Сабақтың тақырыбы Жер серіктері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына


ТЖ. «Айтарым бар...» әдісі арқылы бір оқушы топтан тірек сөздер мен дәйексөздерді оқиды. Дескриптор



жүктеу 77,62 Kb.
бет4/5
Дата22.12.2023
өлшемі77,62 Kb.
#44850
түріСабақ
1   2   3   4   5
ҚМЖ қазақ тілі Жер серіктері 8-сынып

ТЖ. «Айтарым бар...» әдісі арқылы бір оқушы топтан тірек сөздер мен дәйексөздерді оқиды.
Дескриптор:

  • Бейнеролик бойынша тірек сөздер мен дәйексөздерді жазады;

ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті зымырандар арқылы жүргіземін.
Жасыл – өте жақсы жауапқа;
Сары – жақсы жауапқа;
Қызыл – орташа жауапқа беріледі.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
ТЖ. ПОПС» әдісі («4 сөйлем» әдісі) арқылы тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселені болжайды
1-топ.
Байқоңыр – ғарышқа бастар жол
2-топ
Қазақстан – ғарышты игеруде әлемдегі озық мемлекеттер қатарында
3-топ.
Қазақстан – ғарыш кіндігі.
Дескриптор:

  • мәтіннен алынған тірек сөздер мен дәйексөздерді қолданады

  • тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселені болжайды

ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті зымырандар арқылы жүргіземін.
Оқылым алды тапсырмасы
«Сұрақ-жауап» әдісі

  • Тыңдалым тапсырмасында берілген мәтінде қандай стиль қолданылды.

  • Публицистикалық стиль қайда қолданылады?

  • Мәтін жанры қандай деп ойлайсыңдар?

  • Қазақ тіліндегі стиль түрлері

Дескриптор:

  • Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті зымырандар арқылы жүргіземін
Оқылым тапсырмасы
Ж.
1. Мәтінді көз жүгіртіп оқу
2. Сканерлеп оқу
Мәтіннен тірек сөздер мен дәйексөздің астын сызып оқу
І топ
Ғарыштың кілті – ғылымда
Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана ие. Халықаралық сарапшылардың дені «сол санаулы ғана елдердің ішінде Қазақ елінің мәртебесі биік, шоқтығы жоғары» деседі. Тіпті қайсыбір сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай Қазақстан ғарыштық державаға айналуы мүмкін» деген жорамалдар да айтылып қалады... Жалпы, ғарыш айлағы жөнінде сөз етер болсақ, әлемде француздық – Куру, бразилиялық - Алькантра, американдық Си-Лонч ғарыш айлақтары көшбасшы болып саналады. Отандық ғалымдар «солардың ішінде біздің «Байқоңырдың» беделі бәрінен асқақ» дейді.
Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы белсенді үрдістердің физикасы, ғарыштану мен жұлдыздардың қозғалысы, ай мен ғаламшарлардың физикасы, спутниктерді бақылау және ақпараттық жүйелер қызметі бүгінде біздің елде біртіндеп дамып келеді. Осы мақсатта отандық ғалымдар АҚШ, Германия елдерімен тығыз байланыс орнатып, маман біліктілігін арттырып келеді. Соңғы кездері отандық ғалымдар ғарышта жиналған қоқыстардың ауқымын бақылайтын және оны зерттейтін қабілетке қол жеткізген. Институт ғалымдарының қазіргі таңдағы ең жоғары ғылыми жаңалықтары ретінде 42 сейферттік галактиканың ашылуын айтуға болады.
http://alashainasy.kz/economica/garyishtyin-klt--gyilyimda-21310/
Алаш айнасы.kz
ІІ топ
Астрономия
Астрономия грекше астрон-жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар, планеталар, планеталардың серіктері, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады.
Астрономия - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі. Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%8F
ІІІ топ
А мәтіні
Ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар
2014 жылдың жобалары өте сәтті жүзеге асты. Ғарышты толығымен танып-білу жолында бұл жыл да ерекше болмақ. Ағымдағы жылда Күн жүйесіндегі ең алыс ғаламшар Плутон туралы нақты ақпараттар алуға мүмкіндіктер болады. Америкалықтардың «Жаңа көкжиектер» (англ. New Horizons) атты ғарыш аппараты осы жылдың шілде айында аталған ғаламшар атмосферасына жетеді деп жоспарланған. Ал наурыз айында «Dawn» зонды Марс пен Юпитер аралығында айналатын астероидтар айлағындағы ең кіші ғаламшар болатын Церераға қонады. Церера – адам баласына белгісіз, сырты мұзбен қапталған астероид. Оның қыртысында табиғи тұтынуға болатын су бар болуы ғалымдар тарапынан тұспалданған. Ендеше Церера адам өмір сүруіне қолайлы мекен болуы да мүмкін. Әрине бұл жоспардағы жобалардың барлығы емес. 67Р/Чурюмов – Герасименко кометасына қондырылған «Розетта» (ағыл. Rosetta) модулінің жұмысы 2015 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Ал Virgin Galactic ғарыш аппаратының сәтсіз жарылысқа ұшырауына қарамастан жеке меншік компаниялар жобаны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен.
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24581/
Ә мәтіні
Ұшу аппараты
Ұшу аппараты — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.
Ұшу аппараттар атмосфералық және ғарыштық болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.
Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. Ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінің класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады. [1]
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D1%88%D1%83_%D0%B0%D0%BF%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B

жүктеу 77,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау