Қазақстан тарихы 5-сынып
5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы:
Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы
|
Мектеп: №3 жалпы білім беретін мектеп
|
Уақыты: 30.11.2023
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сыныбы: 5 А
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:
|
5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: Көшпелілердің дүниетанымы туралы біледі
Басым бөлігі: Көшпелілердің дүниетанымы туралы түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: Көшпелілердің дүниетанымы туралы айқындай алады.
|
Бағалау критерийлері:
|
Көшпелілердің салт – дәстүрлері туралы біледі
Көшпелілердің салт – дәстүрлерінің маңызын түсінеді
Ұлттық ойындар туралы біледі
|
Пәнаралық байланыс:
|
География, қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихы.
|
Құндылықтарды дарыту:
|
Құндылықтар:
- патриотизм
- отансүйгіштік
- өз халқы үшін мақтаныш
- ұлттық сана – сезім
|
АКТ дағдылары:
|
Интернет, презентация.
|
Тілдік міндеттер:
|
Пәндік лексика мен терминология:
Салт – дәстүр, Наурыз, көкпар, саятшылық
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Мен келесі өзгерістерді байқадым....
Көшпелілерде ұлттық ойындардың мынадай түрлері болды.....
Менің ойымша....
|
Алдыңғы білім:
|
Көшпелілік өмірдің қалыптасуын біледі.
|
Жоспар
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар
|
Дерек көздері
|
Сабақтың басы
15 мин
|
Амандасу.
Ал қанекей оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін екендігін сұрау.
Салт-дәстүр туралы видио ролик көрсету.
Оқушыларға «Менен сұрақ-сізден жауап» әдісі арқылы жетелеуші сұрақтар қойылады
Оқушылардар бұл қандай дәстүр?
Бүгінгі күнге дейін жеткен салт – дәстүрлер қалай пайда болды?
Біз қандай салт – дәстүрлерді білеміз?
|
Слайд №1,2
Слайд № 3 https://yandex.kz/search/?text=%D0%BA%D3%A9%D1%88%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%A3%20%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BC%D1%8B&lr=162
Слайд №4
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
М Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы:
Көшпелілердіңқандай салт – дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
М Оқушылардың сабақ қызығушылығын арттыру және сабақ тақырыбына шығу мақсатында, оқушылардың назарына «Бинго» ойынын өткізу.
3 бөлім бойынша:
1. Салт-дәстүр
2. Салт-дәстүр
3.Ұлттық ойындар
1. қызыл-қасқа деп қай түлікті айтады (сиыр малын айтады)
2. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамныңалдына барып осы дәстүрді орындайды, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. Бұл- әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.
3. Нәрестені алғаш бесікке бөлеуге байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат. Бесік той
4.Аластап емдеудің түрі. Көз тиіп не суық тиіп, астан ұшынып ауырған баланы, көнекөз қариялардың айтуынша,оған қандай дәстүр орындалады?«Ұшықтау» дәстүрі
5. Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.Тұлымды көз тимес үшін қояды
6. Орта Азияны мекендеген көптеген халықтар «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп дәріптейді. Бұл мейрам Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан және т.б. елдерде кеңінен тойланады.
7. Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін затты және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан сол зат өтетіндей етіп теседі және ары қарай не жасайды? (Арқан тартыс)
8. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды
9. Олар «Тілің тез шықсын!» деп, сәбиге қойдың несін жегізеді. «Сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрайды. Сөйтіп, баладан «сөйлеймін» деген уәдесін алады.
10. Ішсе азық, кисе киім, мінсе көлік болған үй малына «көк бөрі» (қасқыр) үнемі қауіп төндірген. Мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір – бірінен ала қашып, ойын – сауық құрған. Міне, осылай «көк бөрі» деген ойын пайда болып, уақыт өте келе «көкпар» деп аталып кеткен.
11. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға ұсыну дәстүрі қалай аталады. Осы дәстүрді аламыз деп бұрындары ауыл балалары қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді. Асату
12. Бұл ойын күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай ол – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады
13. жыртқыш құстарды қолға үйретып, аңға салу өнері.
14. «Алас – алас, әр пәледен алас» деп аластаған. Отпен аластау кейінгі дәуірлерге дейін сақталған. ұшықтау
16. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Тұсау кесер
Б. Асық ойнау
17. - ежелгі парсы сөзі, «жаңа күн» деген мағынаны береді.
18. Қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Бет ашар
|
Достарыңызбен бөлісу: |