Сабақтың тақырыбы: «Бала Тұрар»



жүктеу 1,27 Mb.
Дата14.06.2020
өлшемі1,27 Mb.
#30758
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі



Беденова Гүлшырын Бектұрғанқызы




«Бала Тұрар»
Сабақтың тақырыбы: «Бала Тұрар»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автор туралы мәлімет беру. Мәтіннің мағынасын талдай отырып, Тұрар Рысқұловтың балалық шағы туралы білімін молайту.

Дамытушылығы. Оқып, ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге ойын тұжырымдай білуге қасиетін дамыту.

Тәрбиелігі. Оқушыларды отансүйгіштікке, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Автордың суреті, шығармалар көрмесі, Т.Рысқұловтың суреті.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.
ІІ. Үй жұмысын сұрау. Өткенді пысықтау.

«Ұяшық таңдау» Сұрақ-жауап.

1-ұяшық. Қария неге өзін қауіп-қатерге тікті?

2-ұяшық. Біз өтіп жатқан тарау қалай аталады?

3-ұяшық. Қазақ халқының қонақжайлылығы туралы айтылған тұстарын тауып оқы.

4-ұяшық. Мәтіндегі оқиға болған оқиға ма, әлде аңыз ба?

5-ұяшық. Шалдың бойынан қандай қасиетті байқадың?

6-ұяшық. «Қазан құлағын көтеру» тіркесінің мағынасын айт.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Табиғатта мұңайып отырған баланың суреті көрсетіледі.



  • Суретте кімді көріп тұрмыз?

  • Балаға мінездеме беріп көрейік.

  • Иә, балалар, біз бұл суреттен жаз мезгілін және ойланып отырған баланы көріп тұрмыз. Бұл баланың есімі Тұрар.

  • Ал, Тұрар деген қандай бала екенін және мұңайып отырғанының себебін жаңа мәтінді оқу арқылы түсінетін боламыз.

  • Алдымен «Бала Тұрар» мәтінін жазған жазушымен танысайық.



Ш.Мұртаза Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылында дүниеге келген. Әкесі 1937 жылы «Халық жауы» болып ұсталып кеткендіктен жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып өскен. Ауылдағы мектептен соң Жамбылдағы (қазіргі Тараз) интернатта оқыған. 1955 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.

Қазақстанның халық жазушысы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Белгілі қоғам қайраткері.



Сондай-ақ, егеменді еліміздің көптеген наградаларының иегері. Бірнеше рет Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.


Кіріспе әңгіме.

Т.Рысқұлов 1894 жылы Жетісу облысы, Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында (Қазіргі Алматы облысы аумағы) дүниеге келген. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады. Жастайынан Тұрар жалшылықта жүріп, байлардың малын бақты. 1907 жылы Қырғызбаев деген жалған тек алып, Меркедегі бұратаналарға арналған орысша-қазақша бастауыш мектепке түседі. 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінде оқиды. 1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер институтына қабылданады. Бірақ оны аяқтай алмайды. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалып, Т.Рысқұлов соған белсене қатысады.


Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді әңгімелеу.

ә) Сөздікпен жұмыс.

б) Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту.


Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім.

Төмен қарап жер көрдім.

Былай-былай бұрылып,

Егеменді ел көрдім.
Дәптермен жұмыс.

«Жоқ, шынтақ жеңнен жылтылдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген екен Ломоносов.


Түсініктемемен жұмыс.

«Портрет» дегеніміз не?


IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Балалар, әңгіменің басты кейіпкерлері кімдер?

  • Тұрар мен Атамырза.

  • Енді екеуіне Венн диаграммасы арқылы мінездеме беріп салыстырайық.



V. Үйге тапсырма. «Бала Тұрар» әңгімесінің мазмұнын айту. Тұрар Рысқұлов туралы қосымша мәліметтер іздеу.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау