Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебінің І санатты химия пәнінің мұғалімі Жұмақай Гүлмира Серікқызы Сабақтың тақырыбы: «Кальций дің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, қасиеттері» (9 сынып) Сабақтың мақсаты:Оқушыларға кальций металының периодтық жүйедегі орны ,физикалық және химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы,алынуы және қолданылуы жөніндегі түсінік беру; - Сабақтың мақсаты:Оқушыларға кальций металының периодтық жүйедегі орны ,физикалық және химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы,алынуы және қолданылуы жөніндегі түсінік беру;
- сабаққа белсенділіктерін арттыру;
- өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.
- Әдісі: топқа бөлу, дәріс, зертханалық жұмыс,сұрақ-жауап,интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі:Д.И.Менделеевтің периодтық системасы,интерактивті тақта,карточкалар, тест, суреттер ,спирт шам, кәрлен табақша,стакан, индикаторлар,ұстағыш, - Көрнекілігі:Д.И.Менделеевтің периодтық системасы,интерактивті тақта,карточкалар, тест, суреттер ,спирт шам, кәрлен табақша,стакан, индикаторлар,ұстағыш,
- Пәнаралық байланыс:география-металдың кездесетін жерін,биология-металдың адам ағзасындағы маңызын оқытады.
Барысы: - Барысы:
- Ұйымдастыру кезеңінде әр түрлі түстер бойынша сыныпты үш топқа бөлінеді.
- «Ой толғаныс» кезеңі. Бұл бөлімде үй тапсырмасын тексеріп,жаңа сабақпен байланыстырады.
- І топқа таңдау тестісі беріледі.
- 1.Сілтілік жер металдары сумен әрекеттескенде түзілетін қандай зат?
- А)қышқыл; Ә)Сілті; Б) оксид; В) тұз;
- 2. Екідайлы оксид .
- А) СаО; Ә) АІ2О3; Б) СиО; В) ҒеО;
- 3.Бордың құрамында қандай элемент бар?
- А) Са; Ә) АІ; СІ; К;
ІІ топқа еске түсіру тестісі-сөзтуымды пайдалануға болады. - ІІ топқа еске түсіру тестісі-сөзтуымды пайдалануға болады.
- 1.Металдардың жемірілуі;
- 2.Тіршілікті қолдамайтын элемент;
- 3.1 грамынан 3км сым созуға болатын металл;
- 4.Жоғары температурада балқитын элемент;
- 5.Францияның құрметіне аталған элемент;
- 6.металдық қасиеті жоғары сілтілік металл;
- 7.ІІ А тобындағы екідайлы элемент
- ІІІ топқа реттік тест беріледі.
- Металл қосылыстарына байланысты ІІІ период элементтерінің орналасуын жаз.
- А)Са →СаО →СаСО3
- Ә)Na →Mg→AI
- Б) Na→ Na2O→ NaOH →Na2CO3
«Мағынаны тану» кезеңінде интерактивті тақтаны пайдаланып,слайдтар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі. - «Мағынаны тану» кезеңінде интерактивті тақтаны пайдаланып,слайдтар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.
- Кальций IV период,ІІ топтың негізгі топшасының элементі,реттік саны 20,ядросында 20протон мен 20 нейтроны бар(Аr=40),электрондарының жалпы саны да 20.Кальцийдің электрондық формуласы 1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 4S2,валенттілік электрондары 4S2 болғандықтан кальций қосылыстарында ІІ валентті.
- Са тотығу дәрежесі 0,+2,(Са,0 Са+2О-2).
Табиғатта таралуы.Табиғи қосылыстары:ғаныш CaSO4*2H2O,бор ,кальцитCaCO3,доломит CaCO3*MgCO3,фосфорит Ca3(PO4)2,апатит Ca5(PO4)3OH,фторапатит Ca5(PO4)3F,флюорит CaF2. - Табиғатта таралуы.Табиғи қосылыстары:ғаныш CaSO4*2H2O,бор ,кальцитCaCO3,доломит CaCO3*MgCO3,фосфорит Ca3(PO4)2,апатит Ca5(PO4)3OH,фторапатит Ca5(PO4)3F,флюорит CaF2.
- Қазақстан жерінің бәрінде дерлік кальций қосылыстары кең таралған. Фосфориттің ең ірі кен орындары Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында,Ақтөбе облысында Шилісайда бар. Бағалы қызғылт түсті ұлутас Маңғыстауда,гипс Жамбыл облысында ,цементке қажетті балшық Шымкент ,Семей маңында өндірілсе , әктастың қоры және отқа төзімді балшық еліміздің көптеген облыстарында өндіріледі.Қазақстанның физикалық картасынан кездесетін жерлерін табамыз.
Табиғатта таралуы - Са3(РО4)2
- фосфорит,
- апатит
Алынуы:кальцийдің СаСІ2 балқымасын электролиздеп алады. - Алынуы:кальцийдің СаСІ2 балқымасын электролиздеп алады.
- CaCI2↔Ca2+ +2CI-
- K(-)Ca2+ +2e→Ca0 тотықсыздану
- A(+)2CI- -2e-→CI2↑тотығу
- CaCI2эл.тоғы→Ca+CI2↑
Физикалық қасиеттері.Кальций –күміс түстес ,ақ,жеңіл металл.Оның тығыздығы 1,55 г/см3.Кальций ауамен тез әрекеттесіп ,тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жұқа ақ қабықшамен қапталады,сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды.Кальций –қатты металл,оның балқу температурасы 8510С. - Физикалық қасиеттері.Кальций –күміс түстес ,ақ,жеңіл металл.Оның тығыздығы 1,55 г/см3.Кальций ауамен тез әрекеттесіп ,тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жұқа ақ қабықшамен қапталады,сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды.Кальций –қатты металл,оның балқу температурасы 8510С.
- Химиялық қасиеттері.Химиялық белсенділігі бойынша кальций сілтілік металдардан кейін тұрады.Ол белсенді тотықсызданғыш:
- Са0+2е-=Са+2
- Кальций жай заттармен әрекеттеседі.
- «Химик сараман» Зертханалық жұмыс.
- 1)кальцийдің сумен әрекеттесуі;
- 2)кальцийдің тұз қышқылымен әрекеттесуі
| | | | | | | | | - Кальций гидроксиді (сілті)
| | | | | | | | | | | | | | | | - Күрделі заттармен әрекеттесуі
| - №1 Массасы 112 г кальций оксидін алу үшін жұмсалатын кальцийдің массасын тап.
| - №2Кальций оксидіндегі кальцийдің массалық үлесі қандай?
| - №3.ІІ топтың бір металының 10г үлгісіне тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 5,6 л (қ.ж)газ бөлінген.Қандай металл реакцияға түскен?
| - 1.Кальцийдің физикалық қасиеттері
- А) түссіз, жеңіл металл; Ә) ақ түсті, қатты металл;
- Б) түсі қызыл, жеңіл металл;
- В) түсі ақ, жеңіл металл;
- 2.Кальцийдің сумен әрекеттесуі кезіндегі барлық коффициенттердің қосындысы нешеге тең?
- А)5; Ә) 6; Б) 4; В) 7;
- 3.Өндірісте қальцийді қандай әдіспен аламыз?
- А)кальций қосылыстарын сутекпен тотықсыздандырып;
- Ә)кальций қосылыстарын иіс газымен тотықсыздандырып;
- Б)кальций қосылыстарын алюминиймен тотықсыздандырып;
- В)тұздардың балқымасын электролиздеп;
- 4. Сөндірілген ізбестің формуласын кқрсетіңдер.
- А)СaCO3 ;Ә)Ca(OH)2 ;Б)CaO;)Ca(HCO3)2 ;
- 5.кальций карбонатының ерітіндісін артық мөлшерде көмір қышқыл газын өткізгенде түзілетін зат.
- А)Сa;Ә)Ca(OH)2 ;Б)CaO;)Ca(HCO3)2 ;
Достарыңызбен бөлісу: |