Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың етістік шақтары туралы алған білімдерін пысықтап қайталау. Етістік шақтарын ажырата білуге үйрету; ә) дамытушылық: оқушыларды оқу материалын, ереже қорытындыларын дәлелдей алатын дәрежеге жеткізу. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту; б) тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын айта білуге, адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың формасы: жеке-топтық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, АКТ-ны қолдану, шығармашылық жұмыс, “Ғажайып бақ”,
«Шақ», «Жоғалған сөз, шешімін тап?», «Кім жылдам?». ойындары
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Қызығушылығын ояту
“Ғажайып бақ” ойыны
III. «Шақ» ойыны
IV. Дәптермен жұмыс . Тапсырма
V. Топпен жұмыс. Шығармашылық жұмыс.
VІ. «Жоғалған сөз, шешімін тап» ойыны
VIІ. Полиглот
VIIІ. «Кім жылдам?» ойыны.
IX. Cергіту сәті
X.Сабақты бекіту
Семантикалық картамен жұмыс
ХІ Қорытындылау.
ХІІ Бағалау
ХІІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу; ә) оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген жаттығуды тексеру.
а) Қызығушылығын ояту
“Ғажайып бақ” ойыны
Сұрақтар:
1Етістіктің шағы дегеніміз не?
2Етістіктің неше шағы бар? Қандай?
3Осы шақ дегеніміз не?
Қазақтың ұлттық киімдерін атаңдар
4Келер шақ дегеніміз не?
5Нақ осы шақ дегеніміз не?
6Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?
Суретке қарап сөйлем құра
7Келер шақ нешеге бөлінеді? Қандай?
8Болжалды келер шақ дегеніміз не?
9Нақ осы шақ қалай жасалады ?
10 Өткен шақтың түрлерін ата?
11 Болжалды келер шақ қалай жасалады?
12 Өткен шақ дегеніміз не?
ІІІ Оқушылармен грамматикалық ойын түрі «Шақ» ойыны өткізіледі.
Ойынның шарты: әр топ өз аттарын тауып алу керек.
Етістіктің шақтарына арналған мысалдар:
Жас қартаймақ, жоқ-тумақ, туған -өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
(Абай)
Жауабы: келер шақ
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен.
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.
(С.Торайғыров)
Жауабы: өткен шақ
Қалың орманның өрт шалған тұстары түскен тістің орнындай кетіліп, қап-қара болып опырайып тұр. Көрінген бұтаны бой таса жасап, қалаға қарай жалғыз әйел келе жатыр.
(Ғ.Мүсірепов)
Жауабы: осы шақ
IV. Дәптермен жұмыс
Тапсырма
Әр топ өз топтарының аттарын тауып алғаннан кейін мынадай тапсырма беріледі. Тапсырма: Мұғалім түбір етістіктерді хабарлап тұрады, ал әр топ оларды шақтық мағынамен айтады. Әр топ өзінің атына сәйкес сөйлейді. Жеңімпаз топқа «Жалын» деген жақсы ат беріледі.
Үлгі: Оқы, жаз, көмектес, айт, жүр.
Осы шақ
|
Келер шақ
|
Өткен шақ
|
Оқып отырмын
Күнде оқимын
|
Оқып көремін
Оқырмын
Ертең оқырмын
|
Оқып тастағанмын
Оқыдым
Оқығанмын
|
Оқушылар үлгіде көрсетілгендей етіп, жұмысын шапшаң айтып, тез жазып отыруы керек.
V. Топпен жұмыс. Шығармашылық жұмыс.
І топ ІІ топ
«Абай Құнанбаев ұлы ақын» «Ауылым-алтын бесігім»
ІІІ топ
«Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына»
(Жеңіске-70 жыл)
(Осы тақырыптарға сай шағын шығарма жазып, етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айтыңдар)
VІ «Жоғалған сөз, шешімін тап» ойыны
Оқушыларға әдебиет пәнінен өтілген поэзиялық шығармалардан етістіктері түсіріліп, үзінді оқылады. Оқушылар етістіктерді тауып айтып, өлеңнің тақырыбы мен авторын табуы қажет.
1.Сендерге .....батамды
Жауабы: 1) бердім
2) Ы.Алтынсарин «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңі
2. Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы жоталы, .....күшті.
Жауабы: 1) болса
2) Абай «Аттың сыны» өлеңі
3. Бұрынғы атамызға сыйға...... ,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар.
Жауабы: 1) берген
2) С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау..... тірі жанды.
Жауабы: 1) танымас
2) Абай «Қыс» өлеңі
5. Сағымы сайран .......
Бораны ........
Жауабы: 1) құрады, ұлып тұрады
2) М.Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі
VIІ Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек)
І топ
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!
Халық –народ-people
(Жарасқан Әбдірашев)
ІІ топ
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
(Абай)
Екі -два-two
ІІІ топ
Әркімді адам сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Заманы оны илемек.
Жаман –плохой-bad
VIIІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Тапсырма: 1) Жүр, біл, ақылдас, үйрен, жаса, тоқы етістіктерін барлық шақта жарыса жіктеу тапсырылады. Оқушылар етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп шығады. Берілген етістіктердің барлығын жаңылмай дұрыс жіктеп шыққан топ жеңіске жетеді.
IX.. Cергіту сәті
X.Сабақты бекіту
Семантикалық картамен жұмыс
|
Мысалдар
|
осы шақ
|
келер шақ
|
өткен шақ
|
1.
|
Ол жазды
|
|
|
|
2.
|
Сіз жазып отырсыз
|
|
|
|
3.
|
Сұрақ қиын болмады
|
|
|
|
4.
|
Ол сонда оқымаған
|
|
|
|
5.
|
Біз осында қаламыз
|
|
|
|
6.
|
Кітапты оқыды
|
|
|
|
7.
|
Қар жауып тұр
|
|
|
|
8.
|
Қыс суық болды
|
|
|
|
9.
|
Ол түсінген жоқ
|
|
|
|
10.
|
Ол келе жатыр
|
|
|
|
ХІ Қорытындылау
(Дәстүрлі сұрағымыз)
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін керек.
-Құлақ деген не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
- Ал етістіктің шақтары не үшін қажет?
- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына етістіктің шақтарының қосар үлесі зор. Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне етістіктің шақтары да үлкен ықпал етеді.
INSERT әдісі
ә) Кластер мен немесе топтастыру әдісі
Сонымен, етістіктің шақтары жайлы білдік?
ХІІ Бағалау (Бағалау парақшаларын жинап аламын)
ХІІІ. Үйге тапсырма
Етістіктің шақтары туралы ертегі құрастыру.
Етістіктің шақтары туралы тест жұмысын құру.
«Қыс кереметі» туралы мәтін жазып келу.
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай ?
(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді. Соңынан жинап аламын)
Достарыңызбен бөлісу: |