Сабақтың тақырыбы Жылулық қозғалыс Броундық қозғалыс. Диффузия



жүктеу 192,34 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі192,34 Kb.
#31436
түріСабақ
docx1542639015



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жылу құбылыстары



Мектеп: Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сатыпалды Ақнұр Мұратқызы


Сынып: 8


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жылулық қозғалыс Броундық қозғалыс. Диффузия




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1 – Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушыдар: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіреді,тәжирбиені түсінеді

Көпшілік оқушылар:

- Жылулық қозғалыс қандай шамаға тәуелді екенін тәжірбие арқылы анықтайды және броундық қозғалыс пен диффузия арасындағы айырмашылықты ажыратады



Кейбір оқушылар: механикалық және жылулық қозғалыстардың ұқсастықтары мен айырмашылығын дәлелдейді

Ойлау дағдылары:

Білу,түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

-Барлық заттар, денелер молекулалардан (атомдардан) тұратынын мысалдан түсіндіреді.

-Жылулық қозғалыстың қандай шамаға тәуелділігін тәжірибе арқылы анықтайды.

-Диффузия құбылысының ерекшелігін өмірмен байланыстыра алады


Тілдік мақсаттар


Термин сөздер: Броундық қозғалыс, үздіксіз, хаосты, жылдам, диффузия

Талқылауға қажетті сөз тіркестері: Молекулалардың ретсіз қозғалысы........

Жанасқан беттескен денелердің бір-біріне енуі............



Құндылықтарға баулу


Іскерлік және жеке қарым-қатынаста адалдық таныту, басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу,ортақ мақсатқа жетуге жұмылдыру

Пәнаралық байланыс

Диффузия – бұл жанасқан заттардың бөлшектерінің араласып бір-біріне өтуі» екенін еске түсіру (биология 7-сынып)

Броундық қозғалыс- үздіксіз, жылдам, хаосты қозғалатын бөлшектерді және олардың бір-бірімен соқтығысуын нәтижесінде болады (химия)

Тақырып бойынша алдыңғы білім


7 сынып «Атомдар мен молекулалар», «Заттың күйлері»

Заттың үш күйіндегі бөлшектердің орналасу схемасы оқушылардың білімдерін бекітеді.








Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Әр қатар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу: сәттілік, белсенділік, шығармашылық




Өткенді қайталау

7 мин


Сабақтың ортасы

25 минут




(G) Тапсырма 1.

«Айырмашылық мен ұқсастық»

Таңдалған заттардың арасында қандай айырмашылық пен ұқсастық барын анықтау.

Сұрақтар:

-Суреттегі денелер неден тұрады?

-Айырмашылығы неде?

-Массалары бірдей бола ала ма? Неліктен бірдей болмауы мүмкін?







Дескриптор:

- заттардың арасында қандай айырмашылық пен ұқсастықты анықтайды.

- дене массасы дене құрайтын молекулалар санына байланыстылығын айтады.


Бағалау

«Бас бармақ» әдісі.



Керемет !!! Жақсы!!!!


Жаңа тақырып
Тапсырма 2

«Бірге ойлаймыз»



1-тәжірибе:

Пробиркаға су құйып қайнатасындар. Суды қайнатсақ, ол қайнаған соң көлем ұлғайып төгіле бастайды. Неге?



2-тәжірибе:

Электр шәйнегіне су құйып қайнатасындар. Шайнектегі су дыбыс шығарады. Будың шығуын түсіндіріңдер.



3-тәжірибе:

Екі стақанның біреуінде ыстық су, екіншісінде суық су құйылған. Екеуіне бірдей шай саласындар. Бұл қандай құбылыс?



Дескриптор:

-жылулық қозғалысының тәуелділігін біледі;

-Броундық қозғалысты анықтайды;

-диффузия құбылысын түсіндіре алады.


Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Тапсырма 3

(I) «Кім жылдам»

Деңгейлік тапсырмалар» 

1-деңгей: Жабайы аңдарға неліктен білдіртпей жақындау қиын?



Дескриптор- Білім алушы:

-Иістің ауада таралуы заттың қай күйіне тән екенін айту

-Басқа да иіс түрлерінің ауада таралуына мысалдар келтіру


2-деңгей: Температураға қатысты броундық қозғалыс қарқындылығын қалай арттыруға болатынын тексеруге арналған тәжірибе ұсыныңдар

Дескриптор:

-.Броундық қозғалысты зерттейтін тәжірибені анықтап жазады

-Броундық қозғалыс қарқындылығын арттыратын тәжірибе құрастырады
3-деңгей Жылулық және механикалық қозғалыстардың ұқсастықтары мен айырмашылығын айтындар

Дескриптор:

-.Жылулық және механикалық қозғалыстардың анықтамаларын жазады

-.Жылулық құбылыс заттың ішкі құрылымымен тығыз байланысты, ал механикалық қозғалыс макроскопиялық денелер үшін екенін еске түсіреді

- Венн диаграммасын салады


Жаксы оқитын оқушылар жанындағы оқушыларға қолдау көрсете отырып бағалайды.

Жауап тақтада көрсетемін. Мұғалім бағалайды және оқушы өз-өзін бағалайды.



1 –деңгей тапсырмасы –«орташа»

2 -деңгей – «жаксы»

3 -деңгей –«үздік» деп бағаланады

Үлестірмелі материалдар

Тапсырмаларды орындау

Үлестірме материалдар


Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс «Бес саусақ»
Бас бармақ – басты мәселе.

Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу.

Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану.

Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық.

Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы.

Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
Үй тапсырмасы:

Жалпы сынып: 1-жаттығу, №: 4-5 есептер


Рефлексия: «3-2-1» әдісі

Сабақта алған 1 маңызды ақпарат.

Қиындық келтірген 1 мәселе.

Сабаққа қатысты 1 сұрақ.






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Айырмашылық мен ұқсастық» тапсырмасында барлық оқушылар таңдалған заттардың арасында қандай айырмашы-лық пен ұқсастық барын анықтады. Бұл тапсырма ойлау дағдысының «қолдану» деңгейі арқылы орындалды. Жаңа тақырыпқа ену үшін саралау-дың дереккөздер тәсілі арқылы

«Бейнежазба көрсетілімі ұсын-ылды.

«Бірге ойлаймыз» тапсырмасында көпшілік оқушылар ұсынылған тәжір-биелер арқылы жылулық қозғалыс-тың қандай шамаға тәуелділігін анықтайды, түрлер-ін ажыратады, ойлау дағдысының «білу», «түсіну» деңгейі арқылы орындайды

«Кім жылдам?» тапсырмасында кейбір оқушылар: механикалық және жылулық қозғалыстардың ұқсастықтары мен айырмашылығын дәлелдейді, құбылыстардың ерекшелігін өмірмен байланыс-тыра алады. Ойлау дағдысының «қолдану» деңгейі және саралаудың «қарқын», «тапсыр-ма» тәсілдері арқылы іске асырылды.



««Айырмашылық мен ұқсастық» тапсырмасы бағалау түрінің

«Бас бармақ» әдісінің «Керемет!», «Жақсы!» сөздері арқылы бағаланды.

«Бірге ойлаймыз» тапсырмасында « Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау әдісінде оқушылар тартылған стикерлерге өз тілектерін жазды.

«Кім жылдам?» тапсырмасын орындалғаннан кейін, жаксы оқитын оқушылар жанындағы оқушыларға қолдау көрсете отырып бағалайды.

. Мұғалім бағалайды және оқушы өз-өзін бағалайды.



1 –деңгей тапсырмасы –«орташа»

2 -деңгей –«жаксы»

3 -деңгей –«үздік» деп бағаланады

Сабақтың соңында сынып оқушылары кері байланыстың «Бес саусақ», «3-2-1» әдісі арқылы тақырыпты игергенін, жетістіктерін, қиыншылықтарын, ең құнды мәселе қандай болды, қандай білім мен тәжірибе алды, сабақтың ұнауы, өзін сабақта сезінуі

анықталды.


Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары сақталды

Сумен жұмыс істегенде және химиялық препараттармен жұмыс кезінде

қауіпсіздік ережелері орындалды


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Сабақ бойынша рефлексия

Оқушылардың қажеттіліктеріне сай, сабақ мақсаты нақты, шынайы, қолжетімді. Белсенді оқу әдіс-тәсілдері оқыту мақсатына қол жеткізуге ықпалын тигіздірді. Сабақ барысында уақыт тиімді қолданылды, сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

жүктеу 192,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау