Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Сабақтың мақсаты



жүктеу 325,5 Kb.
бет3/5
Дата28.01.2020
өлшемі325,5 Kb.
#27512
түріСабақ
1   2   3   4   5
VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта өтілген тақырыптар бойынша өзіндік жұмыс жасадық Ал бүгін жаңадан көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері деп аталатын жаңа тақырып өтеміз.

Жаңа сабақ

Реляциялық деректер қоймасы теориясында негізгі ұғымдар мыналар: кесте, қатынас, жол(строка), баған, бастапқы және сыртқы кілттер.

Кесте жол мен бағаннан тұрады, деректер қоймасында бірегей атқа ие. Деректер қоймасы арасындағы байланыс дәл келетін өрістердің көмегімен орнатылатын көптеген кестелерден тұрады. Кестелердің бір типтегі (топтағы) қандай да бір объектілер жайлы ақпарат бар. Мысал ретінде сатып алушылардың тапсырыстарын есепке алуға арналған, екі кестеден тұратын деректер қоймасына назар аударайық: Клиенттер және Тапсырыстар.Клиенттер кестесінде сатып алушылар жайлы ақпарат бар.

Клиенттер кестесінің құрылымы



Атауы

Типі

1

Клиенттің коды

Санауыш

2

Тегі

Мәтіндік

3

Аты

Мәтіндік

4

Әкесінің аты

Мәтіндік

5

Телефоны

Мәтіндік

6

Индексі

Мәтіндік

7

Ел

Мәтіндік

8

Аймақ

Мәтіндік

9

Қала

Мәтіндік

10

Мекен жайы

Мәтіндік

11

Кәсіпорын

Мәтіндік

12

Несие

Ақшалай

13

Ескертпе

Мемо


«Бір-бірге» қатынасы

Бұл қатынас бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.

Жеке тұлғалар кестесінің құрылымы



Атауы

Типі

1




Санауыш

2

Тегі

Мәтіндік

3

Аты

Мәтіндік

4

Әкесінің аты

Мәтіндік

5

Телефоны

Мәтіндік

6

Индексі

Мәтіндік

7

Ел

Мәтіндік

8

Қала

Мәтіндік

9

Аймақ

Мәтіндік

10

Мекен жайы

Мәтіндік

11

Туылған күн датасы

Дата/Уақыт

12

Суреті

ОLE объектісінің өрісі

13

Ескертпе

Мемо

«Бір-көпке» қатынасы

Қатынастың бұл типін сипаттау ретінде бұрын қарастырылған Клиенттер және Тапсырыстар кестелерін қарайық. Кестелер арасындағы байланыс Клиент коды сәйкес өрістері мәндерінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда екі кестедегі сәйкес өрістер аттас атауға ие.

«Көп-бірге» қатынасы

Бұл қатынас қарастырылған «бір-көпке» қатынасына ұқсас. Объектілер арасындағы қатынасы типі өзіңіздің көзқарасыңызға байланысты. Мысалы , егер жасалған тапсырыс пен клиенттер арасындағы қатынасты қарастырсаңыз, онда «көп-біргең қатынасын аласыз»

«Көпке-көп» қатынасы

Аталмыш қатынас екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:

Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.

Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.

Үйге тапсырма

Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: Кесте режимінде деректерді енгізу және редакциялау

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері деп аталатын тақырыпты өткен болатынбыз? Кәне, балалар үйге берілген тапсырманы кім айтады? Деп бірнеше оқушыдан сабақ сұраймын..

Жаңа сабақ

Деректер қоймасымен жұмыс істеу кестелерге ақпараттарды енгізуден басталады. Кесте режимі қарамағыңызға қарапайым құралдарды ұсынады. Әрі қарай ондағы бар жазбаларды редакциялауыңызға болады.

6.1. Кестеге деректерді енгізу

Кестеге деректерді енгізудің ең қарапайым түрі кесте режимін пайдалану болып табылады. Бұл үшін қажетті әрекеттер бірізділігін қарастырамыз.

  1. Өзіңіз құрған деректер қоймасын ашыңыз. Егер оның аты Файл менюінің төменгі жағында болмаса, Файл│Открыть командасын орындаңыз және ашылған «Деректер қоймасы файлының ашылуы» диалог терезесінде өзіңіз құрған деректер қомасын тауып, оны ашыңыз.

  2. «Деректер қоймасы» диалог терезесінде Объекты батырмасын басып , тізімнен жоғарғы объектіні – Кестелер таңдаңыз (егер ол әлі таңдалмаса). «Кестелер» категориясы жандандырылғанда, өзіңіз құрған кестелердің тізімін көресіз.

  3. Деректерді енгізгіңіз келген кесте атына маус меңзерін орнатыңыз. Сосын маус батырмасын екі рет басыңыз немесе деректер қоймасының Открыть батырмасын басыңыз. Кестеңіз кестелер режимінде ашылады, сөйтіп, деректерді енгізуге кірісіңіз.

  4. Келесі өріске өту үшін Тab пернесін басыңыз. Берілген өріске ақпаратты енгізіңіз.

  5. Келесі өріске өту үшін Тab пернесін баса отырып, жолға ақпаратты енгізуді жалғастырыңыз. Кейбір өрістердің бос қалғанына көңіл аудармаңыз. Оларды бос қалдырып, тағы Тab пернесін басыңыз.

  6. Жазбаның соңғы өрісіне деректерді енгізуді аяқтаған соң, Тab пернесін тағы да басыңыз. Нәтижесінде келесі жазбаның басына көшесіз.


Үйге тапсырма

Кесте режимінде деректерді енгізу және редакциялау

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.

Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: Деректерді іздеу және ауыстыру

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Кесте режимінде деректерді енгізу және редакциялау деп аталатын тақырыпты өткен болатынбыз? Кәне, балалар үйге берілген тапсырманы кім айтады? деп бірнеше оқушыдан сабақ сұраймын..

Жаңа сабақ

Іздеуге кіріселік. Кәсіпкер деректер қоймасын, сосын Клиент кестесін ашыңыз. Іздеу жүргізілетін мән бойынша өріске өтіп, Правка │Найти командасын таңдаңыз. Нәтижесінде экранда «Іздеу» диалог терезесі пайда болады. Үлгі енгізу өрісінде тапқыңыз келгенді енгізіңіз. Іздеп отырғаныңызды нақты білмесеңіз де, Үлгіні қолдануға болады. Әрі қарай біз мұның қалай орындалатынын аңықтаймыз. Оң жақта Найти далее батырмасы бар. Батырманы бір рет басқанда бірінші енгізілген ізделеді. Егер өзіңіз көрсеткен мән бар табылған жазба іздеп отырған жазбаңыз болмаса, Найти далее батырмасын тағы да басыңыз. МS Ассеss көрсетілген мәнмен келесі жазбаны табады (егер, әрине, кестеде ол бар болса). Мұндай әрекеттерді жасай отырып , қажетті мән бар кестенің барлық жазбаларын көре аласыз.

Деректерді салыстыру типін көрсетіңіз

Ашылған Сәйкестік тізімі іздеу үшін енгізілген үлгілері бар деректердің салыстыру типін анықтайтын үш нұсқадан тұрады. Тізімді ашу батырмасын мауспен басыңыз және қажетті мәнді таңдаңыз.

Опция

Қызметі

Өрістің кез келген бөлігімен

Бүкіл өріс бойынша іздеуді жүргізу. Егер іздеп отырған мәніміз іздеудегі өрісте бар болса, онда іздеу жақсы аяқталады

Өріс бүтіндей

Іздеу үлгісі өрістің толық мәнімен сәйкес болуы керек, бұл іс жүзінде іздеу өрісін тарылтады.

Өріс басынан

Іздеу тек егер іздеу үлгісі берілген өрістің басында болса ғана жақсы аяқталады.


Үйге тапсырма

Деректерді іздеу және ауыстыру

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.

Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: Сұратаулар көмегімен кестеден деректерді таңдау

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректерді іздеу және ауыстыру

деп аталатын тақырыпты өткен болатынбыз? Кәне, балалар үйге берілген тапсырманы кім айтады? Деп бірнеше оқушыдан сабақ сұраймын..

Жаңа сабақ

Өткен тақырыпта іздеу мен сүзгінің қарапайым құралдарын пайдаланудың қарастырдық, ал бұл жолы деректерді таңдаудың қуатты құралы – сұратулармен таныса бастаймыз. Практика жүзінде берілген бір критерийлерді қанағаттандыратын және таңдалғандарды реттейтін жазба бөлігін таңдау жиі кездеседі. Критерийлер бірнеше шарттардың үйлесуін анықтайды. Мысалы, қандай да бір қызмет ету түрін тапсыратын және оларды алфавиттік ретте фирмалардың атауы бойынша реттейтін Алматы қаласындағы клиенттер туралы жазбаларды таңдау қажет болсын. Бұл есепті шешу үшін сұрату шеберлері, сұратулар конструкторы көмегімен:

күрделі критерийлерді бір не бірнеше кестелерден жазбаларды таңдау үшін пішімдейміз;



таңдалған жазбалар үшін бейнеленуге тиіс өрістерді көрсетесіз және таңдалған деректерді пайдаланып есептеулерді жүргізесіз.

Біз бұрынырақта деректер қоймасына қатысты жалпы жағдайларды қарастырғанбыз. Онда деректер қоймасының негізгі қызметтерінің бірі ақпараттарды тез іздеу және әртүрлі сұрақтарға жауап алу екенін ескерткенбіз. МS Ассеssте сұратуды қалыптастыру үшін сұрату конструкторы мен МS Ассеss тілінің SELECT нұсқауы қолданылады. «Үлгі бойынша сұрату» дегеніміз не? Сұратуды қалыптастырғанда берілген кестеде жазбаларды таңдау критерийін көрсетуіңіз қажет. Мұнда арнайы тілде сөйлемдерді баспадан шығару үшін сұрату конструкторының терезесінде орналасқан сұрату бланкісін толтыруға тиіссіз.

Үйге тапсырма

Сұратаулар көмегімен кестеден деректерді таңдау

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.


Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Сұратаулар көмегімен кестеден деректерді таңдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б

Оқыту формалары:жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) бағалау

Г) жаңа сабақ

Д) бекіту

Е) үйге тапсырма

Ж) қорытынды

Жаңа сабақ

Қоңырау соғылып, сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып, сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын.

Практика жүзінде берілген кестеден белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын және таңдалғандарды реттейтін жазба бөлігін таңдау жиі кездеседі. Критерийлер бірнеше шарттардың үйлесуін анықтайды. Мысалы,қандай да қызмет ету түрін тапсыратын және оларды алфавиттік ретте фирмалардыңатауы бойынша реттейтін Алматы қаласындаға клиенттер туралы жазбаларды таңдау қажет болсын. Бұл есепті шешу үшін сұрату шеберлері сұратулар конструкторы көмегімен:

  1. күрделі критерийлерді бір немесе бірнеше кестелерден жазбаларды таңдау үшін пішімдейміз;

  2. таңдалған жазбалар үшін бейнелеуге тиіс өрістерді көрсетесіз және таңдалған деректерді пайдаланып есептеулерді жүргізесіз.

Үлгі бойынша сұрату дегеніміз не?

Біз бұрынырақты деректер қоймасына қатысты жалпы жағдайларды қарастырғанбыз. Онда деректер қоймасының негізгі қызметтерінің бірі ақпараттарды тез іздеу және әртүрлі сұрақтарға жауап алу екенінескерткенбіз. Деректер базасында сұратуды құру үшін Сұратулар котегориясын жандандырып, Создать батырмасын басыңыз. Егер бір

Кестеден арты таңдасаңыз, автоматты түрде деректердің сызбасы негізінде кестелерді байланыстырады. Айталық, бізге клиенттерге қызмет көрсетуді сату жайлы мәліметттер қажет болсын. Мұндай ақпаратты алу үшін Клиенттер кестсін клиенттің аты, тегі және телефооны бар өрісті, ал қызметкөрсету кестесінен Қызмет көрсетудің атауы мен қызмет көрсету.Бағасы өрістердің, сұраныстар кестесінен қызмет көрсту жасалды мен қызмет көрсетуі үшін жасалды.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма: Сұратаулар көмегімен кестеден деректерді таңдау
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.


Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Интернет сервистері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б

Оқыту формалары:жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) бағалау

Г) жаңа сабақ

Д) бекіту

Е) үйге тапсырма

Ж) қорытынды

Жаңа сабақ

Қоңырау соғылып, сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып, сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын.

Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады төмен жылдамдықтағы телефондылардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болуы үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.

Интернетте екі негізгі хаттама қолданылады. Желіаралық хаттама (Internet Рrotokol – ІР) берілетін деректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды. Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Рrotokol ТСР) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты.

Жеке компьютерлерді (желіде олар жұмыс станциялары деп аталады) және оларды пайдаланушыларды идентификациялау екі адрес бойынша іске асырылады ; олардың бірі (домендік адрес деп аталатын) адамға, басқасы(ІР-адрес ) – компьютерге түсініктірек. Мысалы , www.relcom.ry адресі бойынша (www дегініміз – ресурс аты – World Wide Web, relkom – фирма аты, ru – Россия), Relkom желісінің Web-серверіне шығуға болады. ІР-адрес дегеніміз нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 255-ден аспауы керек) 32-биттік сан(мысалы, 49.19.81.2). Пайдаланушыға түсініксіз болғанымен, дәл осы адрес компьютермен оқылады. Интернет коммуникация әдістері мен ақпаратқа шығу тәсілдерін түр-түрімен ұсынатын болғандықтан, көп мекемелер үшін ол – ақпараттық жүйенің ажырамас бөлігі.


жүктеу 325,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау