Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы; Әә дыбысы мен әріпі.
Сабақтың мақсаты; Әә дыбысы мен әріпімен таныстыру.Жазбаша түрін жазуды үйрету.Әә дыбысының жіңішке буынды сөздерде келетінін аңғарту.Ой- өрісін, тіл байлықтарын дамыту.Ұқыптылыққа , шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже;
Әә дыбысының дауысты дыбыс екенін , буын құрай алатынын біледі;
Әә әріпінің жазбаша түрін жаза алады;
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
Мәтінді оқи алады;
Сурет бойынша тірек сөздер арқылы сөйлем құрай алады;
Сөздерді үш жақта тәуелдеп айтуға қалыптасады;
Ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамытады;
Сабақтың әдісі; түсіндіру, сұрақ – жауап , көрнекілік, «ой қозғау», «топтастыру» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі; кеспе әріптер, суретті плакаттар, қызыл, көк үйлер, текшелер.
Әліппе серігі,касса.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту,
А) Психологиялық дайындық;
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын!
Сейсенбінің күні,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын!
ә) «Ой қозғау» стратегиясы:
Дидактикалық ойын; «Мен қай үйде тұрамын.»
Мақсаты; өткен әріптерді еске түсіру. Мысалы: қызыл, көк текшелерін дыбысты естігенде көтереді.О- қызыл текше,М- көк текше;
ІІ. Мағынаны тану:
А) Үйге берілген тапсырманы тексеру:
1)Өткен сабақта қай әріппен таныстық?
Іі дыбысы мен әрпі.
2)Қане сол Іі дыбысына сөздер ойлайық.
3)Іі дыбысы , қандай дыбыс?
Дауысты дыбыс.
ә) Жаңа сабақ:
Жұмбақ жасыру:
Таныстырған әріппен,
Мынау кітап Әліппең.
«Әліппе» деген аты оның,
Қай әріптен басталған?
Жауабы: Әә әріпінен.
Әкең, әжең, әлемің,
Ә-мен әсем,әдемің,
Ә-сіз аты аталмас,
Әділеттің, Әменнің.
Сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
Жауабы: Әә дыбысы.(хормен айтқызу) (ә әріпін көрсету)
Әә дыбысы қандай дыбыс?
Жауабы: Жіңішке дауысты дыбыс.(қызыл текшемен белгілейміз.)
Әә дыбысын қай үйге кіргіземіз?
Алфавиттегі орнын анықтаймыз.(кеспе ә әріпін салу.)
Б) «Топтастыру» стратегиясы:
Әткеншек әке
Әшір
Әтеш
Ән әже
В) Сергіту сәті (қимылмен)
Айгөлек- ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезінде
Би билейміз дөңгелек.
Г) Оқулықпен жұмыс.
Әтеш – сөзіне дыбыстық талдау.
Шардағы буындарды оқу.
«Әнші» мәтінін оқыту, хормен оқыту.
Сөздерді үш жақта тәуелденіп тұрғанына назар аударту.
Сызба бойынша тірек сөздер арқылы сөйлем құрату.
Ғ) Дәптермен жұмыс:
1 ) Сергіту сәті.(қолға жасау. )
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз!
2) Ауада жазу
3) Кішкентай ә әрпін жазып үйрену.
Д) Дидактикалыық ойын: «Әріп тастамақ».
Мысалы: М – дауыссыз дыбыс. Моншақ.
О – дауысты дыбыс. Ою. Т.б.
Е) Тақтамен жұмыс: әже,сән,дән,ән,әл.
ІІІ. Ой толғаныс:
А)Қорытындылау.
Бүгін қандай әріппен таныстық,қандай дыбыс?
Тақтаға Ә әріпінің кішкене түрін жаздыру.
Ә) Дидактикалық ойын: «Дыбысты тап».
Үлгі: Мен дыбысты әндетіп айтамын ә дыыбысын естігенде шапалақтаймыз.м-м-м-о-о-о-т- т- т-с-с-с-ә-ә-ә-ы-ы-ы-і-і-і-ә-ә-ә-л-л-л-ә-ә-ә.т,с,с.
Б) Оқушыларды мадақтау.(жұлдызша үлестіру.)
Г) Үйге тапсырма; Әә дыбысы мен әрпі.
Сабақ аяқталды.Сау болыңдар.
Туремуратова Турсынгуль Токтарбаевна
СоналыЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Соналы жалпы орта білім беретін мектебі.
Өткізген: Туремуратова Т.Т.
2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |