынды ашық жеткізуге болатыны, бірлесе жұмыс жасау, постер жасау . Коучинг сәтті өтті.

Біршама кедергілер болды. Әр топ мұғалімдері ойланып қалды, белсенділігі жоғары мұғалімдері тапсырманы жылдам орындады, оларға қиындық болған жоқ. Өз ойларын айтуда кейбір мұғалімдер тапсырманы орындай алмай жатты. Топқа бөлген кездеде кедергілер болды мұғалімдер отырған орындарынан қозғалғылары келмей ренжіп отырды. белсенділігі жоғары мұғалімдердің іс әрекеті: барлық тапсырмалар қызық болды, ұнады . Әр тапсырмаға белсенді жауап берді, өз ойларын айта бастады.



Кедергілерді шешу жолдары: Келесі сабақта кедергілерді шешу үшін көптеген жұмыстар жүргізу, жеке жұмыстар жүргізіп, оларды жеке, топпен орындауға үйрету.

Оқудан күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер оқыту мен оқытудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінеді. Жаңа әдіс тәсілдерін қолдана отырып жаңа тақырыпты кеңінен ашты, сыни тұрғыдан ойлауына, өз бетімен жұмыс жасауына, тапсырмаларды тиянақты орындай отырып, өзінің білім деңгейін жоғары екенін көрсете білді, өз пікірін топ алдында қорғай білу қабілеті артты.

Не сәтсіз болды? Мұғалімдер берілген тапсырманы бірден түсіне алмай уақыт жоғалтып алды.

Қандай күшті жақтарға сүйенесіз? жоспарлаған уақыты жетуі, Тақырыпты алдын ала болжауды орындауы көңілден шықты, уақытын үнемдеді, сыныптағы әр мұғаліммен қатынасы жақсы болды. Барлығы өз ойларын жеткізе алды.

Не жақсарта аласыз? Топпен жұмысты жақсарта алады

Нені өзгерткіңіз келеді? Мұғалімдер көбірек өз ойларын ашық жеткізу қажет.

Одан әрі не істемексіз? Мұғалімдерді топқа бөлуде темпераментін ескеру, Жауап алу үдерісіндегі уақытты үнемдеу , Мұғалімдерді осы жаңа әдіс тәсілге толығымен бейімдей алатындай сабақ жоспарын құру керек.

2014 – 2015 оқу жылының екінші коучингке талдау



Қыркүйек айының 3 аптасында өткізген коучинг сабағына талдау.

Коучингтің тақырыбы: Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс

Сабақ жоспарымда топтастыру , слайд, сын тұрғысынан ойлау әдісін, формативті бағалау, сергіту сәті, бейне таспа, кері байланыс қолдандым.



Коучингтің мақсаты: Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау

Коучингтің негізгі идеясы: Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмысты қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер: Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатын, мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі.

Коучинг кезінде орындалатын тапсырмалар:

  • Мәселелерді түсіну үшін теориялық құрылымға көңіл бөліп түсінік беру

  • Сыни тұрғыдан ойлану тренингісін жүргізу

  • Тақырыптық постер шығару

  • Сабақта тиімді, бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырып отыру

Коучингті бастау алдында өткен коучингтегі кері байланысқа талдау жасадым. Сәтті жері: Осы кезде мұғалімдердің өзі қойған сұрақтарға өздері жауап берді.

Ұйымдастыру кезеңінде топқа бөліп, топтың ережесімен таныстырдым.



Тақырыпты талдауға, түсінуге бағыт беру. Мұғалімдердің есте сақтау қабілетін дамыту, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Мұғалімдерді ұйымдастырып, 3 топқа бөліп болған соң, сын тұрғысынан ойлау әдісінің суреттерін қолдандым. Осы сын тұрғысынан ойлау әдісінде сәтсіз жері мұғалімдерде әлі де болса , сын тұрғысынан ойлаудың аз екені байқалды. Екіші кезең постер жасау болды. Онда топтық жұмыс не үшін керек? Топтық жұмысты пайдалану себептері . Оқушыларды топтық жұмысқа қалай дайындау керегін, Әр оқушының үлесі бар, мұғалімнің рөлі қандай деген сұрақтарды қамтып отырып постер жасаттым. Бұл постер жасаудың сәтті жері мұғалімдердің ойларын ашық айта білуі, жаңа әдіс-тәсілдер туралы түсініктің болуы, сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысулары. Әр топтан көшбасшы мұғалімдер шығып постерді қорғады, қалған мұғалімдер толықтырып отырды. Постерді жақсы қорғаған топ мұғалімдеріне 2 жұлдыз, 1 тілек формативті бағалауды қолданып постерлеріне баға беріп отырды және смайликтермен марапаттап отырылды.

Тапсырманы орындап болған соң теориялық білімге тоқталдым. Теориялық білімде Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау. Таныстырылым сәтті өтті деп ойлаймын, себебі таныстырылымнан кейін мұғалімдер үндемей біраз отырды.

«То что можно изменить» бейнетаспасын көрсеттіп. Осы бейнетаспаны көрсетуімнің мақсаты неде? Осыдан қандай ой түйдініздер? деген сұрақтар қою арқылы әр мұғалімнің ойын білуге тырыстым. Сәтті жері мұғалімдердің өткен коучингтегідей емес өз ойларын ашық айта білді, сыни тұрғыдан ойлауға бейім болуы.

Сергіту сәтінде «Австралия жауыны» арқылы өткіздім. Осы сергіту сәтін жасар алдында бейне таспа көрсетіп осы сергіту сәтін көрсеттім. Сергіту ойдығыдай өтті.



Кері байланыс алғанда мұғалімдерге ұнаған жерлері: коучинг сабағының мұғалімдердің қызығушылығын арттыратыны , өз ойынды ашық жеткізуге болатыны, бірлесе жұмыс жасау, постер жасау . Коучинг сәтті өтті.

Біршама кедергілер болды. Әр топ мұғалімдері ойланып қалды, белсенділігі жоғары мұғалімдері тапсырманы жылдам орындады, оларға қиындық болған жоқ. Өз ойларын айтуда кейбір мұғалімдер тапсырманы орындай алмай жатты. Мұғалімдердің уақыттары болмауы. Белсенділігі жоғары мұғалімдердің іс әрекеті: барлық тапсырмалар қызық болды, ұнады . Әр тапсырмаға белсенді жауап берді, өз ойларын айта бастады.



Кедергілерді шешу жолдары: Келесі сабақта кедергілерді шешу үшін көптеген жұмыстар жүргізу, жеке жұмыстар жүргізіп, оларды жеке, топпен орындауға үйрету, мұғалімдердің уақытымен санасу.

Оқудан күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер топпен жұмыс жасаудың өзектілігін түсінеді.Жаңа әдіс тәсілдерін қолдана отырып жаңа тақырыпты кеңінен ашты,сыни тұрғыдан ойлауына,өз бетімен жұмыс жасауына,тапсырмаларды тиянақты орындай отырып, өзінің білім деңгейін жоғары екенін көрсете білді,өз пікірін топ алдында қорғай білу қабілеті артты.

Не сәтсіз болды? Мұғалімдердің әліде болса коучингке қатысуға уақыттарының болмауы. Қандай күшті жақтарға сүйенесіз? жоспарлаған уақыты жетуі, Тақырыпты алдын ала болжауды орындауы көңілден шықты, уақытын үнемдеді, сыныптағы әр мұғаліммен қатынасы жақсы болды. Барлығы өз ойларын жеткізе алды.

Не жақсарта аласыз? Топпен жұмысты жақсарта алады

Нені өзгерткіңіз келеді? Мұғалімдер көбірек өз ойларын ашық жеткізу қажет,сабаққа қатысуға уақыт табуы .

Одан әрі не істемексіз? Мұғалімдерді топқа бөлуде темпераментін ескеру, Жауап алу үдерісіндегі уақытты үнемдеу , Мұғалімдерді осы жаңа әдіс тәсілге толығымен бейімдей алатындай сабақ жоспарын құру керек..


Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп
Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім

(мақал-мәтел)
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» атты тақырыпта семинар сабағымды өткіздім. Бұл тақырыпты алу себебім: қазіргі таңда мұғалімдерді оқушыларға кез келген заттарға сыни тұрғыдан қарауға үйрету. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жолдарына көңіл аударуға, өз құрбылары және мұғалімдермен сұхбаттасуда өз көзқарасын айту және қорғай алуға үйрету мақсатында алдым.

Бұл тақырып Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік, сол бебепті оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. («Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», 43 бет)

Бұл модуль бойынша:


  • қарсы пікір айтуға;

  • баламалы шешімдерді қабылдауға;

  • ойлау және іс-әрекетімізге жаңа тәсілдерді енгізуге дайын болуға;

  • ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге;

  • басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулиды.

Мен үшін маңыздылығына келетін болсам, болашақ мұғалімдерді оқытудағы жаңа тәсілдерді үйретіп, болашақта «Егер қоршаған ортаңды өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер» деген қағиданы ұстай отырып жұмыс жасаса деген оймен бұл сабағымды өткіздім.

осы модульдердің ішінен СТО модулін жеке коучинг семинар сабағы ретінде өткіздім. Бұл сабақты өткізуде алға қойған мақсатым- мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік  арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамыту.

Оқу нәтижесі: жас ерекшелігін ескеріп, балалардың уақыт пен кеңістік туралы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту бойынша одан әрі қабылданатын іс-әрекеттерді жоспарлауға, сыныпта  оқытуды жақсартуға қажетті диалогтің сипаты туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесу.


  • Сабағымды алдымен ұйымдастыру бөлімінен – тренинг өткізе отырып бастадым. Бөліктерге бөлінген 4 сурет берілді және ол суретті құрастыра отырып өз жұптарын тапты. Содан топ құрылды. 11 мұғалімдерді 3 топқа бөле отырып, оларға скрепканы көрсетіп

-Бұл не?

- Не үшін қолданады? деген сұрақ қойылды. Әр топ сұраққа жауап берді. Әр мұғалім әр түрлі ойларын айтты. Мысалы, скрепканы шашка заколка ретінде пайдаланады деген сияқты жауап айтылды. Бұл тапсырмадан не түйгені туралы ойларын айтты, яғни осындай тапсырма арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын тексердім және бүгінгі тақырыбымызды аштым. Балаларға да осындай тапсырма берілсе өте тиімді болатынын және сыни тұрғыдан ойлау жағынан пайдасы зор екенін айта кеттім.

СТО тақырыпты презентация арқылы түсіндірдім. СТО мақсаты мен міндетін және маңызын, күтілетін нәтижесін түсіндіріп өттім.

СТО-ға байланысты тапсырма берілді. Бейнежазба көрсетілді. Бейнежазбаны көріп өз ойларын, пікірлерін айтты. Бір жағдайға байланысты сыни тұрғыдан ойлауда адамдар әр түрлі көзқараста болады екенін байқайды.

СТО құралдарын презентация арқылы таныстырып, үлестірмелі материал ретінде оларды тараттым. 8 құралдарын оқи отырып, мұғалімдер олардың тиімді және тиімсіз жақтарын ортаға салып талқылады. Оларға түсініксіз болғаны «Алты ойлай қалпағы». Оны қалай қолдануға болатынын түсіндіріп өттім. Кейбір кұралдарды сабақта қолданатынын мұғалімдер айта кетті. Блум таксономиясының кезеңдеріне байланысты сұрақтар қойылды.

СТО бойынша 2 сурет берілді. Суретке қарап не көріп тұрғанын және өз ойларын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз ойларын жеткізді. Бұл тапсырманы өте жақсы орындады. Бұл тапсырма бойынша барлық мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау жағынан өте жоғары болды.



  • Барлық берілген тапсырма бойынша мұғалімдер белсенді қатысты. Бірақ бірінші күннен көрі, екінші күні мұғалімдер аз қатысты.

  • Сурет бойынша ойларын айтқан кезде, әр түрлі қызықты пікірлер айтылды. Арасында күліп те алдық. Сабағымда топқа бөлуге байланысты берілген тапсырма және басқа берілген тапсырманы талдау жақсы өтті.

  • Берілген уақыттың аздығына байланысты постер жасатуға үлгере алмадым. Бір жағынан мұғалімдердің де постер жасауға құлшынысы болмады. Олардың эмоцияларына қарап постер жасатуға менің де көңілім түсіп кетті. Жаңа оқу жылы, барлығы шаршап отырғандықтан шығар, постердан бас тартты.

жүктеу 4,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау