Қызметі қандай?
ІІІ. Өткенді пысықтау.
Aktivote құрылғысы арқылы тест алу
1.Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы қайсы?
А)Сол жақ шеті бойынша
B)Абзац бойынша
C) Оң жақ шеті бойынша
D) Ортасы бойынша
2.Сызығыштың көмегімен не істеуге болады?
A)Шегіністерді орнатуға
B)Түзеуді баптауға
C)Жоларалық интервалды анықтауға
D)Маркерленген тізімді баптауға
3.Гарнитура дегеніміз не?
A)Әріптің түрі
B)Әріптің мөлшері
C)Әріптің түсі
D)Әріптің мәнері
4.Кегль деген не?
A)Әріптің түрі
B)Әріптің мөлшері
C)Әріптің түсі
D)Әріптің мәнері
5.Ctrl+C пернелері тіркемесі қандай қызмет атқарады?
A)Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру
B)Бөлікті алмасу буферіне жылжыту
C)Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру
D)Құжатты дискіге көшіру
ІҮ. Жаңа сабақ.
Сендер енді -суреттерді құруды және өзгертуді,мәтін теруді,оны түзетуді және безендіруді білесіңдер.
Оқулықтың мәтініне назар аударайық.Ол көптеген безендірулермен толықтырылған.Осындай әдемі безендірілген кітапты оқу қызықты.Енді сендердің мәтіндеріңді суреттермен безендірейік!
WordPad –те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.
1 -тәсіл
Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.
2-тәсіл
Егер сендер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру => Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.
Сурет мәтіннің символы сияқты болады:
Мынау мәтіндегі сурет.
Бұл «Машина және кеме» деп аталады. Сондықтан оған мәтіннің ерекшеленген фрагментімен орындалатын жылжыту, көшіру, жою сияқты амалдарды қолдануға болады.
Бірақ, сурет - ол символ емес! Оны тышқанмен жай шерту арқылы ерекшелеуге,
ал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болады.
Қалай ойлайсыңдар, мәтінде түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек!
3-тәсіл
Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене
сурет қосуды шешсеңдер, он да Кірістіру => Paint суреті ( батырмасы) бұйрығын пайдаланыңдар. Графикалық редактордың терезесі ашылады. Сендер суретті салып болып, Paint-ті жапқанда - сурет мәтіннің ішінде болады!
Мына сұраққа жауап беріп көріңдерші: құжатқа осындай тәсілмен қосылған суретті түзетуге (өзгертуге) бола ма?
Мұндай суретті енді өзгертуге болмайтынына көз жеткізесіңдер.
Топпен жұмыс.Үш топ жаңа сабаққа постер қорғайды.Әр топ мүшелерінің топ басшысы келіп түсіндіреді.
1-топ. Алмастыру буфері арқылы кірістіру
2-топ. Суретті файлдан кірістіру
3-топ. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint - те салу арқылы кірістіру
Сергіту сәті. Тақтада берілген сөзжұмбақтың жауабын тауып,үш тілде айту керек
1.Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...
Компьютер-computer
2.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын
Тышқан-мышка-мouse
3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....
Монитор-monitor
4.Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді
-принтер-рrinter
5.Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізг
Пернетақта-клавиатура -keyboard
6.Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені
Кактус-cactus
Ү. Сабақты бекіту.
Жұппен жұмыс. Оқушылар компьютерде берілген практикалық жұмысты орындайды.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
1 тапсырма:
Paint редакторында отбасы ағашын салыңдар.
WordPad редакторында отбасы туралы қысқаша әңгіме жаз
Отбасы ағашын WordPad редакторына көшіру
2 тапсырма
1) Paint-ті іске қосыңдар.
2) Жұлдызшаның суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа "Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.
3) WordPad- ті іске қосыңдар.
4) «Мен мәтінге файлдан сурет кірісітіремін» мәтінін теріңдер.
5) Кескін батырмасын шертіңдер.
6) Жұлдызша файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.
7) Paint-ке ауысып, суретке найзағай бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.
8) WordPad-ке ауысыңдар. Мәтіндік сурет өзгерген жоқ.
Жеке жұмыс. Оқушылар компьютерде берілген практикалық жұмысты орындайды.
14 Наурыз қандай атаулы күн екенін интернет арқылы тауып,мәтінді компьютерге енгізіп,суретін қою керек.
ҮІ.Бағалау.
Оқушылардың мәтінмен жұмыс, кесте толтыру, компьютерде жұмыс жасауын саралап,әр топ бір-бірінің бағалауын ескере отырып бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
§25. Тақырыпты оқу. “Менің отбасым” тақырыбында шежіре ағашын құру.
Кері байланыс.
ББҮ кестесі бойынша оқушылардың тақырып бойынша не түсінгенін тексеру:
БҮҮ кестесі
Білемін
|
Білдім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Рефлексия
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған көңіл күйін смайлик арқылы жеткізеді.
Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп
Тақырыбы: Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.
Пән мұғалімі: Қарабаева А.
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |