Сабақтың тақырыбы: «Дизайн қаласына саяхат»



жүктеу 62,66 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі62,66 Kb.
#15852
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Композициялық әдістер.

Пейп-арт техникасы



Сабақтың мақсаты:

Композиция туралы терең мағлұмат алу. Пейп-арт техникасымен жұмыс

істеп үйрену.
Білімділік:

пейп-арт техникасына материалды дайындау, сәйкес эскиздердің

суретін салу.

Дамытушылық:

Оқушылардың игерген композициялық ұғымын дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларды табандылыққа, жауапкершілікке дағдыландыру.



Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс
Сабақ көрнекілігі : пейп-арт техникасымен жасалған жұмыстар,ою- өрнек түрлері, слайд.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: салфетка қағазы, қайшы, ПВА желімі, бос ыдыстар.

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақ

  4. Топпен жұмыс

  5. Сергіту сәті

  6. «Сен-маған, мен-саған». Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

  7. «Ойлан,тап!» тест сұрақтары

  8. Қорытынды

  9. Үйге тапсырма


I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгелдеу, үйірме журналына белгілеу

2. Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеру

3.Кабинеттің тазалығына көңіл аудару

4.Оқушылардың ынтасын жаңа сабаққа аудару.

5.Топқа бөлу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:




  1. Ырғақ деген не?

  2. Композиция дегеніміз не?

  3. Симетрия дегеніміз не?

  4. Ассиметрия деген не?

  5. Статика және динамика деген не?


ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе:
Бүгінгі композиция сабағы бойынша пейп-арт техникасымен сурет салуды үйренеміз. Алдымен жалпы композиция туралы, оның әдістері жөнінде түсінік алайық.

Композиция – шығарманың негізі десекте болады. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым. Мысалы: жазушы өз ойын айшықты тілмен айта білсе, сазгер – әуен ырғағымен, ал суретші– өрнек, форма, бояу үйлестігімен жеткізеді. Яғни, кез келген суретші өз ойын баршаға ұғынықты, тартымды жеткізу үшін суреттің композициялық жүйелеу мәселесіне көп көңіл аударады.

Композицияның әртүрлі әдістері болады. Мысалы: мына өрнектер ырғақты әдіспен бейнеленген. Бұл ырғақты өрнектер қайталану әдісімен бейнеленген. Бұндай ырғақты өрнектер біздің ұлттық бұйымдарда: кілем, сырмақ, ши бұйымдарында көп кездеседі. Ал, енді белгілі бір қозғалыстағы судың толқынына ұқсаған ирек өрнектер, бір-біріне ілескен бейнелер динамикалық әдістегі композиция деп аталады.

Егер екі бейне бір-біріне қарама-қарсы бейнеленсе, бұл – статикалық әдістегі композиция деп аталады. Мысалы: дөңгелек немесе геометриялық фигуралар ортасына тепе-тең орналасқан өрнектерді симметриялық әдістегі композиция деп білуге болады. Ал, енді жоғарыда айтылған, тепе-теңдік, ырғақты, қозғалысты, қарама-қарсы бейнелер, композициясын қолданбай-ақ, бейнелердің қағаздың бір жақ бөлігіне орналасуы – ассимметрия деп аталады. Бірақ бұлбейнелердің дұрыс орналасуы мен бояу түсінің үйлесімді боялуы композицияның орнықты, жүйелі екенін көрсетеді. Біз барлығымызда композиция сабағында белгілі бір тақырыпта сурет сала аламыз және жоғарыда айтылған композициялық әдістерді қолданып та жүрміз. Егер осы композициялық әдістерді сабақта қолданып, түсіне отырып салсақ, тақырыпты сурет салудың белгілі бір бағыттағы нақты идеясын жеткізуді және бейнелеу өнерінен сауатты сурет салуды үйренгендерің көрінеді.

Ол үшін композиция ережесін үнемі есте сақтауымыз керек. (Көрнекілікке назар аудару).


Енді бүгінгі композиция сабағының негізгі тақырыбы – пейп-арт техникасына назар аударамыз. Пейп-арт – ағылшын тілінен аударғанда-”Қағаз өнері” деген сөзді білдіреді.Шиыршықталған салфетка қағазынан белгілі бір жазықтық бетіне (ағаш, темір,шыны,керамика ыдыстарына,қатырма қағазына, ДВП ) желімдеу арқылы орындалатын өнер.Авторы Татьяна Аксентьевна Сорокина
Татьяна Аксентьевна Сорокина 1956 жылдың 1 мамырында туылған.

Суретші,ақын украйнаның оңтүстігіндегі Николаев қаласында тұрады.Балалар мен ересектерге арналған ”Әдебиет” және “Акварель” студияларының жетекшісі.


Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік: 


1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама. 
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
 
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
 
4. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
 
5. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.
 
IV. Топпен жұмыс:

Шиыршықталған майлық қағазынан белгілі бір жазықтық бетіне (ағаш, темір,шыны,керамика ыдыстарына,қатырма қағазына, ДВП ) желімдеу

арқылы орындалатын өнер.

1.Салфетка қағазын шиыршықтау тәсілі

2.Шыны ыдысқа жасау тәсілі

3.Шиыршық қағаздарды жабыстыру тәсілі

4.Қара түске бояу

5.Алтын түске бояу

6.Лак жағу
V. Сергіту сәті

Балалардың шаршағаны байқалған жағдайда “Cылақшы” атты сергіту сәтін жүргізуге болады. Балалар сылақшыларға айналып, оң қолдары қылқаламның рөлін атқарады.


Саусақтары қылқаламның қылдары болады, олар жұмсақ және тығыз. Сонан соң қылқаламды бояуға малып алып, толқынды қимылмен қабырғаны жоғары-төмен бояп, бейнелейді. Қолдары шаршаған кезде қылқаламды сол қолға ауыстыру керек.

VI.«Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне сұрақтар қояды.

Мақалдың жалғасын тап.


1.Өнерлінің он саусағы тең .... (Өнерсіздің бір саусағы кем.)


2.Еңбексіз өмір жоқ ... (Ауырсыз жеңіл жоқ)
3. Шын шеберде … (мін жоқ)
4. Жаңбырменен жер көгерер ....(еңбекпенен ел көгерер)
5. Еңбек өмірді ұзартады ... (ұят бетті қызартады)
6. Еңбегіне қарай құрмет ... (жасына қарай ізет)
7. Өмір үйретеді ... .(еңбек ширатады)
8. Өрнегі көптің .... (ермегі көп)
9.Еңбек қылсаң ерінбей, тояды ... (қарның тіленбей)

10.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ...(көзі мерген)


VII. «Ойлан,тап!» тест сұрақтары

  1. Бақша (өсімдік, ит, шарбақ, жер, бақша күтуші)

  2. Өзен (жаға, балық, балықшы, су, су шөптері)

  3. Қала (авто, ғимарат, топ, көше, велосипед)

  4. Қора (ат, шатыр, қабырға, мал, шөпқора)

  5. Куб (бұрыштар, сызба, тас, ағаш, қабырға)

  6. Жүзік (диаметр, гауһартас, проба, дөңестік, алтын)

  7. Оқу (көз, кітап, мәтін, көзәйнек, сөз)

  8. Газет (шындық, оқиға, сөзжұмбақ, қағаз, редактор)

  9. Ойын (кітаптар, ойыншықтар, фишкалар, жазалау, ереже

  10. Кітап (сурет, әңгіме, қағаз, мәтін, бастама)

VIII. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жасаған бұйымдарын тексеру,бұйымдардың сапасын анықтау соған қарап бағалау.

Осы еңбектің барлығын жисақ байлық, берсек тәуір сыйлық, сатсақ теңге, бір сөзбен айтқанда сән – салтанат емес пе?

IX. Үйге тапсырма:


Шыны ыдысқа пейп- арт тәсілімен өрнекті композиция жасап келу.
жүктеу 62,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау