Жүгеріні жиі пайдаланатын болсаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Оған қоса, жүгері жүрек қантамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізіп, теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, қартаюдан сақтайды. Құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына көмектеседі.
Ал бетіңізге жүгері маскасын жасар болсаңыз, ажарыңызды келтіріп, теріңізді ағартады.
Мамандардың айтуынша, бауыр ауырса, жүгері шашағын немесе талшығын пайдалану керек. Ол түйір дәріден әлдеқайда пайдалы. Бұл үшін алдымен жүгері сабағын қабығынан және жапырақтарынан айырып алыңыз. Содан кейін шашақтарды қайнаған суға демдеп, шай тәрізді ішіңіз. Емдеу мерзімі науқастың жағдайына қарай кейде жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал еміңіз ойдағыдай әсер ету үшін жүгері собығы пісіп-жетілген болуын қадағалаңыз. Өйткені, піспеген жүгерінің емдік қасиеті болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |