21.11.145ж. Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дененің импульсі. Материалық нүктенің импульстерінің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға күш импульсі, дене импульсі, қозғалыс мөлшері жөнінде түсініктер беру. Импульстің механикадағы рольін және оның түрлерінің өзара әсерлесу уақытына байланыстылығын сонымен қатар тұрмыста, практикада қолданатындығын түсіндіру.
2. Импульстің заңдарының басқа заңдардан айырмашылықтарын салыстыра білу қабілеттерін дамыту. Импульстің сақталу заңдарын пайдаланып, физиканың айла тәсілдерін қолдана білуге дағдыландыру.
3. Импульстің заңдарын пайдаланып, еліміздің жаңа техникаларын игеруге деген құштарлықтарын арттыру және мамандыққа бағдарлау.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, доп, 2 машина, гірлер, 5шар, жіп, 2 штатив, 2 сым, сызғыш.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап.
Практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі : білім мен дағдыны тиянақтау, жүйелеу сабағы;
Сабақ әдісі : Блум таксономиясы.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, слайдтар, сәйкестендіру, тапсырмалар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин.)
1). Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.)
Б.Блум жүйесі «Оқыту – екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады:
1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (бұрынғы білімді еске түсіру) (5 мин)
«Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)
2. Түсіну – тезаурустық деңгей (алған білімді пысықтау) Мәселені шеш! (10мин)
«Ел ертеңі білімді ұрпақ»; Оқулықпен жұмыс.
3. Қолдану – методикалық деңгей. (алған білімді өмірде қолдануға үйрету)
(10 мин.) Жасырын әріптерді тап! «Физикалық эстафета ойыны» Сәйкестікті анықта.
4. Талдау (анализ) – технологиялық деңгей (Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешу). (10 мин.) Тез есептей білеміз бе? «Есептеу – білімді еселеу»; «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары) «Физикалық дуэль»
5. Жинақтау (синтез) – зерттеушілік деңгей (жалқыдан жалпыға, жеке бөлшектерден жаңа дүние жасау). «Өтілген тақырыпты бекіту» (5 мин.) Тест.
ІІІ. Қорытындылау бөлімі (2 мин.) Рефлексия
IV Бағалау (2 мин.)
V Үйге тапсырма (1 мин.)
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу , сабаққа ынтасын аудару; Сабақтың мақсатымен таныстырып, нұсқау беру.
ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.)
Б.Блум жүйесі «Оқыту – екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады:
1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (5 мин)
«Миға шабуыл» (бұрынғы білімді еске түсіру);
Күш дегеніміз не және қандай шама?
Қандай күштерді білесің?
Ньютонның І, ІІ, ІІІ заңдарының мәні неде?
Дененің массасы нені сипаттайды?
Жылдамдық нені сипаттайтын шама?
Қозғалысты қалай түсінесің?
2. Түсіну – тезаурустық деңгей (Жаңа білім алу) Мәселені шеш! (10мин)
«Ел ертеңі білімді ұрпақ»; Жаңа материалы меңгеру.
Қозғалыстың масса m және жылдамдыққа υ тәуелділігін сипаттайтын шама дене импульсі немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.
(1) []
Достарыңызбен бөлісу: |