Сабақтың тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу. Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 34,3 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі34,3 Kb.
#6368
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ;

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, практикалық;

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.

Пән аралық байланыс: математика.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мультимедиалық проектор, компьютерлер, Sin электрондық оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?

Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?

Формула қандай символмен басталады?

Автосумма деген не?

Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?

Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?

Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.

Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т.б. қосуға болады.



Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.



Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Мысалы, 8.12.-суретте бір аптадағы азық-түлік шығындарының дөңгелек диаграммасы берілген.

Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.



Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.

График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.

Диаграмманы құру үшін:

диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;

диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;

Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;

Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;

Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;

Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;

Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete пернесін басыңыз.

IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары және практикалық жұмыс:

1. Диаграмма деп нені атайды?

2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.



4. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.

V. Оқушыларды бағалау. 

Үйге тапсырма беру:  «Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау» конспект оқып келу.

Пайдаланылатын әдебиет: Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, С.С. Сакеева «Информатика» 10 сынып (ҚГБ). Е.Қ. Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б. Даулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ»
жүктеу 34,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау