Пәнаралық байланыс:
|
Әлеуметтану
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
PowerPoint таныстырылымы, аудио мәтін
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар:
Тізбекте берілетін бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерін (қос нүсте, нүктелі үтір) қолдану.
Пән лексикасы және терминология:
Жоспарлау, шаруа, шұғыл, бой жазу, сүйену, ұстану, ауытқу.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Біздің ойымызша, _______________. Мәтіндегі жауапта «_______» келтірілген.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
«Мерейтой – өмірдің жаңа белесі» тақырыбындағы ресми құттықтау хатты жазды. Шырай түрлерімен танысып, қолданды.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақ басы
10 мин
|
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.
Сурет бойынша топтарға бөліну
Тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:
Не себептен адам өз өмірінде мақсат қоюы тиіс?
Мақсатқа жетуде не көмектеседі?
Жоспардың ішіне не жазылады?
Сенің алға қойған мақсатың бар ма?
|