Пәні: информатика
|
Сынып: 8 «А»
|
№28 сабақ
|
мерзімі
|
09.04.2016
|
Пән мұғалімі
|
Бекботаева Анапия Асановна
|
Сабақтың тақырыбы
|
Диаграммаларды құру, редакциялау және пішімдеу
|
Жалпы мақсаты
|
MS.Excel –де графикалық объектілермен жұмыс жасауға, диаграмма құруға үйрету. Диаграммада берілген мәліметтерді салыстыра отырып, анализ жасауға дағдыландыру
Оқушыны ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйесіне тәрбиелеу,
|
Оқу нәтижелері
|
MS. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері туралы жалпы мәлімет алады;
Диаграмма ұғымының мағынасын, бөліктерін, типтерін басқаларынан айыра біледі;
Берілген мәліметке сәйкес типін таңдап құрады және диаграмманың жеке элементтерін, кестеге кірістірілген басқа графикалық объектілерді форматтайды.
Мәліметтерді салыстырып анализ жасай біледі.Оқушылардың сөздік қоры жаңа терминдермен толығады.
|
Түйінді идеялар
|
Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.Топпен жұмыс- ортақ пікірге келу, өзінің және өзгенің әрекетіне талдау жасау
|
Ресурстар
|
АКТ, ақ парақшалар, стикер, маркерлер, интерактивті тақта, карточкалар
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа сабақ
|
Сабақтың формасы
|
Топтық, жеке
|
Жаттығулар
тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Стратегиялар немесе әдіс- тәсілдер
|
Қызығушылығын ояту
Ынтымақтастық атмосферасын құру
- ұйымдастыру
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
5мин
|
Амандасу.
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Фигуралар бойынша топқа бөлу :
Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.
Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысы -ның шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар
Шеңбер таңдағандар қарым-қатынасты жоғары бағалайтын,
өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, әңгіме айтқанды ұнатады, тез шешім қабылдай алмайды, достары мен таныстары көп жандар.
3 топқа ат беріледі. (монитор,жүйелі блок, пернетақта)
|
Орындарынан тұрып, бірінші жүрегін ұстап, оң және сол қолдарын көтеріп, қол соғады.
- 3 топқа бөлінеді;
- Ынтымақтастық орнайды, жақсы көңіл –күймен орындарына отырады.
- Топ ережесін үнемі басшылыққа алады.
|
Психологиялық дайындық
ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс
|
Үй тапсырмасы
Ой қозғау
5 мин
|
Ұяшықтарды таңдау.
1. Microsoft Excel кестелік процессоры қалай іске қосылады? (Пуск-Программы- Microsoft Excel)
2. Excel-97 кестесіндегі бағандар саны қанша болады? (256)
3. Электрондық кестеге формулалар қандай белгішемен басталып жызылуы керек? (=теңдік белгісінен кейін)
4. А1мен С3 аралығындағы мәндердің қосындысын есептеуге арналған функцияны көрсетіңіз: (СУММ (А1:С3).
5. Электронды кестенің бағаналары әдетте қалай белгіленеді? (латын әріптерімен)
6. Ең бірінші электрондық кестелер қай жылы пайда болды? (1980)
|
Оқушылар ойланады.
Пікірлердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды, график тұрғызады.
Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады, көз жеткізеді.
|
«Болжау» стратегиясы
Сұрақ-жауап
Миға шабуыл
|
Мағынаны таныту
(оқушылар жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады)
5 мин
Топтық жұмыс
10 мин
|
Жаңа сабақ. «Болжау» стратегиясы арқылы басталады. Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсетіп, мынадай сұрақтар қойылады:
1. Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?
2. Қандай тақырып маңайында өрбиді?
3. Диаграмманы қандай мақсатта қолданады?
Диаграмма туралы тарихи мәліметтерді слайд арқылы беру.
3-топқа 1 сұрақ беріледі.
«MS.Excel-дің графикалық мүмкіндері.Диаграмма құрудың пайдасы, қолданылуы,мүмкіндіктері?»
|
-Оқушылар тыңдайды, қажет болса жазады;
-білуге деген құлшыныстары оянады
-ынталары артады;
-жаңа ұғымдармен танысады;
- ой түйіндейді
-Дәптермен жұмыс жасайды
-Оқушылар сұхбаттасады;
-Тыңдалым барысындағы мәліметтерді талқылайды,
-ой бөліседі
-Оқушылар постермен жұмыс жасайды.
|
АКТ
Түртіп алу стратегисы
|
Ой- толғаныс:
15 мин
|
Бекіту:
- АКТ пайдаланып өздері практикалық тәжірибесімен ұштастырып жұмыс жасайды.
-Оқушылардың ойларын жинақтап, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыруға бағыттайды.
Тапсырма:
1. Ms Excel бағдарламасын іске қос
2. Кестені толтыр
3. Осы кестеге гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.
«Қазақстан халқы ның ұлттық құрамын анықтау»
|
-Әр топ кезекпен жаңа сабаққа толық анықтама беріп айтады;
-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
-синтез, бір-бірімен ой бөліседі;
-Оқушылар сұхбаттасады, сұрақтар қояды;
-Қателіктерін түзейді
|
АКТ
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық)
|
Қорытынды Рефлексия
Бағалау
5мин
|
«Компьютер» сөзін кубизм стратегиясын қолданып, салыстырады, зерттейді және қолданысын айтады.
|
Әр топқа қандай стратегия түседі, сол бойынша жауап береді.
|
Кубизм әдісі
-салыстыр
-қолдан
-зертте
|
Тапсырмалар
|
§31 112-113 бет
|
Күнделіктеріне жазады.
|
Түртіп алу
|